Талдықорған: +27°C
$ 485.34
€ 564.45
₽ 6.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Туған жерге 40 миллиондық Ту тұғырын орнатты

05.06.2026
КҮНДЕРЕК
Туған жерге 40 миллиондық Ту тұғырын орнатты
WhatsAppTelegramFacebook

Туған жердің көркеюіне үлес қосу – асыл қасиетпен ұштасқан перзенттік парыз. Кіндік қаны тамған жердің гүлденуіне атсалысу, оның келешегіне сеніммен қарау қай кезде де елге деген ықылас пен махаббаттың айғағы. Жыланды ауылында бой көтерген жаңа Ту тұғыры осындай жанашырлықтың жарқын көрінісі.

Жақында ауыл тұрғындары қуанышты оқиғаның куәсі болды. Биіктігі 22 метр, көлемі 3х6 метр болатын еңселі Көк Байрақ пайдалануға берілді. Ту тұғыры ауылдың ажарын кіргізіп, тәуелсіздік құндылықтарын ұлықтап, жас буынның бойына отансүйгіштік сезім сыйлаған тағылымды орынға айналды.

Бұл игі бастаманың жүзеге асуына демеушілік жасап, туған топырағына деген құрметін іспен дәлелдеген жан – Айша Колесникова 1992 жылы Қабанбай ауылында дүниеге келген. Жастайынан ізденімпаздығымен, зеректігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленіп өсті. Тарихшы және археолог мамандықтары бойынша білім алып, қоғамдық қызмет пен басқару саласында тәжірибе жинақтады.

Еңбек жолын 2017 жылы №188 жалпы білім беретін мектепте тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған ол кейін қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту бағытындағы жұмыстарға белсене араласты. Алматы қаласы әкімдігі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде этномәдени бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып, түрлі мәдени орталықтардың өзара ықпалдастығын арттыруға күш салды.

Пандемия кезеңінде де қоғамдық жұмыстардан шет қалған жоқ. Халыққа көмек көрсету және еріктілер ұйымдарының қызметін үйлестіретін штабқа жетекшілік етіп, қиын кезеңде мұқтаж жандарға қолдау көрсетті. Әлеуметтік көмекке зәру отбасылардың мәселесін шешуге атсалысып, ел алғысына бөленді. Соның дәлелі көп жылғы еңбегі мен қоғамдық белсенділігі үшін мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Халық алғысы» және түрлі мерекелік медальдарымен марапатталған.

Дегенмен адам қадірі алған марапаттарының санымен емес, туған жеріне сіңірген еңбегімен өлшенеді. Осы жолы Айша Сергеевна Жыланды ауылындағы Ту тұғырының салынуына шамамен 40 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіп, жерлестерінің ризашылығына ие болды.

Салтанатты рәсім барысында ол туған ауылының болашағына қатысты ақжарма тілегін де жеткізді. Оның айтуынша, Жыланды келешекте еліміздегі ең көрікті әрі дамыған елді мекендердің біріне айналуы тиіс.

Жалпы, Айшаны жақыннан білетін жандар да оның бойындағы ұлттық құндылықтарға деген құрметті ерекше атап өтеді. Туыстарының айтуынша, ол қазақ тілінде таза сөйлейді, салт-дәстүрді қадірлейді және ұлттық болмысты жоғары бағалайды. Қазақы дастарқанның сәнін келтіретін тағамдарды дайындауға да бейім. Әсіресе бала күнінен бауырсақ пісірудегі ептілігін жақындары жиі мақтанышпен айтады.

Мектеп қабырғасындағы ұстаздары мен бірге оқыған замандастарының естеліктері де осы пікірді толықтыра түседі. Олардың айтуынша, Айша бала күнінен қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүріп, ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен. Сыныптастары арасында беделге ие болып, түрлі бастамалардың ұйытқысы болған. Әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен терең білім көрсетіп, талаптылығымен ерекшеленген. Ұстаздарының пайымынша, оның бойындағы батылдық, өжеттік және адалдық қасиеттері мектеп қабырғасында-ақ айқын байқалған.

Бүгінде Жыланды ауылында желбіреген Көк Ту туған жерге деген сүйіспеншіліктің, перзенттік жауапкершіліктің және елдік рухтың белгісіне айналды. Осындай игі істер көпшілікке үлгі болатыны белгілі.

 Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Елімізде Вице-Президент лауазымы енгізіліп, ең жоғары заң шығарушы орган құрылды

Аумақтық құрылым мен Халық Кеңесінің қызметі қалай реттеледі?

05.06.2026
Елімізде Вице-Президент лауазымы енгізіліп, ең жоғары заң шығарушы орган құрылды

Елімізде Вице-Президент лауазымы енгізіліп, ең жоғары заң шығарушы орган құрылды

05.06.2026
Президент сот тәжірибесі үшін маңызды бетбұрыс кезеңі басталғанын жариялады

Президент сот тәжірибесі үшін маңызды бетбұрыс кезеңі басталғанын жариялады

05.06.2026
Қазақстанда заң мен тәртіп қағидатын нығайтудың жаңа кезеңі басталды

Қазақстанда заң мен тәртіп қағидатын нығайтудың жаңа кезеңі басталды

05.06.2026
Президент халықаралық форумда мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту міндетін қойды

Президент халықаралық форумда мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту міндетін қойды

05.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.