Талдықорған: +11°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мүгедектігі бар жандарға арналған цифрлық білім беру жобасы басталды

9 маусым 2026
КҮНДЕРЕК
Мүгедектігі бар жандарға арналған цифрлық білім беру жобасы басталды

ӨКҚ

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында мүгедектігі бар азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттырып, жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруіне бағытталған әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Оқыту жұмыстары Алакөл жағалауындағы арнайы бейімделген «Алакөл Асар» демалыс базасында өтуде.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жоба жетекшісі Елдос Баялышбаев пен ұйымдастырушы Азамат Оспанов бастаманың жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берді.

Жоба аясында 100 адамды қамтитын бес оқыту легі ұйымдастырылады. Сабақ қазақ, орыс және ымдау тілдерінде жүргізіледі. Әр курс кемінде 20 академиялық сағаттан тұрып, қорытынды тестілеумен аяқталады.

Бағдарламаға бүгінгі еңбек нарығында сұранысқа ие бірнеше бағыт енгізілген. Қатысушылар мобилография, фото және бейнемонтаж негіздерін меңгеріп, психологиялық қолдау курстарынан өтеді. Сонымен қатар жасанды интеллект пен нейрожелілерді қолдану, фриланс және кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алады.

Оқу ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалған демалыс базасында ұйымдастырылған. Мұнда кедергісіз орта қалыптастырылып, қатысушылардың білім алуына, қарым-қатынас жасауына және демалуына қажетті инфрақұрылым қарастырылған.

«Жобаның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың цифрлық және кәсіби дағдыларын арттырып, олардың еңбек нарығында өз орнын табуына мүмкіндік жасау. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев пен ішкі саясат басқармасының қолдауының арқасында 100 қатысушыға арналған оқу курстары тегін ұйымдастырылып отыр. Әр лек бойынша оқу мерзімі 4 күнді құрайды. Жоба аясында қатысушылардың жол ақысы, тұру шығындары және спикерлердің қызметі толық қамтылған. Бір жылға арналған жобаның жалпы бюджеті 19 миллион теңгені құрайды», – деді «Асар» оңалту орталығының директоры, жоба жетекшісі Елдос Қайыркенұлы.

Жобаға ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс тәжірибесі мол тренерлер мен сарапшылар тартылған. Оқыту легтері маусым мен тамыз айлары аралығында өтеді.

Аяулым Шынгаева

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.