Талдықорған: +18°C
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақ қонып, құт дарыған

06.06.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Бақ қонып, құт дарыған
WhatsAppTelegramFacebook

Ауыл – ұлты- мыздың ұйытқысы, адам- заттың кең дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекені. Дүниедегі ең құдіретті жан АНА болса, ауыл да барлық халықтың анасы, тіршіліктің нәрі. Берекесі мен бірлігі жарасып, ауылы аралас, қойы қоралас, бақ қонып, құт дарыған алақандай ғана Бақалының бүгінгі келбеті, ауылдастардың тірлігі кейінгі ұрпаққа өнеге, көпке үлгі болары анық. Олай болса, біз ат басын бұрған ауылдың бүгінгі келбетімен сіз де таныс болыңыз, құрметті оқырман.

Қазір көптеген елді мекенде жаңа мектеп пен балабақша, медициналық қызмет көрсету пункті, көшелер жарықтандырылып, жолдар жөнделіп, тұрғындардың өмір сүру деңгейі артып келеді. Мұның бәрі ауылдың гүлденуіне және халықтың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді. Бірақ кей ауыл «Бізге мектеп, балабақша керек» деп алақан жайып, бар жүкті мемлекеттің мойнына арта салуға үйренген. Ал біздің нысанаға ілінген өңір мемлекетке тек өздері салған нысандардың құжатын заңдастырып беруді ғана өтінеді. Алайда іс осы құжатқа кеп тірелгенде біраз қиындық туғызғанынан да хабардар болдық.

Бақалының ортасынан жеке кәсіпкер Қасенали Нүсіпұлы бұрын дүкен болған ғимаратты алып, балаларға арнап заманауи спорт кешенін салып берген. Ішінде түрлі жаттығуға арналған құрал-жабдық толығымен бар. Балалар уақытын тиімді әрі пайдалы өткізетін нағыз ауылға қажетті спорт кешенінің құжаттары жауапты сала мамандарының қолына өткен. Алайда «пайдалануға рұқсат» деген тілдей бір рұқсатқағазының жоқтығына байланысты есігі тарс жабық. «Балалардың демалыс уақытын тиімді өткізу үшін, спорт кешенінің құжаттарын тездетіп жөндеп берсе. Көк байрағымызды көкке желбірететін нағыз спортшы балалар ауылда емес пе? Ендеше, болашақ спортшылардың бағын байла-майық» деген ауылдастардың тілегі орындалар күн де алыс емес шығар деп сенейік.

Бақ қонған мекеннің басты байлығы – оның еңбекқор тұрғындары. Таңның атысы, күннің батысына дейін тынымсыз еңбек ететін шаруалардың атқарар жұмысы қыруар. Олар қара бастың қамын емес, елдің ертеңін ойлаудан шаршамайды. Егін егіп, мал бағып, адал еңбектің арқасында ауылдың берекесін арттырып отырған жандардың бүгінгі ілкімді істеріне қарап тамсанып, таңдай қақпау мүмкін емес.

Үлкендер бастамасымен құрылған қауымдастықта ауыл жанашырларынан 9 адам тіркелген. Төрағасы – Ерлан Тоқмурзин. Олар ауыл халқы үшін барлық жағдайды жасауға біркісідей атсалысады. Ауылды дамыту жоспары да бар қауымдастық алқаларынан шыққан ұсыныс-тілек ешқашан аяқсыз қалған емес. Бір сөзбен айтқанда, ұсыныс айтылып, тапсырма беріледі, көп ұзамай орындалады. Еңбекқор ауылдастар батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Елім деп егіліп, жұртым деп жұмылып еңбек ет» деген бірауыз нақыл сөзін басты ұстанымға айналдырған.

– Ауыл – азаматымен ажарлы. Біздің елдің жігіттері – нағыз мәрт жігіттер. Олар кіндік қаны тамған ауылына қашанда жанашыр. Алақандай ғана мекенімізді көркейтуге, жандандыруға бәріміз атсалысудамыз. Қазақтың берекесі де, бірлігі де – ауыл ғой. Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді. Әрбір қазақ баласының жүрегінде туған жерге деген махаббат алаулап тұрады десем, артық айтқандық болмас. Біз қариялар осы берекенің бастауы болып, жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, тентекті тезге салудан шаршамаймыз. Ауылдан бақ та, береке де кетпесін деп тілеймін, – дейді Бақалы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қозы Бекбатыров.

Ұлттық тәрбиенің ордасы берекелі ауыл. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қонақжайлық пен бауырмалдылық сияқты асыл мінез де қасиетті мекенде ерекше сақталған. Бұл ауылдың балалары да еңбекке ерте араласып, адамгершілік құндылықтарды, бауырмалдықты бойына сіңіріп өсіп келеді. Сондықтан болар, ауылда қолға алынған қандай да бір істің басы қасында жасы да, жасамысы да жүреді.

