16 маусымда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі мәлім етті.
Жетісу облысында облыстың оңтүстігі, орталығы және таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстік, шығыс және таулы аймақтарда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі, ал шығыс және батыс бөліктерінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай болжанған.
Батыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз батыс және солтүстік бөліктерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі өңірдің басым бөлігінде сақталады. Орал қаласында да түнгі уақытта жауын-шашын мен найзағай болады.
Маңғыстау облысында солтүстік-шығыс, оңтүстік және орталық аудандарда жаңбыр жауады. Батыс бөлігінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Жел екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Ақтауда тұман мен жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай болады. Ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Өңірдің бірқатар бөліктерінде жоғары және төтенше өрт қаупі жарияланды.
Қарағанды облысында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Кей аумақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ болуы мүмкін. Желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.
Атырау облысында түнгі уақытта жауын-шашын мен найзағай болады. Күндіз 35 градусқа дейін ыстық сақталып, өңір бойынша жоғары өрт қаупі жарияланған.
Ақтөбе облысында күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ болуы ықтимал. Оңтүстік бөлікте қатты ыстық пен төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда облысында ауа температурасы 40 градусқа дейін жетіп, төтенше өрт қаупі сақталады. Кей аудандарда жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанып отыр. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Абай облысында да жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел байқалады. Ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі.
Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен тұман болады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және түнгі тұман тіркелуі мүмкін.
Жамбыл облысында таулы аймақтарда және кей бөліктерінде өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және тұман болуы ықтимал. Желдің күшеюі байқалады.
Алматы облысында батыс, оңтүстік және таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жауады. Ауа температурасы 35-38 градус аралығында болады. Алматы мен Қонаев қалаларында қатты ыстық сақталып, жоғары өрт қаупі жарияланған.





