Талдықорған: +18°C
$ 487.76
€ 562.39
₽ 6.75
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бейбіт Исабаев облыс орталығындағы жолдар мен жылу желілерінің жөндеу барысын тексерді

11.06.2026
КҮНДЕРЕК
Бейбіт Исабаев облыс орталығындағы жолдар мен жылу желілерінің жөндеу барысын тексерді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының орталығында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жаңарту, жол желілерін жөндеу және аулаларды абаттандыру жұмыстары қарқынды іске асуда. Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ жаңғырту жұмыстарымен танысып, жауапты мердігер өкілдерімен кездесті.

Жұмыс сапарының алғашқы нысандарының бірі «Мүшелтой» шағынауданы болды. Мұнда тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу және аулаларды кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде мұндай жұмыстар ұзақ жыл бойы жаңартуды күткен тұтас тұрғын алаптарын қамтып отыр. Жалпы қалада 865 көпқабатты тұрғын үй орналасқан 452 аула бар. Облыс құрылғаннан бастап, қаламызда көпқабатты тұрғын үйлердің 187 ауласы абаттандырудан және ағымдағы жөндеуден өткен. Былтыр 39 аула жаңғыртылса, биыл оңтүстік-батыс тұрғын ауданында тозығы жеткен және жөндеуден өтпеген 19 аулаға күрделі жөндеу жүргізілуде. Жоба күз мезгілінде аяқталады деп жоспарланған. Аула инфрақұрылымының жақсарғанына тұрғындар да дән риза.

– Мемлекет басшысы азаматтарға қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру міндетін қойды. Осы мақсатта Талдықорған қаласының бюджеті 30 пайызға ұлғайтылды. Қосымша қаражат тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған өзекті мәселелерді шешуге жұмсалуда, – деді мердігерлермен және қала тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы.

Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компания өкілдерінің мәліметінше, жоба сәуір айында басталған. Қазан айының соңына дейін 19 ауланы жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта жұмыс 12 нысанда қатар жүргізілуде. Абаттандыруға 22 техника жұмылдырылып, 70-тен астам адам еңбек етуде.

– Ұлан шағынауданының қалай өзгергенін көрдік. Осындай жұмыстардың біздің ауданымызда басталғанына өте қуаныштымыз. Үйлеріміздің қасбеттері салынғаннан бері, яғни қырық жылға жуық уақыт жөнделмеген еді. Қаладағы оң өзгерістер бәрімізді қуантады, – дейді тұрғындар.

Өткен жылы Ұлан, Жетісу және Жұлдыз шағынаудандарындағы аулалар жөнделсе, биыл Самал, Жастар, Мүшелтой, Болашақ, Көктем және Ғарышкер шағынаудандарында жұмыстар жалғасуда.

– Биыл 19, келер жылы 20 шақты ауланың құрылысы іске асады. Қосымша көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, саябақтарға суару жүйесін қосамыз. Жетісу деген киелі мекен аты затына сай болғаны жақсы емес пе?! Ең бастысы тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалады, – деді облыс басшысы.

Биыл 33 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры мен Жансүгіров көшесі бойындағы 30 үйдің қасбеттерін жөндеу жоспарланған. Жұмыс барысында жаңа технологиялар қолданылып, ғимараттар заманауи әрі жағымды түстермен боялады. Ұзақ жыл жөндеу көрмеген бұл үйлердің тұрғындары үшін де қолға алынған жұмыстар үлкен қуаныш болды.

2023-2025 жылдары 80 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жөнделген. Ал 2026 жылы 33 тұрғын үйдің шатырын және Жансүгіров көшесінің бойындағы 30 үйдің қасбетін жөндеу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта осы жобалар бойынша конкурс рәсімдері жүргізілуде.

Облыс әкімі Жансүгіров көшесіндегі жылыту құбырларын тарту жұмыстарын да көрді. Мердігер компания өкілдері нысанды қазан айына дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр. Асфальт жабындысын қалпына келтіру аталмыш мердігердің жауапкершілігінде. Аймақ басшысы жалпы ұзындығы 7 шақырымды құрайтын жылу желісін келер жылға қалдырмай, сапалы аяқтауды ескертті.

2022-2025 жылдары 25,1 шақырым жылу желісі күрделі жөнделіп, қайта жаңғыртылды. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 61 пайызға төмендеді.

