Талдықорған: +15°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әскери ант – Отан алдындағы қасиетті серт

18 маусым 2026
КҮНДЕРЕК
Әскери ант – Отан алдындағы қасиетті серт
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу гарнизонына қарасты 18386 әскери бөлімінде жас сарбаздардың Әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. Ел қорғаны болуға бел буған отызға жуық жас сарбаз Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант берді. Олардың барлығы – Жетісу облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар.

Әскери ант қабылдау – әрбір сарбаздың өміріндегі ең маңызды әрі жауапты сәттердің бірі.Салтанатты рәсім әскери бөлімнің жауынгерлік туы алдында ұйымдастырылып, жас жауынгерлер ант мәтінін нық сеніммен және зор мақтанышпен оқыды.

Айрықша маңызды шараға сарбаздардың ата-аналары мен жақындары арнайы келіп қатысты. Ұлдарының ел алдындағы жауапты міндетті атқаруға қадам басқан сәтіне куә болған олар толқыныс пен мақтаныш сезімдерін жасырмады.

Мерекелік іс-шара барысында әскери қызметшілердің қатысуымен арнайы әскери көрсетілім ұйымдастырылды. Жиналған қауым жауынгерлердің саптық дайындық деңгейі мен әскери машықтарын тамашалады. Сонымен қатар патриоттық әндер орындалып, әскери рухты көтеретін концерттік бағдарлама ұсынылды.

Салтанатты рәсімнің шарықтау шегі әскери бөлімнің жеке құрамының саптық шеруі болды. Әскери тәртіп пен бірліктің үлгісін көрсеткен сарбаздар мен әскери қызметшілер мерекелік маршпен жүріп өтіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

– Бүгіннен бастап жас сарбаздар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің толыққанды жауынгері атанып отыр. Олардың бойынан жауапкершілік пен патриоттық рухты көріп отырмыз. Отан қорғау – үлкен мәртебе әрі қасиетті міндет, – дейді 18386 әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Медет Алекеев.

Әскери ант қабылдау рәсімі жас жауынгерлердің әскери өміріндегі жаңа кезеңнің бастауына айналды. Енді олар жауынгерлік дайындықтарын жетілдіріп, еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғау жолында қызмет ететін болады.

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

54 түрлі өнім ұсынылды

54 түрлі өнім ұсынылды

Бүгін, 10:43
Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.