«Қазгидромет» РМК мәлімдеуінше, 22 маусымда Жетісу облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Синоптиктердің болжамынша, облыста күн қатты ысиды. Күндіз ауа температурасы 35-41 градусқа дейін көтеріледі.
Сонымен қатар өңірдің таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Осыған байланысты тұрғындарға сақтық шараларын сақтау ұсынылады.
Мамандардың мәліметінше, Жетісу облысында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр. Осыған байланысты орманды және дала алқаптарында от жағудан, жанғыш заттарды қараусыз қалдырудан аулақ болу қажет.
Төтенше жағдай қызметі тұрғындарды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, алыс жолға шыққанда сақ болуға және ресми хабарламаларды бақылап отыруға шақырады.





