Талдықорған: +26°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ауылдан басталған арман

15.06.2026
КҮНДЕРЕК
Ауылдан басталған арман

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Айдыны аймен шағылысып жарқыраған, толқыны жағаға соғып арқыраған Алакөл өңірі тағы бір тарихи сәттің куәсі болды. Ғылым мен технологияның, білім мен болашақтың тоғысқан мерекесіне айналған «LEPSI FEST – 2026» фестивалі биыл Лепсі ауылында ұйымдастырылды. Жоңғар Алатауының баурайындағы киелі мекенге еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келген жас өнертапқыштар, студенттер, ұстаздар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері жиналды.

Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев Лепсі ауылында халықаралық деңгейдегі фестивальдің өтуін өңір үшін айтулы оқиға деп бағалады.

– Алақандай ауылда осындай халықаралық шараның ұйымдастырылуы – үлкен жетістік. Игі бастаманың жүзеге асуына үлес қосқан азаматтарға облыс әкімінің және барша Жетісу жұртшылығының атынан алғысымды білдіремін. Әсіресе ауылдың дамуына жанашырлық танытып жүрген Бауыржан Оспанов пен Сауат Мыңбаев ағаларымыздың еңбегі зор, – деді ол.

Ал белгілі кәсіпкер Бауыржан Оспанов фестивальдің негізгі мақсаты – ауыл балаларының ғылымға деген қызығушылығын арттыру екенін айтты.

– Игі іске ұйытқы болып жүрген ауыл азаматтарына алғыс білдіремін. Біздің мақсатымыз – физика мен математикаға бейімі бар балаларды технология мен жасанды интеллект әлеміне жетелеу. Бүгінгі таңда әлем өндірісі роботтандыру дәуіріне қадам басты. Ертең зауыттар мен өндіріс орындарында жаңа технологиялар жұмыс істейді. Соған дайын болатын жастарды бүгіннен тәрбиелеуіміз қажет. Сондықтан мұндай фестиваль алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді кәсіпкер.

Жұмабай Мұсабеков

Жиын барысында жастар да өз әсерлерімен бөлісті. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 4-курс студенті Мейірбек Смат экологиялық электромобильдер жарысына қатысу үшін арнайы келгенін айтып, фестивальдің ұйымдастырылуына жоғары баға берді.

– Біз құрастырған электромобильді бір ай бойы дайындадық. Қазір жарысқа толық дайынбыз. Мұндай жобалардың ауыл ішінде өткізілуі жастарға ерекше серпін береді. Лепсіде ұйымдастырылған фестиваль жоғары деңгейде өтті, – деді ол.

Шара барысында ауылдың ақылман қариясы Советхан Нүсіпов ақ батасын беріп, ғылым жолына қадам басқан жастарға ақжарма тілегін арнады. Ақсақалдың өнегелі сөзі мен ақ батасы фестивальге жиналған көпшілікке ерекше рух сыйлады. Осылайша ақтілекпен басталған фестивальдің негізгі бағдарламасы ғылым мен технология мерекесіне ұласты.

Фестивальдің алғашқы бағыты халықаралық FIRST Tech Challenge робототехника чемпионатына арналды. USTEM Foundation қолдауымен ауылдық жерде тұңғыш рет ұйымдастырылған ұлттық кезең жас өнертапқыштардың басын қосты. Қатысушылар әлемдік мұхитты тазарту тақырыбына арналған роботтарын таныстырып, техникалық шешімдері мен инженерлік ойлау қабілеттерін көрсетті.

Шара FUTURE RACE – DAKAR экологиялық электромобильдер жарысымен жалғасты. Бұл сайыста жоғары оқу орындарының студенттері өз қолдарымен құрастырған көліктерін жарыс жолына шығарды. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Назарбаев Университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті және Жыланды мамандандырылған лицей-интернатының командалары бақ сынады.

Фестиваль аясында ұйымдастырылған OPEN DAY алаңы ауыл оқушылары үшін ерекше мүмкіндік сыйлады. Мұнда еліміздің беделді жоғары оқу орындарының өкілдері талапкерлермен кездесіп, білім беру бағдарламалары, грант мүмкіндіктері мен мамандық таңдау мәселелері жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

NASA жобаларының жеңімпаздары өткізген шеберлік сабақтары да көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Қатысушылар зымыран құрастырудың қыр-сырын меңгеріп, дайындалған үлгілердің көкке самғауын тамашалады.

Alem Drone League ұйымдастырған дрондар аймағында Drone Simulator, Drone Football және Tiny Whoop санаттары бойынша жарыс өтті. Қатысушылар тәжірибелі мамандардан дәріс алып, заманауи технологияның мүмкіндіктерімен танысты.

Фестивальге Алматы, Астана қалаларынан, Ақмола және Алматы облыстарынан, сондай-ақ Өзбекстанның Ташкент қаласынан келген командалар қатысты. Халықаралық сипат алған бұл шара ауыл жастарына жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, ғылым мен технологияға деген қызығушылықты арттырды.

Лепсі төрінде өткен фестиваль бір күндік шарамен шектелген жоқ. Ол ауыл жастарының үлкен армандарына қанат бітіріп, білім мен инновацияның ауылдан басталатынын айқын көрсетті. «LEPSI FEST – 2026» ғылымға құштар ұрпақтың басын қосқан тағылымды алаң ретінде есте қалды.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Ауылдан басталған арман

Ауылдан басталған арман

15.06.2026
Талдықорғанда есірткіге қарсы акция ұйымдастырылды

Талдықорғанда есірткіге қарсы акция ұйымдастырылды

15.06.2026
«Әскерге жолдама» ұтып алған жаркенттік азамат ант қабылдады

«Әскерге жолдама» ұтып алған жаркенттік азамат ант қабылдады

15.06.2026
Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік

Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік

15.06.2026
Алаш рухын ұлықтаған

Алаш рухын ұлықтаған

15.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.