Талдықорған: +37°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ҚОЛ

«Жетісудың» Алтайы

28.06.2026
АЛТЫН ҚОЛ
«Жетісудың» Алтайы
WhatsAppTelegramFacebook

Көңілі де, өмірі де нұрдан қаланғандай сабаз жанды көргенде сабырлық пен салмақтылықтың қадір-қасиетін терең ұғынғандай боласың. Жаңалықтың жаршысы, билік пен бұқара арасындағы алтын көпірлік міндетті адал атқарып жүрген журналистерді таситын «шопыр» жөнінде толғанарда осылай ойға шомдық. Айтары нақты, жүрісі салмақты. Ныспысы – Алтай Жұмабеков. Дегдар жан, ардақты азамат. 

Таңның атысы, күннің батысы ақпарат іздеп, елдің жақсы жаңалығы мен мәселесін қозғау үшін сапарлатып кетер журналистерді жетер жеріне жедел бастайтын Алтай Жұмабеков өз ісінің білгірі. Көлік тізгіндеудің алып кеткен қиыншылығы жоқ дерсіз. Білгір дейтіндей бұл мамандықтың ғылыми күрделілігі неде деп ойланарсыз. Журналистер үйіне бірі келіп, бірі кетіп жататын, ақпарат іздеу жолында «екі аяғым асырайды» деп алашапқын күй кешетін тілшілерді тасудың өзі желдіртіп айтар жеңіл дүние емес. Сабырлық пен шыдамдылық қажет болса, сөз өнерін меңгерген майталмандармен ортақ әңгіме өрбіту, рухани диалог орнату да жүргізушінің білгірлігіне сеп болса керекті.

Жаны жайдарлы Алтай аға 20 жылдан бері ата басылымның жүргізушісі қызметінде. Содан бері ақпарат саласының талай саңлақтарын сапарға бастады. Ел ішін еркін аралады. Бір мәселе үшін жүрек ауыртар тілші қауымының мұңына ортақтасты, қуанышына көзайым болды.

– Алғаш жұмысқа тұрғанда «Жетісу» газетінің сол кездегі бас редакторы Жақыпжан Нұрғожаевтың жеке жүргізушісі болдым. Әкімдіктегі жиынға, басқа да жиналыстарға апаратынмын. Газетке жазу мақсатында аудан-ауданды аралап, аяқ суытпайтын бас редактормен жиі сапарлайтынмын. Үнемі ұшыраспайтындықтан бастапқыда тілшілерді танымадым, – деп күледі Алтай жүргізуші.

Жаны жайсаң журналистер қауымын 2 жыл өткеннен кейін ғана тани бастапты. Әрбірімен ортақ тіл табысып, содан бергі аттай 18 жылда азаматтық тұғырда өз міндетін адал атқарып келеді.

– Әр жұмыстың өз ауыртпалығы бар. Қанша қиын болса да мен өз жұмысымды, жүргізушілікті жаман деп жансақ пікірге бармас едім. Осы еңбек арқасында екі ұлымды өсірдім. Оларға білім алуға, отбасылы болуға жағдай жасадым. Зайыбыммен отбасы жылулығын сақтап, тату тәтті тірлік кешуіме, ұлдарымнан немере сүйген аталық жасқа да жүргізуші болып жүріп-ақ жеттім, – дейді кейіпкеріміз.

Қасиетті Күреңбел жерінде өмірге келіп, әскерге барған Алтай аға жоғары оқу орнын аяқтай алмапты. Ата-ананың алдындағы перзенттік борышты өтеу, оларды асырау міндетімен білім қууға мұрша болмаған. Десе де парасат пен пайымын журналистермен тіршілік кеше жүріп ұштап, құймақұлақтық таныту нәтижесінде бүгін аталы сөзді айтар кен кеуделі жанға айналғанын «Jetіsý» газеті қаламгерлері тегіс мойындайды. Арналы басылымға еңбегі сіңген маманның бірі деу де қате байлам емес-ау?!

Отан алдындағы борышын өтегеннен кейін тірліктің әр саласында жұмыс істеп көрген Алтай Жұмабеков жүргізушілік куәлік қолға тиісімен көлік тізгіндеген. 1984 жылдан бергі 42 жылдық ғұмырында жүргізуші қызметін атқарып келеді. Жалындаған жиырмасынан бастап техника тілін меңгерген «шопыр ағамыз»: «Әрбір жетістік – адал еңбектің арқасында» дейді.

Рас, өнегелі өмірдің кейіпкері деп талантымен тау қопарғандарды ғана айту – біржақты байлам болар еді. Нағыз еңбек адамын, өз кәсібін ұзақ жылдан бері үзбей келе жатқан сырбаз жандарды да сол санатқа қосар едік. Ақ сөйлеп, адал жүріп, азаматтығын талай жерде танытып, тұтас Жетісу журналистеріне есімі белгілі Алтай аға да сол санатта.

– Жүргізуші болу жалықтырған емес. Үйдегі кісі де анау бол, мынау бол, жақсы қызметке ұмтыл деп еш уақытта айтып көрмеген. Іс өлшемі қаржымен емес, берекемен өлшенеді. Медицина саласындағы зайыбым Күлғайша екеуміз Асхат, Абылай атты қос ұл сүйіп, олардан немере көрдік. Өмірімнің барлық белесі, берекесіне көлік тізгіндеп жүріп-ақ жеткеніме ризамын, – дейді ол.

Біз де бұл орайда азаматтың асылы, жастарға аға, көпке үлгі болар ғажайып жанмен аз-кем тілдескенімізге, кейіпкерге айтпай осылай мақала өрнектеп отырғанымызға қуанғанымыз бар. Ендеше, 20 жылдан бері журналистермен етене еңбек етіп келе жатқан Алтай ағаны да Журналистер күнімен құттықтаймыз!

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Баспаханашы

Баспаханашы

28.06.2026
«Жетісудың» Алтайы

«Жетісудың» Алтайы

28.06.2026
Корректор

Корректор

28.06.2026
Бай, қуатты болайық!

Бай, қуатты болайық!

28.06.2026
1 шілдеден бастап заңды күшіне енетін Ата заң өзгерістері

1 шілдеден бастап заңды күшіне енетін Ата заң өзгерістері

27.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.