Облыс бойынша 2022-2025 жылдары 1 млн. 318,6 мың гектар пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жері анықталды. Оның ішінде 712 мың гектары қайтадан игеріле бастаса, 606,6 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды және геопорталға енгізілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Жылдар бойынша мемлекет меншігіне қайтарылған жер көлемі төмендегідей:
- 2022 жылы – 100 мың гектар жер қайтарылып, 128,5 мың гектар игерілді;
- 2023 жылы – 220 мың гектар жер қайтарылып, 246,5 мың гектар пайдалануға берілді;
- 2024 жылы – 90 мың гектар жер қайтарылып, 127,6 мың гектар игерілді;
- 2025 жылы – 90 мың гектар жер қайтарылып, 104 мың гектар ауыл шаруашылығы айналымына тартылды.
Биыл пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша 40 мың гектарлық жоспар бекітілген. Бүгінгі күнге дейін 32,6 мың гектар жер қайтарылып, жоспардың 81,6 пайызы орындалды.
Қайтарылған 606,6 мың гектар жердің барлығы ауыл шаруашылығы айналымына тартылды. Оның ішінде:
- 334,6 мың гектар жер фермерлік шаруашылықпен айналысатын азаматтарға берілді;
- оның 233,5 мың гектары конкурс арқылы;
- 101,1 мың гектары инвестициялық жобалар мен өзге де бағыттар бойынша үлестірілді.
Сонымен қатар, 272 мың гектар жайылымдық жер елді мекендердегі тұрғындардың жеке ауласындағы малды жаю қажеттілігі үшін бекітілді.





