Талдықорған: +29°C
$ 491.37
€ 570.48
₽ 6.78
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жазғы демалыстың жарқын сәттері

16.06.2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
Жазғы демалыстың жарқын сәттері
WhatsAppTelegramFacebook

Жазғы демалыс – әр баланың асыға күтетін ең бақытты кезеңі. Үш айлық демалыс тек тынығу уақыты ғана емес, жаңа достар тауып, қызықты оқиғаларға толы күндерді бастан өткеретін ерекше шақ. Сондықтан балалар үшін жаздың ең қызықты мекені – лагерь екені анық.

Биыл облыста оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Өңір бойынша 120 мыңға жуық баланы сауықтыру, демалыс және танымдық бағдарламалармен қамту жоспарланған. Оқушылардың бір бөлігі қала сыртындағы лагерьлерде тынықса, енді бірі мектеп жанындағы алаңдарда, туристік жорықтарда, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларда бос уақыттарын тиімді өткізуде.

Облыстағы «Алтын Шажа», «Эдельвейс», «Бастау», «Қарлығаш», «Шағала» секілді лагерьлер жаз бойы бірнеше ауысыммен жұмыс істеп, мыңдаған баланың шаттыққа толы демалысын ұйымдастыруда.

Текелі қаласында да балалардың жазғы демалысына ерекше көңіл бөлінген. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, биыл 4569 оқушы түрлі танымдық, экскурсиялық, туристік, спорттық және дебаттық бағыттағы шаралармен қамтылады. Әсіресе әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балалардың демалысын ұйымдастыру басты назарда тұр. Қазіргі уақытта қала мектептері жанындағы лагерьлерде жүздеген оқушы жазғы демалыстың қызығын көруде. Дегенмен балалар үшін ерекше әсер сыйлайтын орын – табиғат аясындағы сауықтыру лагерьлері. Мұнда олар тек тынығып қана қоймай, жаңа достар тауып, өз қабілеттерін шыңдап, ұжыммен жұмыс істеуді үйренеді.

Жалпыға міндетті білім беру қоры, демеушілер, ата-аналар және кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен биыл 1304 бала жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалу мүмкіндігіне ие болды. Қала аумағындағы «Алтын Шажа», «Эдельвейс» және «Бастау» лагерьлері балаларды қабылдап жатыр. Оның ішінде «Эдельвейс» лагері бір ауысымда 200, «Бастау» лагері 150 баланы қабылдай алады.

Ал балалардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналған «Алтын Шажа» лагері өткен аптада екінші ауысым жұмысын бастады. Бір мезетте 220 баланы қабылдайтын лагерьде олардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын ұйымдастыру үшін аға тәрбиеші, 7 тәрбиеші, психолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, музыка жетекшісі және медицина қызметкерлері еңбек етуде.

Лагерьдің аға тәрбиешісі Гүлжан Қожахметованың айтуынша, әр ауысым жеті күнге созылады.

– Біз балалардың әр күнін қызықты өткізуге тырысамыз. Түрлі байқау, ойын, спорттық жарыс ұйымдастырамыз. Балалар тауға серуендеп, табиғат аясында демалады. Футбол, волейбол, баскетбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындары өткізіледі. Психологиялық тренингтер мен ағылшын тілі үйірмесі де жұмыс істейді. Ең бастысы – балалардың қауіпсіздігі. Тәрбиешілер тәулік бойы кезекшілік атқарады, – дейді ол.

Қазіргі таңда лагерьде Панфилов ауданынан келген 220 оқушы демалуда. Бұған дейін алғашқы кезеңде Көксу ауданының балалары тыныққан болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауысым аяқталған кезде балалардың көбі лагерьді қимай қайтады. Бұл – атқарылған жұмыстың нәтижесін көрсететін ең үлкен баға.

«Алтын Шажа» лагері 18 тамызға дейін жұмысын жалғастырады. Осы уақыт аралығында жүздеген бала таза ауада тынығып, денсаулығын нығайтып, жазғы демалыстың жарқын сәттерін бастан өткермек. Өйткені балалық шақтың ең тәтті естеліктері көбіне дәл осындай лагерь өмірінен бастау алады.

Сарби ӘЙТЕНОВА
Текелі қаласы

Қатысты жаңалықтар

І. Жансүгіров ауылында «Халық әуені» өнер кеші өтті

І. Жансүгіров ауылында «Халық әуені» өнер кеші өтті

16.06.2026
Қазақстанның бірнеше өңірінде 40 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстанның бірнеше өңірінде 40 градусқа дейін ыстық болады

16.06.2026
110 бала жазғы демалысын «Айналайын» орталығында өткізеді

110 бала жазғы демалысын «Айналайын» орталығында өткізеді

16.06.2026
Жазғы демалыстың жарқын сәттері

Жазғы демалыстың жарқын сәттері

16.06.2026
Ауылдан басталған арман

Ауылдан басталған арман

15.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.