Талдықорған: +19°C
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәкеннің сарыны Жетісуға жетті

07.06.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Сәкеннің  сарыны Жетісуға жетті
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандағы М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық мұрасына арналған «Сәкен Сейфуллин: тағдыр мен тағылым» атты көшпелі көрме өтті.

Жетісу жұртшылығын тарихи жадымен қауыштырған тағылымды шара Астана қаласы әкімдігінің Бірлескен музейлер дирекциясының бастамасымен ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – ұлт руханиятының алып тұлғаларының бірі Сәкен Сейфуллиннің сан қырлы болмысын, әдеби мұрасы мен қоғамдық қызметін кейінгі ұрпаққа кеңінен таныстыру.

Көрменің ашылу рәсімінде Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен музейлер дирекциясы» директорының орынбасары Нұрсерік Жолбарыс сөз сөйлеп, Сәкен мұрасын насихаттаудың маңыздылығына тоқталып, музейдің тарихы туралы әңгімеледі, ақынның ұлт үшін атқарған еңбегін ерекше атады.

– Біз бұл көрме арқылы халқымыздың рухани тарихының тұтас бір кезеңін Жетісу жұртшылығына таныстыруды мақсат еттік. Сәкеннің өмірі – қазақ халқының тағдырымен сабақтас өмір. Оның артында қалған мұрасы бүгінгі тәуелсіз елдің рухани негіздерінің бірі болып қала береді, – деген ол көрмеге қойылған жәдігерлердің құндылығы жайлы, олардың арасында Сәкеннің өзі пайдаланған заттары, тарихи құжаттары, сирек фотосуреттері мен қолжазбалары да бар екенін айтты.

Жиналған қауымға алғысын білдірген Нұрсерік Жолбарыс көрмені Талдықорған қаласында ұйымдастыру жөніндегі ұсынысты бірден қолдаған М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұжымына ерекше ризашылығын жеткізді. Салтанатты шарада музей басшылығына ықылас гүлі табысталды.

Келесі кезекте Сәкен Сейфуллин музейінің жетекші ғылыми қызметкері Гүлназия Ибраева Астанадан арнайы әкелінген көрмеге музей қорынан жүзден астам бірегей жәдігер қойылғанын айтты. Ғалым Сәкеннің балалық шағынан бастап, мемлекет қайраткері дәрежесіне дейінгі өмір жолын баяндап, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті. Әрбір жәдігердің артында тұтас тарих жатқанын, көрме келушілерге Сәкен өмір сүрген дәуірдің тынысын сезінуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Кеште Қазақстанның Құрметті жазушысы Нүсіпбай Әбдірахым сөз сөйлеп, көрменің Жетісу аймағында қойылуын үлкен мәдени оқиға ретінде бағалап, ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Сонымен қатар, Сәкен Сейфуллиннің ұлт тарихындағы орны туралы тағылымды ойларымен бөлісті.

– Сәкен – қазақтың азаттығы мен руханияты жолында күрескен ірі тұлға. Оның өмірі мен шығармашылығы бүгінгі ұрпақ үшін маңызын жоғалтқан жоқ. Мұндай көрмелер ұлттық сананы жаңғыртып, тарихи танымды тереңдетеді, – деді қаламгер.

Көрме залында Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы кезең-кезеңімен қамтылды. Келушілер ақынның туған жері Қарашілік қыстауы туралы мәліметтермен танысып, балалық шағы мен білім алған ортасы жайлы құнды деректерге қанықты.

Экспозицияда ақынның анасы Жамал пайдаланған ұршық пен самаурын, Сәкеннің күміс қасығы, жары Гүлбаһрам сақтаған ақ дастарқан, патефоны, қойындәптері, қолжазбалары мен «Ундервуд» баспа машинкасы қойылды. Бұл жәдігерлер көрермендерді өткен ғасырдың атмосферасына жетелеп, ұлт қайраткерінің өміріне жақындата түсті.

Мәдени шарада Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның өнерпаздары Сәкен Сейфуллиннің сөзіне жазылған әндерді орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әсем әуен мен сырлы ән көрме мазмұнымен үйлесіп, рухани кештің ажарын аша түсті.

Талдықорғанда өткен «Сәкен Сейфуллин: тағдыр мен тағылым» көрмесі көрерменді өткен тарихпен қауыштырып қана қоймай, ұлт руханиятының асыл қазынасын тағы бір мәрте ұлықтаған тағылымды мәдени оқиға ретінде есте қалды.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Су добы. Ел чемпионатының 2-ші кезеңі аяқталды

Су добы. Ел чемпионатының 2-ші кезеңі аяқталды

07.06.2026
Сәкеннің  сарыны Жетісуға жетті

Сәкеннің сарыны Жетісуға жетті

07.06.2026
Рухани жаңғыру кітап оқудан басталады

Рухани жаңғыру кітап оқудан басталады

07.06.2026
Сертификат алуға мүмкіндік

Сертификат алуға мүмкіндік

07.06.2026
Шеберханадан басталған табыс

Шеберханадан басталған табыс

07.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.