Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мәртебелі мейманды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі күтіп алды. Рәсім барысында Ресей басшысының құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшақтары аспанда Ресей туын бейнелейтін ақ, көк және қызыл түсті жолақтардан із қалдырды.

Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты шарада Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.