Ауылдағы ағайынның бір жағына шығып жүрген кәсіпкерлер Бағлан Қасенұлы мен Берікбол Қабдолданов қатымхана салып берген. Енді бақалылық тұрғындар көпшілікке арнап ас берсе басқа ауыл я болмаса аудан орталығына барып әуреленбейді. Оның үстіне 1993 жылы туған ұл-қыздар қатымханаға ауа салқындатқыш орнатып, жайлы жағдай жасап қойған. Мешіттің ішкі құрылысы, еденіне төселген кілем де толық жаңартылған.

Қауымдастық өкілдерінің айтуынша, 1970 және 2000 жылы туған азаматтар ауылға саябақ салу үшін 17 миллион теңге қаржы жинаған. Үлкен-кіші ақылдасып, саябақ құрылысын да бастап кеткен. Олардың арманы – алып шаһар Алматыдағы Президент бағындай етіп Бақалының қақ төріне саябақ салу. Бүгінде жоба бойынша тас төсеніштер төселіп, гүл егетін арнайы орындар дайындалуда. Тіпті, ауылдан көшіп кеткен, алайда бір бүйрегі бұрып тұратын жерлестер түрлі ағаш көшетімен, гүл тұқымымен қамтамасыз етуді өз мойнына алған. 1984 жылы туған қыз-жігіттер сахна салып, заманауи музыкалық құрылғыларды тарту еткен. Күні кеше ғана Алматы қаласынан өнерпаздар келіп, ауыл жұртшылығына концерт ұйымдастырып, сахна салтанатты түрде ашылған. Енді еліміздің болашақ жұлдыздары өнерлерін дәл осы сахнада көрсететін болады.

Біз барған сәтте мешіттің есік алдында жөндеу жұмыстары жүріп жатты. Шалғайда жатқан ауылда осыншама тірлік істеліп жатыр десе, бірі сенер, бірі нанбас. Бірақ ақиқаты – осы.

Ауылдастан ақ тілек
– Ауыл дегенде жүрегі елжіремейтін қазақ жоқ шығар, сірә?! Туған жерімнің күн санап көркейіп, құлпырып жатқанын көріп  алыста болсам да қуанып, тілекші боп жүремін. Ауылды көтеру – әр қазақты қадірлеу деген ұлттық ұстанымды көрсетеді. Әрбір адам өзінің өсіп-өніп шыққан ауылына игі қадамдар жасауды атамекенге деген перзенттік парызы санауы керек. Ауызбірлігі бұзылмай, қазақы қалпын сақтап, бауырмашылдығымен біраз тірлік істеп жүрген ауылдастарыма аналық жүрегіммен алғыс айтамын. Осындай береке, татулық, бауырмалдық алтын бесігіміз ауылымыздан үзілмесе деймін.
               Роза ЖЕКСЕМБЕКОВА
  – Халықты имандылыққа шақырып, ізгіліктің дәнін себуге, ағайын-туыстың бірлігі мен берекесін арттыратын киелі орын мешіттің құрылысына биыл ерекше мән берудеміз. Енді мешіт жанындағы тазару бөлмесінің құрылысы басталды. Әсіресе, ертеректе көшіп кетіп, кейін өмірден өткен соң аманатымен ауылға кеп жерлеу рәсімін өткізетін жандар үшін марқұмды арнайы жуындыратын орнын да жасадық. Соңғы жылдары мектеп бітіргендеріне 10, 20, 30, 40 жыл болған түлектер бар алғысын ауылға арнап жатыр. Олардың әрқайсысының атқаратын өз жұмыстары бар. Мәселен, жоғарыда аталған құрылыстың жұмысы 1981 жылғы азаматтардың еншісінде. Олар өртке қауіпті құрылыс материалдарын арнайы Тараз қаласынан тапсырыспен алдырды. Құрылыс жұмыстарын ауыл азаматтары бірігіп атқарамыз. Біздің ең басты мақсатымыз – ауыл халқы үшін қолайлы жағдай жасау, – дейді жанашырлар қауымдастығының төрағасы Ерлан Айтқұлұлы.

Бақалының қасиетті топырағына кіндік қаны тамып, саф ауасын жұтып, мөлдір суын ішкен әрбір перзент ауылдың көркеюіне өз үлесін қосуды азаматтық парыз санайды. Сондықтан болар, қолға алынған әр игі бастамаға еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін атсалысады. Әсіресе, бүгінде жойылып бара жатқан асарлатып іс бастау  тұрғындардың күнделікті жұмысы. Асарлатып 40 шақты түтіні бар ауыл балаларына арнап жаңа мектеп, дәрігерлік пункт салу – ауызбірлікті тұрғындардың ғана қолынан келетін шаруа. Бірнеше жыл бұрын қауіпті мектепте білім алып жүрген балаларды ойлаған ауыл белсенділері Тасқұдық ауылына жаңа мектеп салған. Аталмыш мектепте 15 бала білім алуда.

