Талдықорған: +20°C
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Талқы» құрал ма, құндылық па?

21.06.2026
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
«Талқы» құрал ма, құндылық па?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ сөзінің мәні мен мағынасы жөнінде жазылған тау-тау еңбектердің денін парақтап-тарақтап шыққан ғалымдардың нұсқауына сүйенсек, бір ғана сөзде сан мағына жатқанын аңғаруға болады. Журналистика саласындағы он жылдың ішінде дәстүр хақында біртарау әңгіме қозғасақ та, халықтың тұрмыс салтымен, ұстаным һәм құндылығымен желісі үзілмей бізге жеткен қазақ (түркі) сөздерінің мағынасын айшықтауда әлі де шабан тартып жатқандай көрінеміз. Бұл орайда ендігі межені «Талқы» сөзіне тіреп, осы хақында аз-кем толғануды жөн санадық.

«Су төбінде жатқан тас, жел толқыса шығады», – деп Асан Қайғы бабамыз тереңдікте жатқан дүние бір себеп арқылы көрініс табатынын шешен тілмен айшықтайды. Таза мінсіз асыл сөздің де шер арқылы түйдек-түйдегімен төгілетінін осы мысалдың жалғасынан аңғаруға негіз бар. Сол айтылғандай, біздің «Талқы» сөзі туралы толғануымызға ел басылымы «Егемен Қазақстанға» шыққан қос бірдей мақала себеп болып отыр. Онда жарияланған мақалалар мазмұндас келуімен, «Талқы» тақырыбымен өзіне зейін қоюға жетеледі. Жалпы мақаланың жазылуы, мақсаты айқын. Қаузалған дүние өзекті. Десе де «Талқы» сөзіне қатысты тағы бір дүниені ескермей кеткендіктен, сол журналистердің жазбасын толықтыруды мақсат тұттық.

Текті жұрттың ауызекі баяндау тілінде «талқыға түсті», «талқыға салынды» немесе «талқыланды» дейтін сөз тіркестері жиі кездеседі. Бұл мәтін мағыналық тұрғыдан «сөйлесілді», «келісілді» қатарлы ұғымдардың синонимі іспетті екенін, бұл орайда жалпы «талқы» атауы нені білдіреді, оның мағынасы қандай әрі бұл нендей зат дегенге тоқталуды Бекен Қайратұлы өзек ете отырып: «Бұл тақырыпты қаузауға түрткі болған дүние – тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев әлеуметтік желі арқылы «талқы» туралы сөз қозғап, интернетті ақтарып, бұл бұйым туралы толыққанды мәлімет кездестіре алмағаны және фотобейнесі де қолжетімді емес екені жайында жазыпты. Атам қазақ «көзден кетсе, көңілден кетеді» дегеніндей, «талқы» қазір көзден де, көңілден де кеткелі қашан», – деп толғанады. Осылайша қазақтың талқы сөзінің уикипедиялық анық анықтамасында «Талқы – теріні керіп, созып, иін қандыра жұмсартатын ағаш аспап» деп жазылғанын алға тартады.

Негізінен бұл дереккөзде келтірілген мәлімет дұрыс. Яғни қой-ешкі сияқты ұсақ мал терісінің иін қандыру үшін немесе ірі қара малдың терісінен таспалап тілінген жалпақ қайысты жұмсартып, ер-тоқым жабдығын жасау үшін бұл бұйымды кешегі бабаларымыз, аталарымыз қолданып келген.

Журналист өзінің зерттеуі бойынша: «Академик жазушы Сәбит Мұқанов: «Жүні жидіген теріні жайып кептіреді де, оның құрыс-тырысын жазу үшін «талқы» деп аталатын тістері кедір-бұдыр сайманмен созғылайды. Міне, осылай иленген, талқыланған терінің аты – қайыс» деп жазса (Мұқанов. С. «Халық мұрасы» – Алматы:  Жазушы, 2005. – 135 бет), 2013 жылы Ұланбатыр қаласында жарық көрген Биқұмар Кәмалашұлының «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты көлемді еңбегінің 360-ыншы бетінде: «Қазақ халқының тері илеу дәстүрінде терінің иін қандырып, жұмсартып икемге келтіру үшін оны талқыға салады. Талқы қазақтың тері иін қандырып, жұмсартатын құралдарының бірі», депті», – деген ақрапын айшықтай отырып, «Талқыға түсті», «Талқыға салынды», «Талқыланды» деп келетін сөздердің мағынасы бір даулы мәселені әбден кеңесіп, толық шешімін шығару деп келтіреді.

