Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Астана – Семей – Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды

25 маусым 2026
КҮНДЕРЕК
Астана – Семей – Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды

Көлік министрлігі

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда жолаушылар тасымалы саласын цифрландыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Енді «Арай транс KZ» компаниясына тиесілі Астана – Семей – Достық бағытындағы №121/122 жолаушылар пойызында Starlink технологиясы негізіндегі спутниктік интернет қолжетімді болды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Бұл – Қазақстандағы жеке тасымалдаушы қызмет көрсететін бағыттардың ішінде спутниктік интернетпен жабдықталған алғашқы пойыздардың бірі. Жоба Көлік министрлігінің жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жөніндегі бастамасы аясында жүзеге асырылды.

Спутниктік интернет жүйесін енгізуге теміржол саласындағы цифрлық және телекоммуникациялық шешімдермен айналысатын Kaztechnology инженерлік компаниясы атсалысты. Компания «Арай транс KZ» ЖШС-мен бірлесіп, аталған бағыттағы пойыздарды Starlink технологиясымен қамтамасыз етті.

Жаңа жүйенің басты артықшылығы – бұрын ұялы байланыс пен интернет қолжетімсіз болған теміржолдың шалғай учаскелерінде де тұрақты байланыс орнату мүмкіндігі. Соның арқасында жолаушылар сапар барысында интернет қызметін үздіксіз пайдалана алады.

Пойыздағы интернетке қосылу үшін жолаушылар Wi-Fi желісін таңдап, арнайы авторизациядан өтуі қажет. Қызмет екі түрлі форматта ұсынылады. Біріншісі – WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы мәтіндік хабар алмасуға арналған тегін қолжетімділік. Екіншісі – әлеуметтік желілерді пайдалану, интернет-ресурстарды қарау, бейне сервистерді көру және жұмысқа қажетті қосымшаларды қолдануға мүмкіндік беретін ақылы тариф.

Қызмет ақысын Kaspi.kz, Halyk қосымшалары, сондай-ақ Apple Pay, Google Pay, Visa және MasterCard банк карталары арқылы төлеуге болады.

Көлік министрлігінің мәліметінше, спутниктік интернетті енгізу жолаушылардың жайлылығын арттырып, цифрлық қызметтерге қолжетімділікті кеңейтеді. Сонымен қатар теміржол көлігі қызметтерінің сапасын жақсартуға ықпал етеді. Ведомство алдағы уақытта да жолаушылар тасымалы саласына заманауи технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.