Талдықорған: +16°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұлттық құндылықтар ұлықталған күн

4 маусым 2026
КҮНДЕРЕК
Ұлттық құндылықтар ұлықталған күн

egemen.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатаудың аралығын алып жатқан, шапса ат тұяғы кетіліп, ұшса құс қанаты талатын кең-байтақ ел үшін киелі мереке. Киелі болар жөні бар, 4 маусым елдігіміздің һәм егемендігіміздің, өз алдына дербестігіміздің айғағы – Рәміздер күні. Құт болғай, Қазақ елі!

Біз бақытты һәм армансыз халықпыз. Олай деуге толық негіз бар. Жер деген алып ғаламшарға зер салыңызшы. Саны миллионнан асса да тәуелсіздігін сауғалаған халық көп. Екі елі жері болмаса да елдігін сұрағандар жетіп артылады. Күрдтер, ұйғырлар, шешендер, ингуштар, карелдер мен якуттар… Кейде санауға саусақ жетпейді. Құлдық дәуір өткеннің еншісінде кетті дегенмен кей халық өз дәстүрі мен мәдениетін, салт-санасын ұмытуға шақ қалуда. Ұмытқандары қаншама?! Олардың бар арманы дербестігіне, егемендігіне қол жеткізу. Рәміздерін асқақтатып, бабаларының асқақ арманын ақиқат ету. Ал біз осындай ұлт пен ұлысқа қарағанда бақыттымыз. Көк туымыз көгімізде желбіреп тұр.

Әлемде алпауыт АҚШ деген ел бар. «Әр елдің салты басқа, иттері ала қасқа» дегендей, осы мемлекетте өздеріне қалыпты, бірақ бізге жат көрінер бір қалпы бар. Қандай деймісіз, рәміздерін кез келген жерге жапсыру. Адам есімін табан астына жазуға әбестенбейтін (Голливудта атақты өнер майталмандарының есімі жүргінші жолына жазылған) халық туын киім атаулының барлығында таңбалай салады. Тіпті, іш киімдерге де. Осыны үлгі етті ме, әлемдік онлайн сауданың қызған нүктесі AliExpress сайтында еліміздің рәміздері бедерленген бұйымнан көз сүрінеді. Дастарқаннан бастап, кеудеше, күртеше дегеннің неше атасы табылады мұнда. Бірақ, Көк байрақты еден төсенішіне, шұлыққа, өзге де табан астында болар бұйымдарға бедерлеуі төбеден мұздай су құйып жібергендей әсер қалдырады. Ұлттық кеңістігімізге сай келмейтін осынау құбылыс сұраныс болған соң орын алып отырғаны да рас. Әйтпесе, «Ерді намыс өлтіреді» деген халықпыз. Оған «Өлімнен ұят күшті» дегенді қосыңыз.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Шынайы отаншылдық – құрғақ сөз емес

Шынайы отаншылдық – құрғақ сөз емес

Бүгін, 12:30
54 түрлі өнім ұсынылды

54 түрлі өнім ұсынылды

Бүгін, 10:43
Ана – ұлттың ұйытқысы

Ана – ұлттың ұйытқысы

Бүгін, 10:30
Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.