Қазақстан мен Ресей президенттері Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін отырғызды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Емен ағашы екі мемлекет арасындағы өзара құрметтің, берік достықтың және сан қырлы ынтымақтастықтың символы ретінде егілді.
Бұл игі шара қос ел арасындағы тарихи байланыстарды нығайтып, достық пен серіктестіктің маңызын айшықтай түсті. Сондай-ақ, ағаш отырғызу рәсімі мемлекеттер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың және болашаққа бағытталған өзара сенімнің белгісі ретінде бағаланды.






