TOPIQ – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің талаптарына сай 1-11-сынып оқушыларына арналған мультимедиялық цифрлық оқулықтар платформасы. Бұл компьютер, планшет және смартфон арқылы жұмыс істейді.
Платформаны дәстүрлі оқулықтың электронды нұсқасы деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда мұнда жаттықтырушы тест, бейнематериалдар және білімді бекітуге арналған интерактивті тапсырмалар бар. География пәнінің мұғалімі ретінде 7-8 сыныптарда платформаны жүйелі түрде қолданып келемін. Сабақ барысында платформаның интерактивті карта, бейнематериал мен тест тапсырмалары оқушыларымның пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оқу материалын жақсы меңгеруге де ықпал етті. Әсіресе табиғат компоненттері, климат, гидросфера, дүниежүзінің аймақтары және Қазақстан географиясы тақырыптарын түсіндіру барысында визуалды материалдардың тиімділігі жоғары. Оқушылар ақпаратты тыңдап қана қоймай, көріп, тапсырмалар орындау арқылы білімін бекітеді.
Ұстаз үшін де мүмкіндіктері жеткілікті. Біріншіден, мұғалімде оқу процесін бақылай алса, екіншіден, сабақтың барлық кезеңінде қолдануға ыңғайлы.
Яғни, платформаны жаңа тақырыпты түсіндіруде, білімді бекітуде, өзіндік жұмыс ұйымдастыруда, оқуды тексеруде және кері байланыс беруде ұтымды пайдалануға болады. Үшіншіден, уақыт үнемдейді. Ондағы цифрлық тапсырмалар мен автоматты бағалау жүйесі мұғалімге әр оқушының нәтижесін жылдам талдауға мүмкіндік береді.
Өз тәжірибемде TOPIQ платформасын пайдалану сабақтарымның тиімділігін арттырып, оқушылардың цифрлық білім беру ресурстарына қызығушылығын күшейткенін байқадым. Платформа мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқушы белсенділігін арттыратын, білім сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін заманауи тиімді құралға айналды. ХХІ ғасырдың альфа ұрпақтары жаңа технологияны ерте жастан меңгеруге бейім, жасанды интеллектімен біте қайнасып өсіп жатыр. Осындай кезеңінде оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға үлес қосып отырған платформа десек артық емес.
Нұргүл ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарашілік орта мектебінің география пәні мұғалімі.
Ақсу ауданы