– Жылу желілерін жөндеу кезінде заманауи техникалық талаптар, қауіпсіздік және сапа стандарттары қатаң сақталуы тиіс. Бұл тек құбырларды ауыстыру ғана емес, ұзақ жылдар бойы халыққа қызмет ететін сенімді жүйе қалыптастыру мәселесі. Негізгі жұмыстар аяқталғаннан кейін желілердің беріктігі мен жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін міндетті түрде қысыммен сынау жүргізілуі тиіс. Бөлінген қаражат сапалы әрі белгіленген мерзімде игерілуі керек. Бәрі келесі жылға қалдырылмай, толық көлемде орындалуы қажет, – деді облыс әкімі.

Жұмыс мамыр айының соңында басталған. Оларды қыркүйектің соңына дейін аяқтау көзделген. Мердігер ұйым тамыз айында асфальт төсеуді жоспарлап отыр. Компания барлық жұмысты жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтап, тұрғындарды жылумен уақытылы қамтамасыз етуге уәде берді.

Алдағы екі жылда Талдықорғанның негізгі көшелері толық жаңартылып, заманауи талаптарға сәйкестендірілуі тиіс. Бұл – облыс басшылығының қала әкіміне жүктеген маңызды міндеттерінің бірі. Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Шевченко, Ескелді би және Дайыров көшелеріндегі жұмыстардың барысымен танысты.

Облыс басшысы жол мәселесі де кезең кезеңімен толық шешіліп жатқанын тілге тиек етті. Биыл негізгі жол құрылысының жұмыстары толық аяқталмақ.

– Бүгінде жиырма-отыз жыл бойы жөндеу көрмеген көшелерді жаңартып жатырмыз. Биыл облыс орталығындағы негізгі жолдардың жөндеуін аяқтаймыз. Мәселен, Назарбаев даңғылындағы жұмыстардың басым бөлігі орындалды, Жансүгіров көшесінің жөндеуі де аяқталады. Қабанбай батыр көшесі өткен жылы толық ретке келтірілді. Биыл тағы 11 көлденең көше жөнделеді. Келесі жылы АКЛ ауданынан орталық бассейнге дейінгі даңғыл жөнделеді. Жансүгіров және Қаблиса жырау көшелерінің жекелеген учаскелеріндегі жұмыстар аяқталады. Әуежайға баратын айналма жолдағы жұмыстарды да толық аяқтау жоспарланған. Осылайша екі жыл ішінде қаланың негізгі жол желісі түгел қамтылады. Осы жобалар жүзеге асқаннан кейін облыс орталығындағы автомобиль жолдарын қайта жаңғырту мәселесі толық шешімін табады, – деді аймақ басшысы.

Осы мақсатта 2026 жылы қала мен саяжай массивтеріндегі жалпы ұзындығы 29,9 шақырым болатын 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Тәуелсіздік пен Тынышбаев көшесіне асфальт төселуде. Ұлттық жол активтері сапасы орталығының мамандары тексеруді тұрақты жүргізуде.

– Жұмыстар сәуір айында басталды. Жөнделетін учаскенің ұзындығы 1 шақырым 720 метр. Жоба аясында 4700 дана бордюр орнатылып, үш орамда ені 2 метр болатын тротуарлар салынды. Қазіргі таңда негізгі жұмыстар аяқталды. Осы аптаның соңына дейін асфальт төсеу жұмыстары толық бітеді. Бұл іске 30-ға жуық жұмысшы мен 22 техника жұмылдырылды. Енді шамамен 4-5 күнде жұмысты өткіземіз. Біз сапаға ерекше көңіл бөлеміз. Сондықтан жұмыс барлық талапқа сай атқарылуда, – дейді «Марлан А» ЖШС директорының орынбасары Әділет Әділғазин.

Өңір басшысы жауапты мекемелерге құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейтуді жүктеді. Мердігерлерге істі сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды, тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің ескерілуіне баса мән беруді тапсырды.

Еңлік Кенебай
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Әлем чемпионаты алдында. Қай құрамаға жанкүйерсіз?

Әлем чемпионаты алдында. Қай құрамаға жанкүйерсіз?

11.06.2026
Еліміздің барлық өңірінде «Жас құтқарушы» жарыстары мәресіне жетті

Еліміздің барлық өңірінде «Жас құтқарушы» жарыстары мәресіне жетті

11.06.2026
«Жеке менеджер» қызметі жетісулықтар арасында сұранысқа ие

«Жеке менеджер» қызметі жетісулықтар арасында сұранысқа ие

11.06.2026
Президент Алатау қаласын дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындады

Мемлекет басшысы бірнеше заңға қол қойды

11.06.2026
Менің ауылым

Менің ауылым

11.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.