Пайым мен парасат арқылы өрілер осындай нақты мысалмен айшықталған жазба кімді де болса қызықтыратыны сөзсіз. Байырғы мәдениетімізде қолданылыған, тұрмыс-салтымызда кәдеге асқан талқы құралын жасау үшін аша ағаш таңдап алынады да, оның тұйық басына және ортасына басқанда төмен түсетін сүймен-тұтқа орнатылады. Ал баспа ағаштың басы ашаға көлденең мұрындықталады. Бұл мұрындық ағашты тиек немесе бастырық деп атайды. Аша ағаштың беткі жақ тілінде керілген тістері (қышыры) болады.

Журналист дерегіне сүйенсік, ұзындығы 159 см, ашасының айыры 40 см, тілі 141 см болатын талқы Алматыдағы Мемлекеттік орталық музей қорында сақтаулы тұр екен.

Бұрындары ауыр жұмыс түріне жатқан талқы басу тұралы түсінікті журналист Ұ. Исабекова: «Талқы – тері илеуде қолданылатын ағаш құрал. Ол аша бұтақты талдан жасалады. Ашасының бетінде кертілген тістері болады. Аша ағаштың түйіскен астыңғы жағы талқының тілі сұғылатындай етіп кертіледі. Талқының тілі қисықтау келген жұмыр ағаштан дайындалады. Оның бір шеті қолмен ұстауға қолайлы болу үшін жұмыр күйінде қалдырылып, теріге келетін басы тіс-тіс етіп кертілген», – деп түсіндіреді. Сонымен қатар: «Негізінен талқы басу – шыдам­дылықты, төзімділікті қажет етеді. Тері біраз уақыт басылғаннан кейін оны жазып, басылмаған жерін талқы тіліне келетіндей етіп бүктеп, қайта салады. Осылайша, талқыға түскен тері құрыс-тырысы жазылып, жұмсара түседі.

Тері әбден басылып болғаннан кейін оның қалып қойған шеттері тазаланып, жылқының немесе балықтың майымен майланады. Осылайша, тұрмысқа қажетті қайыс әзірленеді», – деп түсінік бере кетеді.

Қарап отырсақ, қос журналист жазбасынан талқы құралының маңызы мен мәні, сол арқылы пайда болған «талқыға түсті», «талқыланды» деген секілді сөз тіркестерінің өзектілігін түсінеміз. Қуанамыз. Іштей қазақтың шұрайлы тілінің, сөздің қоржынының бір жақұтын алқа қылып мойынға таққандай әсерге бөленеміз. Алайда, «талқы» сөзі мұнымен шектелмейді.

 Қазақтың салт-дәстүрлі туралы жазылған еңбектерді оқи отырып «Талқы» сөзінің өзгеше мағынасы барын аңдадық. Тарих ғылымдарының кандидаты Досымбек Қатыран: «Қазақтың дәстүрлі ас-тағам мәдениеті» тақырыбында берген еңбегінде кісі өлімі, жаназа жоралғылары жөнінде де ауқымды ой қозғайды. Сол еңбекте «Талқы» сөзі бұрындары оқылған дұға» деп толғанады.

Ақын, этнограф Қасымхан Бегмановтың «Қазір ұмытылған қандай діни жоралғылар бар?» деген сұрағына Досымбек Қатыран: «Соңғы қырық-елу жыл көлемінде өлкіті жөнелту салтында қолданыстан шығып қалған діни жоралғыларының бірі – талқы оқу деген. Мәйіт жерленіп, дұға оқу, құран бағыштау сияқты жосындар атқарылған соң жерлеуге келген сүйекшілер қайта бастаған кезде молда мен ет жақын туыстарынан бір-екі адам бейіт басында қалып, сүйекшілердің ұзап кетуін күтеді. Дәстүрлі түсінік бойынша, осы кезде марқұмның жаны Мәнкүр-Нәңкірдің сұрақтарына жауап беру үшін денесіне қайта оралады. Қойған сұрақтарға марқұм дұрыс жауап бере алса қиналмайды, егер жауап бере алмаса аталған екі періште күрзі деп аталатын қаяқпен ұрады деседі. Марқұм қатты қиналып, кеудесін қара жер баса түсетін көрінеді. Осы сәтте сұрақтарға жауап беруіне көмектесу үшін молда «талқы» деп аталатын қатты дауыстап оқиды», – деп жауап берген.

Тарихты түгендеп жүрген ғылым адамының сөзіне сенсек, «талқы» тек қазақ тұрмыс-салтындағы құрал ғана емес, бұл адам өмірден өткенде тағдырының қос періште арқылы талқыға түсуі, сонда көмек болсын деп оқылатын дұғаның атауы екенін байқаймыз. Бұл жөнінен келгенде Д. Қатыран «Ел арасынан жиналған этнографиялық мәліметтерде талқы оқу жағдайында ерекше жағдайлар болғаны баяндалады» дей келе періштелердің сұрағы қиын болып, жауап беру ауыр өткен жағдайда марқұмның жанымен бірге арпалысқа түскен молда талқы дұғасын оқып болған сәтінде талып кетеді екен. Мұндай сәт туса зират басындағы жігіттер молданы көтеріп алып қашады-мыс. Қабірден алыстатудың мәні – молданы аман алып қалу қамы екен.

