Талдықорған: +22°C
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Мектеп оқушылары мен студенттер жазда жұмыс істей алады

26.05.2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
Мектеп оқушылары мен студенттер жазда жұмыс істей алады
WhatsAppTelegramFacebook

Жазғы демалыста мектеп оқушылары мен студенттер алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтап, өз бетінше табыс таба алады. Бүгін Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифинг дәл осы тақырыпқа арналды. Кездесуде Талдықорған қаласының мансап орталығы филиалының директоры Азамат Болатбеков қала жастарын жұмыспен қамтудың жолдары мен мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Талдықорған қаласында жыл басынан бері 5760 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Оның ішінде 1210 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылса, 550 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Ең маңыздысы, жұмыс іздеп жүргендердің 800-ден астамы жастар. Осы орайда, жазғы уақытта жастардың бос отырмай, еңбекке араласуы үшін бірнеше бағыт ұсынылып отыр.

Брифинг барысында Азамат Болатбеков жазғы кезеңнің маңыздылығына тоқталып:

«Жазғы демалыс кезеңі – оқушылар мен студенттердің бос уақытын тиімді пайдаланып, алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтайтын маңызды уақыт. Осыған орай, біздің орталық жастарды жұмыспен қамту бағытында бірқатар шараларды жүзеге асырып келеді. Яғни жұмыссыз жүрген жастар тұрақты әрі уақытша жұмыспен қамтылуда», – деді орталық директоры.

Жастар арасындағы ең танымал бағыттардың бірі – қоғамдық жұмыс. Аталмыш бағыт бойынша жастар қала мен ауылды абаттандыруға, әлеуметтік мекемелерде көмек көрсетуге, мәдени және білім беру ұйымдарындағы істерге тартылады. Ол жұмыстың басты артықшылығы – тұрақты жалақы. Азамат Болатбековтың айтуынша, жұмыс уақыты стандартты 8 сағатты құрайды.

«Бұл бағытта айлық жалақы 103 800 теңге көлемінде белгіленген, ал барлық аударымдардан кейін жастардың қолына нақты 83 000 теңге тиеді. Мұндай жұмыс жастардың жауапкершілігін арттырып, еңбекке деген құрметін қалыптастырады. Табиғатты қорғауға жаны жақын 16 мен 35 жас аралығындағы жастар үшін «Жасыл ел» бағдарламасы таптырмас мүмкіндік. Бағдарлама аясында жастар орманды қалпына келтіру, ағаш отырғызу, саябақтарды көгалдандыру және түрлі экологиялық акцияларға қатысады», – деп атап өтті спикер..

«Жасыл ел» жасақтары маусым айынан тамызға дейін жұмыс істейді. Мұндағы жалақы мөлшері 85 000 теңгені құрайды, оның қолға тиетін таза мөлшері – 64 565 теңге. Бағдарлама тек табыс қана емес, сонымен бірге жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да үлкен септігін тигізеді.

Тек мектеп оқушылары емес, ЖОО мен колледж түлектері де назардан тыс қалмады. Олар үшін «Жастар практикасы» бағдарламасы жұмыс істейді. Алғашқы кәсіби тәжірибе жинақтаған жастарға жалақыны мемлекет төлейді. Сонымен қатар, жаңа мамандық меңгергісі келетіндер үшін 3 айдан аспайтын қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары бар. Оқу барысында қатысушыларға стипендия төленетінін де айта кеткен жөн. Ал өз ісін ашқысы келетін жұмыссыз жастар мен әлеуметтік осал топ өкілдері үшін 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттар қарастырылған.

Мансап орталығы халыққа барынша жақын болу үшін түрлі форматтарды қолдануда. Биылдың өзінде Талдықорғанда 3 ірі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, оған 500-ден астам адам қатысқан. Тіпті қаладан шалғай жатқан Еркін және Өтенай ауылдық округтеріне арнайы жылжымалы орталықтар барып, 50-ден астам тұрғынға кеңес берді.

Брифинг соңында Азамат Болатбеков:

«Талдықорған қаласының мансап орталығы әрбір азаматтың тұрақты жұмыс тауып, кәсіби тұрғыда өсуіне сенімді серіктес болады. Құрметті жастар, сіздерді осы игі бастамаларға белсенді қатысуға шақырамын. Еңбекке баулу – болашаққа салынған инвестиция», – деп қала жастарына үндеу тастады.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Жетісу футзалының соңы ма? Қаржылық қиындық

Жетісу футзалының соңы ма? Қаржылық қиындық

26.05.2026
Өнеркәсіп және құрылыс саласына жасанды интеллект технологиялары енгізілуде

Өнеркәсіп және құрылыс саласына жасанды интеллект технологиялары енгізілуде

26.05.2026
Дәстүрлі қолөнер шеберлеріне 5 миллион теңгеге дейін грант беріледі

Дәстүрлі қолөнер шеберлеріне 5 миллион теңгеге дейін грант беріледі

26.05.2026
Мектептерде БЖБ мен ТЖБ жүйесі біртіндеп жойылуы мүмкін

Мектептерде БЖБ мен ТЖБ жүйесі біртіндеп жойылуы мүмкін

26.05.2026
Мектеп оқушылары мен студенттер жазда жұмыс істей алады

Мектеп оқушылары мен студенттер жазда жұмыс істей алады

26.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.