Талдықорған: +34°C
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Бірлескен іс нәтижелі

23.06.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Бірлескен іс нәтижелі
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулы Су Фанцюмен кездесті. Қос тарап экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты талқылады.

Кездесуде аймақ басшысы Су Фанцю мырзаны Бас консул қызметіне тағайындалуымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.

– Жетісу облысы жақында ғана құрылды. Осы уақыт аралығында біз аймақтың қолда бар әлеуетін ескере отырып, экономикалық дамуының нақты бағыты мен жоспарын қалыптастырдық. Біздің аймақ Қытаймен 563 шақырымдық ортақ шекараға ие. Сондықтан көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға географиялық тұрғыдан тиімді орналасқан «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы зор үлес қосуда. Оның құрамына құрғақ порт, логистикалық және индустриялық аймақ, жалпы аумағы шамамен 5 мың гектар болатын өндірістік алаң кіреді. 600 гектардан астам аумақ инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, – деген аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика әлеуеті, туризм, «жасыл» энергетика салаларына, бірлескен инвестициялық жобаларға кеңінен тоқталды.

Бейбіт Өксікбайұлы «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы – сауда, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған бірегей кешен екенін, аймақ арқылы Қытайдан Еуропаға жүктерді 10 күн ішінде жеткізуге мүмкіндік беретін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі өтетінін айтты. Сонымен қатар 2029 жылға дейінгі инвестициялық қоржын жалпы құны 2,9 триллион теңгені құрайтын 145 жобаны қамтитынын, оларды іске асыру нәтижесінде 13,7 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын тілге тиек етті.

– Қытай инвесторларының қатысуымен өңірде 14 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның жетеуі биыл қолға алынған. Сонымен қатар жуырда қуаты 250 МВт болатын жел электр стансысын салуды жоспарлап отырған ірі қытайлық «Envision Energy» компаниясының өкілдерімен кездесу өткіздім. Жалпы, бізді, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде сүт, ет және жүн өнімдерін өңдеу саласындағы ұсыныстар қызықтырады. Өз тарапымнан облысымызда бизнес пен әлеуетті инвесторлар үшін заңнама аясында барлық қажетті әкімшілік және экономикалық жағдай жасалғанын атап өткім келеді, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысының жылы қабылдауына ризашылығын білдірген Су Фанцю Жетісу облысы екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды аймақтың бірі екенін жеткізді.

– Біз Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы мен Жетісу облысы арасындағы бауырластық байланыстар аясында өңір- аралық ынтымақтастықты жандандыруға мүдделіміз. Көлік-логистика, жаңартылатын энергия көздері, электрондық сауда және мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестікті кеңейтуге дайынбыз. Өз тарапымыздан «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында барлық бағыт бойынша өзара іс-қимылды нығайтып, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға әзірміз. Ең бастысы – татулық, достық нығая берсін. Екі елдің Президенттері айтқан нақты тапсырмаларды орындап, жақсы нәтижеге қол жеткізейік, – деді Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулы.

Кездесу соңында қос тарап алдағы уақытта бірлескен жұмыстан жақсы нәтиже шығаруға дайын екендерін жеткізді.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 3 млн теңгелік гранттар беріледі

Жетісуда 3 млн теңгелік гранттар беріледі

23.06.2026
Әуезді әнмен тербеген

Әуезді әнмен тербеген

23.06.2026
Шегірткемен күрес күшейді

Шегірткемен күрес күшейді

23.06.2026
Қапалдан қала табылды

Қапалдан қала табылды

23.06.2026
Аида Балаева қазақстандықтарды Әкелер күнімен құттықтады

Аида Балаева: Мемлекеттік қызмет жауапкершілік пен кәсібилікті талап етеді

23.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.