Осындай оқиғалар ел ішіндегі ауыз-екі әңгімелерде аңызға бергісіз баяндалып та тұрады. Ал талқы оқып, марқұмның жаны биікке көтерілуге көмектескен молдаға бақилық жанның туыстары мейлінше құрмет көрсетіп, сый-сыяпат беруге міндетті екен.

Қарап отырсақ, әлемге киіз үй, жабайы жылқыны қолға үйрету арқылы-ақ өркениет таратқан қазақтың әрбір сөзінің мағынасы терең екенін аңдаймыз. Ал бұл орайда біз оқырманға «Талқы» сөзінің қос түрлы мағынасын барынша ашып бердік-ау деп ойлаймыз.

Алайда тағы бір мысалды дін ғалымдары тарапынан айшықтап өткіміз келеді. Дін ғалымдары, талқы оқу, яғни діни термин бойынша баяндасақ «талқин оқу» ғұрпы өлген адамға емес, жаны кедесінен шығайын деп жатқан адамға айтылатын дұға дейді. Кімде-кім өмірден кәлима айтып бақиға бет түзесе, оның арғы өмірі нұрлы болады екен, сондықтан да талқин оқу, жанымен арпалысқан адамның ақ сөйлеп аттануына көмектесер дұға деп есептейтін көрінеді. Мәселен «Қазақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының ислам шариғатымен үйлесімі» кітап бойынша дайындалған, «Үммет.кз» сайтындағы материалда былайша баяндалады: «Талқин сөзі араб тілінде «кез келген бір ойды басқа біреуге үйрету, жаттату» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғатта мәйіт қабірге қойылып Құран оқып болған жұрт тарқаған соң, бірнеше кісі қабірдің басында иман негіздерін дауыстап біраз уақыт бойы айтып тұруын талқин деп атайды. Бұл іс қабірге қойылған адам қос періштенің сұрақтарына қиналмай жауап берсе екен деген ниеттен туындаған. Бұл рәсімнің түп негізі ардақты пайғамбарымыздың (с.а.с) хадисінен шығатындығын ғұламалар растаған. Пайғамбарымыз (с.а.с) өзінің бір сөзінде: «Кімде кімнің ақырғы сөзі «Лә иләһә иллаллаһ» болса, барар жері жәннат болады» деген. Сондай-ақ, пайғамбарымыз (с.а.с) бір хадисінде: «Өлілеріңізге «Лә иләһә илалаһ» сөзін айтқызыңыздар» деген. Осы хадиске негізделе отырып мұсылмандар арасында өлі кісіге талқин оқу рәсімі қалыптасқан. Дегенмен, ғұламалар талқин оқуға қатысты әртүрлі пікірлерде болғандықтары жасырын емес. Мәселен, имам Нәуәуи жоғарыдағы хадисте «өлілеріңе» деп келген «мәутәкум» сөзін, «хал үстінде жатқан кісіге» деп түсіндірген. Яғни, дүниемен қош айтысып, кеудесінен шыбын жаны ұшып кеткен адамға емес, жаны шығайын деп, атау керін ішіп, ағайынымен арыздасып, қоштасып жатқан адамға талқин оқылады дейді».

Осындай ойлы жазбаларды парақтай-тарақтай отырып талқы атты дұғаның барын, ол мәйітке, не ақтық сапарға аттанар адамға оқылатынын пайымдаймыз. Сонымен қатар қазақтың әр нәрсені талқылап, кеңесуінің астарында талқыдай аспаптан өтіп, қайысының құрыс-тырысы жазылып, шындығы мен жалғаны айшықталып, түпкі мәнінін тапқан дүниеге қарата айтылатынын да аңдасақ керек. Ендеше, біз де қазақтың маржан сөздерінің әрбірін талқылап, мазмұнын біліп жүруге ниет танытуымыз керек-ақ.

АРДА БИ

Қатысты жаңалықтар

«Талқы» құрал ма, құндылық па?

«Талқы» құрал ма, құндылық па?

21.06.2026
Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

21.06.2026
Жас қылқалам шеберлері жемқорлыққа қарсы үн қатты

Жас қылқалам шеберлері жемқорлыққа қарсы үн қатты

21.06.2026
ЖИ мен МИ

ЖИ мен МИ

21.06.2026
Аида Балаева қазақстандықтарды Әкелер күнімен құттықтады

Аида Балаева қазақстандықтарды Әкелер күнімен құттықтады

21.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.