Талдықорған: +27°C
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәжіліс рақымшылық туралы заң жобасын қарайды

03.06.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мәжіліс рақымшылық туралы заң жобасын қарайды
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар рақымшылық туралы, электронды сауда тәртібін жетілдіруге қатысты маңызды заң жобаларын талқылайды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталық kazinform сайтына сілетем жасап.

Атап айтқанда, бірінші оқылымда депутаттар бастамашы болған «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасы, сондай-ақ оның «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заң мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулер қаралады.

Құжаттар Мемлекет басшысының биылғы 17 наурызда жаңа Конституцияның қабылдануына орай кешенді қылмыстық және әкімшілік рақымшылық жасау туралы тапсырмасын орындау үшін әзірленді.

Заң жобалары қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге, сондай-ақ әкімшілік әділет аясында халықтың борыштық жүктемесін азайтуға бағытталған. Бұл ретте қылмыстық рақымшылық жасау әрекетін қолданбау бағытында ұсынылатын қылмыстардың тізбесі айқындалды. Рақымшылық жасау туралы түпкілікті шешімді сот әрбір сотталған адамға қатысты жеке қабылдайды.

Айта кетейік, аталған заң жобалары Мәжілістің қарауына мамыр айында енгізілген еді.

– Бұл құжаттар Республикалық Референдумда жаңа Конституцияның қабылдануына орай Мемлекет басшысының қылмыстық және әкімшілік рақымшылық жасауды жариялауына байланысты әзірленді. Заң жобалары қылмыстық рақымшылық аясында зиян келтіруге әкеп соқпаған немесе оны толық өтеген ауырлығы төмен, сондай-ақ орташа қылмыстық теріс қылықтар мен қылмыстар бойынша жауаптылықтан босату, ал ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша толық өтелген жағдайда мерзімдерді қысқарту ұсынылады, — деді Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева.

Сонымен қатар ол әкімшілік рақымшылық аясында Қазақстан азаматтары саналатын жеке тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілер, жеке нотариустар, адвокаттар, қандас мәртебесі барлар және басқа да адамдар осы заң қолданысқа енгізілген күнге орындалмаған әкімшілік айыппұл түрінде салынған жазадан босатылатынын айтты.

– Жалпы, рақымшылық жасау азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін құқық бұзуды ізгілендіруге бағытталған, — деді С. Имашева.

Бұдан бөлек, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралады. Заң жобасы ұлттық заңнаманы 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға сәйкес келтіру мақсатымен әзірленген. 2023 жылдың 25 желтоқсанында Санкт-Петербургте қол қойылған құжат электронды сауданы реттеу ісіне қатысты.

Осы құжаттағы жаңа нормаларға тоқталсақ, халықаралық пошта арқылы үшінші елдерден шетелдік интернет-платформалармен жеке тұлғалардың атына жіберілген тауарларды жеке санатқа жатқызу ескерілген, яғни электронды сауда тауарлары деп белгіленбек. Екіншіден, «электрондық сауда операторы» ұғымы енгізіледі. Үшіншіден, кедендік декларацияның жаңа түрі – электронды сауда декларациясын енгізу қарастырылған.

Электронды сауда тауарларының бүкіл көлемін декларациялау шетелдік интернет платформаларда сатып алынатын тауарлардың толық статистикасын жасауға және осы санаттағы тауарлар бойынша әкімшілендіру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Мұнымен қоса, палата депутаттары «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасы екінші оқылымында талқылайды. Құжат психологиялық қызмет саласын құқықтық тұрғыда реттейді. Сондай-ақ осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары, ұстанымдары мен міндеттерін белгілейді. Заңда алғаш рет психолог ұғымы нақты айқындалып, психологиялық қызметпен кімдердің айналыса алатыны белгіленеді. Психологтердің кәсіби біліктілігі мен біліміне қойылатын нақты талаптар енгізіледі. Сонымен қатар кәсіби құпияны сақтау, этикалық нормаларды ұстану және манипулятивтік әдістерді қолдануға тыйым салу сияқты қызмет қағидаттары бекітіледі. Еске салақ, бұл заң жобасы биыл 8 сәуірде бірінші оқылымда мақұлданған еді.

Бұдан бөлек, депутаттар «Топырақты қорғау туралы» заң жобасы мен оған ілеспе құжатты екінші оқылымда қарайды. Сәуір айының басында бірінші оқылымда мақұлданған бұл құжат топырақты қорғау саласындағы өңірлік іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, топырақтың деградациясын мониторингтеу, оларды қалпына келтіру үшін ғылыми-әдістемелік тәсілдер, топырақтың болжамды тозу модельдерін жасау, қашықтан жерді зондтау деректері мен технологияларын, топырақтың тозуын мониторингтеу және картаға түсіру кезінде жасанды интеллектті пайдалану жөніндегі нормалар да көзделген.

Мәжілістің жалпы отырысында нотариаттық қызметті жетілдіретін заң жобасын екінші оқылымда талқыға түсті.

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдеріне арналған «Құлагер» байқауы басталды

Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдеріне арналған «Құлагер» байқауы басталды

03.06.2026
Кипр Президенті Астанадағы қаржылық жобалардың әлеуетін жоғары бағалады

Кипр Президенті Астанадағы қаржылық жобалардың әлеуетін жоғары бағалады

03.06.2026
Қазақстан мен Кипр Президенттерінің келіссөздері кеңейтілген құрамда жалғасты

Қазақстан мен Кипр Президенттерінің келіссөздері кеңейтілген құрамда жалғасты

03.06.2026
Қазақстан мен Кипр Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Кипр Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

03.06.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр басшысы Никос Христодулидиспен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр басшысы Никос Христодулидиспен кездесті

03.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.