Талдықорған: +28°C
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Төртінші рет түлеген театр тойы

26.05.2026
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Төртінші рет түлеген театр тойы
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу жерінде соңғы жылдары жақсы дәстүр қалыптасты. Ол әр жыл сайын театр өнерінің майталмандары мен көрермен қауымды бір арнаға тоғыстыратын «BIKEN FEST» Халықаралық фестивалі. Театр өнерінің дамуына серпін беріп, шығармашылық ұжымдардың тәжірибе алмасу алаңына айналған фестиваль биыл да өз жалғасын тауып, Талдықорған төрінде төртінші рет шымылдығын түрді.

Облыс әкімінің қолдауымен өткен биылғы фестивальдің ашылу салтанаты да ерекше әсерге толы болды. Театр ғимаратына жиналған көрермендердің жүзінен өнерге деген құрмет пен мерекелік көңіл-күй анық сезілді. Әр тараптан келген театр қайраткерлері, режиссерлер, актерлер мен мәдениет саласының өкілдері бұл күнді үлкен рухани мереке ретінде қабылдады.

Фестивальдің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов қатысып, кеш қонақтарын құттықтап, өңірде мәдениет пен өнерді дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

– Жетісу өңірі осымен төртінші жыл қатарынан театрдың дәстүрлі мерейлі мерекесін өткізіп отыр. «BIKEN FEST» фестивалі алғаш рет 2023 жылы Қазақстанның Халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, Жетісу өңірінің мәдени имиджін нығайтатын маңызды жобаға айналды. Осы 4 жыл ішінде бұл іс-шараға 6 мемлекеттен және еліміздің өңірлерінен барлығы 36 театр қатысты. Биылғы жылы Түркия, Грузия, Өзбекстан мемлекеттерінен және ел аймақтарынан 8 өнер шаңырағы келіп отыр, – деген ол өткен жылы театрға академиялық мәртебе берілгенін мақтанышпен айтып, өнер мерекесіне жиналған барша театр ұжымына шығармашылық шабыт және толағай табыс тіледі.

Мерекенің ашылуы көрермендерге тек фестивальдің басталғанын хабарлап қана қойған жоқ. Ол театрдың қоғам өміріндегі орнының ерекше екенін тағы бір мәрте айқындады. Өйткені сахна – адам тағдыры мен қоғамның тынысын бейнелейтін, халықтың жан дүниесін тәрбиелейтін рухани мектеп.

25-29 мамыр аралығында өтетін фестиваль аясында көрермендерді сан түрлі тағдыр, сан алуан мәдениет пен сан қырлы шығармашылық ізденістер күтіп тұр. Өнер мерекесі тағы да театрдың тіл мен шекара таңдамайтын, адам жүрегіне жол табатын құдіретті күш екенін дәлелдей түспек.

Бес күн бойы театр сахнасында Түркияның Painted bird театры, Өзбекстанның Қашқадария облыстық музыкалық драма театры, Грузияның И. Чавчавадзе атындағы Батуми мемлекеттік драма театры, Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры, Жастар театры, Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры, Түркістан музыкалық драма театры, Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры өнер көрсетеді.

ТАҚЫРЫПҚА ОРАЙ:

Котэ МЖАВИА, Илья Чавчавадзе атындағы Батуми мемлекеттік драма театрының көркемдік жетекшісі, директоры :

– Бұл фестивальге алғаш рет қатысып отырмыз. Мұндай өнер алаңының қаншалықты маңызды әрі қажетті екені айтпаса да түсінікті. Фестиваль аясында көрермен назарына «Джазда тек қана қыздар» атты музыкалық қойылымын ұсынбақшымыз. Мұндай шығармашылық кездесулер әр елдің театр ұжымдары арасында тәжірибе алмасуға, өнер арқылы рухани жақындасуға мүмкіндік береді.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Душанбеде Орталық Азия елдерінің су ресурстарын басқару мәселесі қаралды

Душанбеде Орталық Азия елдерінің су ресурстарын басқару мәселесі қаралды

26.05.2026
Заңнамалық өзгеріс: Ұлттық мүдденің маңызды институты қалыптаспақ

Заңнамалық өзгеріс: Ұлттық мүдденің маңызды институты қалыптаспақ

26.05.2026
Қаланың жаңа келбеті

Қаланың жаңа келбеті

26.05.2026
Құрбан айт қағидалары түсіндірілді

Құрбан айт қағидалары түсіндірілді

26.05.2026
Көңіл толқытқан кеш

Көңіл толқытқан кеш

26.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.