Талдықорған: +7°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Отбасы өнегесі – бала болашағының темірқазығы

23 маусым 2026
КҮНДЕРЕК
Отбасы өнегесі – бала болашағының темірқазығы

freepik

WhatsAppTelegramFacebook

Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі тек физикалық ортада ғана емес, интернет кеңістігінде де маңызды мәселеге айналды. Әлеуметтік желілердің, түрлі мессенджерлер мен онлайн платформалардың кең таралуы балалардың дамуына жаңа мүмкіндік ашқанымен, олардың кибербуллингке, деструктивті ақпараттарға және радикалды идеологиялардың ықпалына ұшырау қаупін де арттырды. Осыған байланысты балаларды тәрбиелеу ісінде ата-аналардың, педагогтар мен психологтардың өзара ынтымақтастығын күшейту ерекше маңызға ие.

Баланың тұлғалық қалыптасуы ең алдымен отбасында жүзеге асады. Отбасындағы мейірім, қамқорлық, өзара сенім және түсіністік баланың эмоционалдық тұрақтылығы мен психологиялық саулығының негізін қалайды. Алайда ата-аналардың бала тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлмеуі, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың әлсіздігі немесе бақылаудың жеткіліксіз болуы балалардың түрлі қауіп-қатерлерге осал болуына әкелуі мүмкін.

Соңғы жылдары кибербуллинг мәселесі ерекше алаңдаушылық туғызуда. Кибербуллинг – интернет арқылы қорлау, кемсіту, қорқыту немесе психологиялық қысым көрсету әрекеттері. Мұндай жағдайлар баланың өзін-өзі бағалауына теріс әсер етіп, жалғыздық сезімін күшейтеді, оқу үлгерімінің төмендеуіне, психологиялық күйзелістерге, тіпті ауыр салдарға алып келуі мүмкін. Кибербуллингке ұшыраған балалар көбінесе түсіністік пен қолдау іздейді. Егер олар мұны отбасынан немесе мектептен таппаса, түрлі күмәнді интернет қауымдастықтарының ықпалына түсу қаупі артады.

Осы тұрғыдан алғанда, психологтар мен педагогтардың ата-аналармен бірлескен жұмысы ерекше рөл атқарады. Ата-аналарға интернет қауіпсіздігі, цифрлық мәдениет, кибербуллингтің белгілері және оның алдын алу жолдары туралы тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар балаларға әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану, жеке деректерді қорғау және интернеттегі күмәнді ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын үйрету маңызды.

Балаларды деструктивті діни ағымдар мен экстремистік идеологиялардың ықпалынан қорғауда да отбасының орны ерекше. Әлсіз отбасылық тәрбие, эмоционалдық қолдаудың жеткіліксіздігі, әлеуметтік оқшаулану және интернеттегі бақылаудың болмауы кәмелетке толмағандардың радикалды идеяларды насихаттаушылардың ықпалына түсуіне жағдай жасауы мүмкін. Мұндай топтар көбінесе психологиялық тұрғыдан осал балаларды нысанаға алып, оларды жалған уәделер мен манипуляциялық әдістер арқылы өз қатарына тартуға тырысады.

Сондықтан балаларды тәрбиелеуде түсіністік, махаббат, төзімділік, жауапкершілік, құрмет және өзара қолдау сияқты құндылықтарды қалыптастыру аса маңызды. Бұл құндылықтар баланың өзін қауіпсіз сезінуіне, ойын еркін жеткізуіне және түрлі теріс ықпаға қарсы тұруына көмектеседі.

Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету – отбасы, мектеп және қоғамның ортақ міндеті. Ата-аналардың балаларына назар аударуы, қамқорлық көрсетуі, педагогтар мен психологтардың кәсіби қолдауы, сондай-ақ интернет қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру балаларды кибербуллингтен, деструктивті ақпараттардан және радикалды идеологиялардың ықпалынан қорғаудың маңызды шарты. Тек бірлескен және жүйелі жұмыс арқылы ғана біз жас ұрпақтың үйлесімді дамуына және қауіпсіз болашағына жағдай жасай аламыз.

Нұргүл Касенова
облыстық Дін істер басқармасы ақпараттық-түсіндіру жұмысы және БАҚ-пен
байланыс бөлімінің басшысы

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.