Талдықорған: +31°C
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бірлікті нығайтқан өнер

10.06.2026
КҮНДЕРЕК
Бірлікті нығайтқан өнер

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда этнос арасындағы достық пен татулықты дәріптейтін «Этно-Song» атты концерт өтті. Мәдени шараға оннан астам этнос өкілдері жиналып, өздерінің төл мәдениетін, ана тіліндегі әндері мен мың бұралған билерін көрермен назарына ұсынды.

Кеш шымылдығын ашқан облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Айдос Игенбайдың айтуынша,  мұндай іс-шара жыл сайын тұрақты түрде өткізіледі.

– Әр ұлттың мәдениетін тануға, тарихы мен мұрасы туралы білуге ықпал ететін шараның кейінгі ұрпаққа берері мол. Музыка – өнердің бір бөлігі болғандықтан, әр ұлттың әндерін білуге міндеттіміз. Бұл өзара бәсекелесетін байқау емес. Әр қатысушы өзін еркін әрі жайлы сезінуі үшін жас ерекшелігіне де шектеу қоймадық. Ең бастысы – достық, ынтымақ, береке болсын, – деді.

Жұмабай Мұсабеков

Шығармашылық кеште жанды дауыста ән шырқап, мың бұрала би билеген өнерпаздардың өнері көпшіліктің көңілінен шықты. Орыс мәдениетін көрсеткен 10 жасар Татьяна Рыльцева сахнада қазақ және поляк тілдерінде ән шырқап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

– Кішкентай күнімде інімді тербетіп отырып-ақ ән шығарып айтатынмын. Қазір музыкалық мектепте пианино мен вокал сыныбында оқимын. Сахнаға алғаш алып шыққан әнімнің бірі – «Аист на крыше». Ата-анам да ән айтқанымды қатты қолдады. Үйге қонақ келгенде де үнемі ән айтып беремін. Болашақта да өнер жолын жалғастырамын, – дейді жас талант Татьяна.

Жұмабай Мұсабеков

Жас дарындардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде ұстаздардың да еңбегі орасан.

– Балаларды өздерінің төл мәдениетіне, ата-бабаларының дәстүріне баулу – өте қажет. Осындай ауқымды іс-шаралар бізге ауадай қажет. Этно-мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыруға міндеттіміз. Қаратал ауданында би ансамблінде солист те болдым. Сондықтан бүгінгі әнім арқылы да біздің мәдениеттегі қыз балаға деген сыйластық пен нәзік сезімді, қыздың ар-намысын биік қою дәстүрін көрсеткім келді, – дейді шешен тілінде махаббат туралы ән шырқаған мектеп мұғалімі Ахмад Мучураев.

«Этно-Song» кешінде бақ сынасып, жүлдеге таласқан ешкім болған жоқ. Концерттің басты ерекшелігі де осында. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар әрбір қатысушының өнерін жоғары бағалап, арнайы марапаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Жәнел ҚҰМАРЖАН,
ЕҰУ филология факультетінің студенті

Қатысты жаңалықтар

Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

10.06.2026
Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

10.06.2026
Бірлікті нығайтқан өнер

Бірлікті нығайтқан өнер

10.06.2026
Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

10.06.2026
Болашақ су мамандарына 750-ден астам грант бөлінді

Болашақ су мамандарына 750-ден астам грант бөлінді

10.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.