Талдықорған: +21°C
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Еңбек құқығын қорғау: Жасанды интеллект жағдайындағы жұмыспен қамту тәуекелдері зерттеледі

09.06.2026
ӘЛЕУМЕТ
Еңбек құқығын қорғау: Жасанды интеллект жағдайындағы жұмыспен қамту тәуекелдері зерттеледі

massaget.kz

WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Женеваға жасаған жұмыс сапары аясында Халықаралық еңбек конференциясының 114-сессиясына қатысып, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Бас директоры Жильбер Унгбо мырзамен кездесті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын, бірлескен жобаларды іске асыру барысын және әріптестіктің жаңа стратегиялық форматына көшу мәселелерін талқылады. Асқарбек Ертаев Қазақстан әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға, лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыруға және азаматтардың шыққан тегі, әлеуметтік мәртебесі немесе жынысына қарамастан тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге ерекше мән беретінін атап өтті. Министр еліміздің Әлеуметтік әділеттілік үшін жаһандық коалицияға қосылғанын еске салып, оның аясында ХЕҰ, үкіметтер, сондай-ақ жұмыс берушілер және жұмыскерлер ұйымдарымен бірлескен белсенді жұмыс жүргізілетінін айтты.

Асқарбек Ертаев:

«ХЕҰ-мен қалыптасқан тәжірибе мен ынтымақтастық бағыттарының кеңеюін ескере отырып, Қазақстан бағдарламалық өзаpа іс-қимылдың неғұрлым кешенді форматына көшуге мүдделі. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы мен Халықаралық еңбек ұйымы арасында Лайықты еңбек жөніндегі елдік бағдарламаны әзірлеу мәселесін қарастыруды ұсынамыз. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі ХЕҰ және әлеуметтік әріптестермен болашақ бағдарламаның негізгі параметрлері бойынша алдын ала консультациялар бастау мүмкіндігін қарастыруға дайын», – деді.

Қазақстан тарапы болашақ бағдарламаның басым бағыттарының бірі ретінде цифрландыру мен жасанды интеллект жағдайында халықты жұмыспен қамтудың келешегіне қатысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерді зерттеуге арналған бірлескен жобаларды енгізуді ұсынды. Кездесу барысында Еңбек министрі ХЕҰ Бас директорын Жол картасын іске асыру аясында Қазақстан қол жеткізген нәтижелермен таныстырды.

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ХЕҰ сарапшыларымен бірлесіп үш ірі талдамалық жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ұлттық шолу, сондай-ақ шахталардағы ахуал мен еңбек инспекциясы жүйесіне жүргізілген талдау бар. Осы жұмыстардың нәтижесінде министрлік «Шахталардағы еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы туралы» №176 Конвенцияны ратификациялау рәсімін бастады. Сонымен қатар заңнамаға өндірістік тәуекелдерді өтеуге бағытталған тәсілден кәсіби тәуекелдерді алдын ала анықтап, олардың салдарын болдырмауға негізделген проактивті басқару жүйесіне көшуге қатысты түзетулер әзірленді. Аталған өзгерістер 2026 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспары аясында әзірленіп жатқан заң жобасы шеңберінде іске асырылуда.

Еңбекақы төлеу жүйесі мен әлеуметтік қорғауды жетілдіру бағытында да елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. Осы бағытта 2025 жылғы 20 қазанда Мемлекет басшысы ХЕҰ-ның «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» №131 Конвенциясын ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған. Әлеуметтік әріптестікті дамыту аясында министрлік ұжымдық еңбек дауларын шешу мәселелері бойынша заңнамаға бірқатар түзетулер әзірлеп, оларды сараптамалық қорытынды алу үшін ХЕҰ-ға жолдады. Сонымен қатар әлеуметтік әріптестермен бірлесіп «Әлеуметтік әріптестік туралы» заң жобасын әзірлеу және жұмыс берушілердің уәкілетті өкілдерінің қызметін №87 Конвенция талаптарына сәйкес жетілдіру мәселесі қарастырылуда. Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қудалаудың алдын алу бағытында қызметкерлерді жұмыс орнында жыныстық қысымнан қорғауға арналған заңнамалық түзетулер әзірленді. Бұларға ХЕҰ сарапшылары тарапынан тиісті сараптамалық бағалау берілген.

Кездесу соңында Асқарбек Ертаев Питер ван Ройды Еуропа және Орталық Азия бойынша ХЕҰ-ның өңірлік бюросының директоры қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Министр оның мол тәжірибесі мен жоғары кәсібилігі лайықты еңбек қағидаттары мен әлеуметтік әділеттілік құндылықтарын ілгерілетуге жаңа серпін беретініне сенім білдірді. Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымының жоғары стандарттарына адалдығын растай отырырып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

Бішкек сапары: Қырғызстандағы поэзия фестивалі

Бішкек сапары: Қырғызстандағы поэзия фестивалі

09.06.2026
Талдықорғанда сарбаздың қазасына кінәлі офицер сотталды

Талдықорғанда сарбаздың қазасына кінәлі офицер сотталды

09.06.2026
Талдықорғанда туған қызына қатыгездік көрсеткен әке түрмеге қамалды

Талдықорғанда туған қызына қатыгездік көрсеткен әке түрмеге қамалды

09.06.2026
Әділ сайлау өтті

Әділ сайлау өтті

09.06.2026
Энергетика министрлігі мен Shell Қазақстан жер қойнауын зерделеу бойынша пилоттық ІТ-жобаны іске қосады

Энергетика министрлігі мен Shell Қазақстан жер қойнауын зерделеу бойынша пилоттық ІТ-жобаны іске қосады

09.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.