Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Бельгия Корольдігіне барды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Президенттің келуіне орай Брюссель әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Қазақстан Президентін Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс және өзге де ресми тұлғалар қарсы алды.
Сапар аясында ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта және Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер өткізеді.
Кездесулер барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ сапар қорытындысы бойынша бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады.





