Талдықорған: +13°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда 100-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

8 маусым 2026
КҮНДЕРЕК
Жетісуда 100-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу гарнизонына қарасты 54380 әскери бөлімінде салтанатты Әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Іс-шара барысында Алматы қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылған 100-ге жуық жас сарбаз Отан алдындағы қасиетті борышын адал атқаруға ант берді.

Салтанатты рәсімге жас жауынгерлердің ата-аналары, туыстары мен жақындары арнайы келіп, олардың өміріндегі маңызды сәттің куәсі болды. Әскери ант қабылдау – әрбір сарбаздың әскери өміріндегі жауапты кезеңдердің бірі. Бұл күн жас жауынгерлердің ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметінің бастауы болып саналады.

Шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері запастағы 1-рангты капитан Рахым Қырғабақов пен запастағы полковник Ринат Ахметов қатысты. Ардагерлер жас сарбаздарды құттықтап, әскери қызметтің маңыздылығы туралы айтып, Отанға адал қызмет етудің абыройлы міндет екенін атап өтті. Олар сарбаздарға мықты денсаулық, табандылық пен әскери қызметтерінде сәттілік тіледі.

Салтанатты жиында әскери бөлім басшылығы да сөз сөйлеп, жас жауынгерлердің алдағы қызметіне табыс тіледі. Сонымен қатар сарбаздар өздерінің алғашқы әскери машықтарын көрсетіп, қонақтарға арнайы дайындалған әскери көрсетілім ұсынды. Көрсетілім барысында саптық дайындық элементтері мен әскери даярлық көріністері көрсетілді.

Мерекелік шара барысында патриоттық әндер орындалып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жиналған қауым жас сарбаздардың өнері мен дайындығына жоғары баға берді.

Әскери ант қабылдау рәсімі жас жауынгерлердің бойында отансүйгіштік рухты нығайтып, әскери қызметтің жауапкершілігін терең сезінуге мүмкіндік берді. Бұл маңызды оқиға олардың ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған қасиетті қызмет жолындағы алғашқы қадамдарының бірі болды.

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.