– Әрбір тұрғын балалардың болашағын ойлайды. Еліміздің ертеңі саналған жастар жан-жақты болып өссе дейді. Осы жанашырлықтарын сөзбен емес, іспен дәлелдеп жүрген тұрғындарға мың алғыс. Қалада жоқ заманауи мектеп біздің ауылда бар. Күні кеше ғана жерлесіміз Мақсат Қабашев мектепті ағарту, сырлау жұмыстарына арналған құрылыс материалдарын тарту етті. 1992 жылы туған азаматтар раушан гүлдерін сыйлап, мектеп маңайын абаттандыруға қолұшын берді. Жаңа мектеп ашылғанда аудандық білім бөлімінен интерактивті панель және парта берілген. Қалған қажетті заттың барлығы азаматтардың демеушілігімен алынды. Мектеп құрылысына қол созған ауыл жұртшылығына алғыстан басқа ештеңе айтпаймын, – дейді Тасқұдық бастауыш мектебінің меңгерушісі Құралай Аитова.

Тасқұдық ауылында дүние есігін ашқан, көпшіл, ағайынмен қауымдасып, «ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деп жүрген белсенді азамат Ерлан Тоқмурзин 1997 жылы қалаға қоныс аударады. Заңгер маман түрлі салада еңбек етіп, кәсіпкерлікке бет бұрса да ауылға деген сағынышы 2016 жылы туған жеріне көшуіне себеп болады. «Ауы- лым – алтын бесігім» деп келген жетелі ұл әкеден қалған киелі жерін, малын қарап, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.

– Қазақтың берекесі – ауыл. Қазір Бақалы ауылдық округіне қарасты Бақалы, Тасқұдық, Қазыбаев және екі бөлімше бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жүрміз. Бәрімізді бір арнаға тоғыстырған – ауылдың қасиеті. Ауыл шетіндегі шабындық ақысын әр түтінге теңдей етіп бөліп береміз. Қоржында қалған артылған қаржы ауыл шығынына да жұмсалады. Ауыл азаматтары бірігіп балалар ойнайтын алаң, стадион салдық. Қазір 30 түп шырша егіп, тамшылатып суару әдісімен күтіп-баптап жүрміз. Ауылға көшіп келемін деген жандар болса өз алдына үй етіп, ұсақ малын, сауынды сиырын беріп, өзекке теппей, бауырымызға басамыз. Ауылға кіреберістегі үлкен арканы да өзіміз жасаттық. Қонақжайлылығымызды танытайық деп арнайы қазақ үй де орналастырдық. Жоспарымызда әлі де біршама жұмыс бар. Ауылымыз Алматы – Өскемен республикалық тасжолының бойында орналасқандықтан көлік жиі өтеді. Жауапты құзырлы органға бейнебақылау камералары орнатылса деген ұсыныс-тілек айтқым келеді. Себебі дәл сол маңда жол-көлік оқиғалары жиі орын алады. Ағайынның осы бірауыз тілегі ескерусіз қалмаса екен дейміз. Ауыл мақтаныштары болып жүрген Ербол Дүйсебаев, Айдархан Жасболат- ұлы, Нұрбек Мүлкібаев, Үсен Мамырбаев, Дидар Аман-құлұлы сынды мәрт жігіттер қазақта көп болса, ауылдың шаңырағы ешқашанда шайқалмайды, – дейді ел үшін туған азамат Ерлан Айтқұлұлы.

P.S. «Бiр әңгiме қозғашы ауыл жайлы. Бұдан артық рахат табылмайды» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлаған ауыл жайлы әңгiме айту, кез келген далалықтың парызы һәм міндеті. Руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылығымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы болған ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азаматтың бүгінгі тірлігі көпке үлгі-өнеге. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған елді мекен – бүтін бір елдің асыраушысы. Әңгімемізге арқау болған Бақалы ауылынан ырыс-береке, бақ-дәулет кетпесін деп тілейміз.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қаруды өз еркімен тапсырғандар жазадан босатылуы мүмкін

Қаруды өз еркімен тапсырғандар жазадан босатылуы мүмкін

06.06.2026
Табиғатты қорғау акциясында 100-ден астам көшет отырғызылды

Табиғатты қорғау акциясында 100-ден астам көшет отырғызылды

06.06.2026
Заң үстемдігінің  сақшысы

Заң үстемдігінің сақшысы

06.06.2026
Дәнекерлеуші

Дәнекерлеуші

06.06.2026
Бақ қонып, құт дарыған

Бақ қонып, құт дарыған

06.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.