Талдықорған: +35°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Қадірлей білер қазынамыз

27.06.2026
РУХАНИЯТ
Қадірлей білер қазынамыз

pixabay

WhatsAppTelegramFacebook

Осыдан жарты ғасыр бұрын Талдықорған облысы Бөрлітөбе аудандық газет редакциясының есігін жүрексіне ашып, содан бері баспасөзбен біте қайнасып келе жатқаным айналама аян.

Бөрлітөбе топырағы менің қаламымды ұштаған құтты мекен. Аудандық газетке келуіме 1973-78 жылдары аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған Мұқатай Иманбаев игі ықпалын тигізді. Бұған дейін мен оқыған Ақтоғай стансысында № 250 мектепте директор болған Мұқатай аға ауылға бір келген сапарында оқуға түсе алмай елде жүрген маған редакцияға жұмыс істеуге кеңес берді. Ауданға барған соң сол кезде жазушылығы мойындалып үлгерген Мұқаңмен жиі сұхбаттасып, жазғандарым туралы пікірлерін естуге асығатынмын.

1976 жылы мектеп қабырғасынан бастап тығыз байланыс орнаған аудандық «Балқаш өңірі» газетіне қызметке шақырылдым. Редакторымыз Асхат Ибрагимов сол жылдың күзінде Көксу ауданына қызметке ауысты да жауапты орынға талдықорғандық журналист Есбол Қуанышев отырды.

Ес-ағаң талапшыл, мінезді адам екен. Ол газеттің белсенділігін арттырды, хабар жанрын жүйелі пайдалану арқылы аудан тынысын жан-жақты қамтуға мүмкіндік тапты. Бар-жоғы 4 жыл қызмет атқарғанда газет сапасын жақсартып, редакцияға дербес үй алып берді. Бірақ мінезі өзгеге тұрмақ редакция ұжымына ұнамады, үстінен жоғарғы органдарға арыз жолданып жатты.

Газетте қарапайым тілшіден бастап, жауапты хатшыға дейін көтеріліп, жоғары білім алуды мақсат тұттым. 1977 жылы өндірістен қол үзбей, қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге сырттай оқуға түстім. 1979 жылы осы оқу орнының екінші курсына іштей оқитын болып ауысып, 1983 жылы дипломды журналист болып өзіме жолдама берген аудандық газетке оралдым.

1980 жылы жазғы іс-тәжірибе жолдамасын Бөрлітөбе аудандық газетіне алғаным есімде. Журналистика факультетінің үшінші курсына көшкен кезім, көшелі дүние жазуға дайындығым бар-ау деген мықтымсуда жоқ емес. Әріптестерім құшақ жая қарсы алды. Өзгерістер де бар көрінеді. «Балқаш өңірі» газетінің редакторлығына тағайындалған Болатхан Ахметұлы бұған дейін партия орындарында лауазымды қызмет атқарған тәжірибелі жан еді, ұжымды бірден баурап алыпты. Ол жылдары ҚазҰУ-дың студенті болсам да редактордың ақылымен жазғы үш ай демалысты үйренген газетімде штатта тұрып, өткеріп жүрдім. Сол кезден бастап Болатхан аға ұстазыма айналды, білгенін үйретіп, аудан жылнамасын жазуға құлшындырды. 1985 жылы «Балқаш өңірі» газетінің 50 жылдығын атап өтерде бізді Алматыға архивке іссапарға жіберді, өзі де тынымсыз ізденді, көптеген тұлғалар туралы толымды мағлұмат алдық. Газеттің бұрынғы редакторлары, қызметкерлері туралы мақалалар баспасөзде жүйелі жарияланып жатты. Газет ардагерлері Есет Есболатов, Жұмабек Қалиасқаров, Мұғалімбай Жылқыайдаров, қырқыншы жылдардың соңындағы аудан комсомолының жетекшілерінің бірі Рақымбай Мамырбековтармен дидарласып, сұхбаттастық. Сол жылдары редакцияның материалдық базасы да нығая түсті. Іссапарға бұрынғыдай өзгелерге мінгеспей-ақ өз көлігімізбен шығуға жағдай жасалды. Жазғандарымыздың нәтижесі көрінді. Кемшіліктерді жасырмай айтқан сын мақалаларымызға дер кезінде жауап беріліп, олқылықтардың орнын толтыруға жол ашылды. Тіпті мораль тақырыбына жазған мақаламыздың кейіпкері сот залында отырды, пәтер бөлуді өз қолына алған басшы туралы жазылған сын мақаладан соң билікке құмар бастық лауазымынан айырылды. Бірыңғай сынмен шұғылданбай өміріміздің күнгей тұстарын көбірек жазғанымыз жұртқа аян.

Мамандарымыз да өсіп жатты. Тиянақтылығымен танылып, біліктілігімен бағаланғандар аудандық партия комитетіне қызметке алынды. Облыстық газет аттай қалап алған журналистеріміз де бар. 1987 жылы редактордың орынбасарлығына тағайындалдым. Журналистік еңбегім лайықты бағаланып, өзім мүшесі болып табылған КСРО Журналистер одағының дипломымен, «Коммунистік еңбектің екпіндісі», «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгілерімен марапатталдым.

Қаламымнан журналистік жазбалармен қоса көркем дүниелер де туып, Талдықорған өңіріндегі қаламдастар арасында танымал бола бастадым. 1987 жылы «Жалын» журналында шыққан өлеңдеріме есімі айналасына танымал болып қалған талантты ақын Есенғали Раушанов оң пікір білдірді. Комсомолдың 70 жылдығына арналған мүшәйраға қосқан өлеңім топ жарып, «Лениншіл жас» газетінің дипломын алдым. «Жалын» баспасынан жарық көрген «Жетісу жауқазындары» жыр жинағына өлең топтамаларым енді. 1989 жылы жас ақын-жазушылардың республикалық кеңесіне қатысып, белгілі ақындар Сәкен Иманасов, Исрайыл Сапарбаевтардың секциясында өлеңдерім талқыланды. Сол жылы осы ұстаздарымның сәт-сапарымен шығармаларым «Лениншіл жас», «Алматы ақшамы», «Жас қазақ» газеттерінде жарық көріп жатты. Араға жылдар салып оннан астам жыр жинағым оқырман қолына тиді. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын иелендім. Осының бәрі қасиетті қара өлеңді қадірлей білгендігімнің айғағы.

1991 жылы «Балқаш өңірі» газетінің редакторы болып тағайындалдым. Партияның соңғы тынысын сезіне жүріп, сол жылдың кешеу күзінде тәуелсіздік алған еліміздің бүгіні, болашағы жайында талдау материалдардың бірқатары біздің қаламымыздан туды. Өтпелі кезеңнің қиындығына мойымауды үндеген мақалаларымыз аз болған жоқ. Сол кезеңнің кемшілігін жазғанымызға арқау еттік, кемел келешектен үміт үзген жоқпыз. Дегенмен, 1997 жылғы қысқарту кезінде алдымен ауданымыз, араға айлар салып облысымыз тарады. Соның алдында аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланғандықтан тараған ауданның қам-қаракетінің ішінде жүрдік. Жұмыс таппай сенделген көптің мұң-наласын түсіндік. Бұрынғы аудан аумағы іргелі Сарқан ауданына қосылып, келешек қызметіміз де сол өңірден бұйырды. Біржарым жыл аудандық ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі болып, 1998 жылдың күзінен бастап Сарқан аудандық «Сарқан» газетінің тізгінін ұстап келемін. Аудандық әкімдіктің қолдауымен жарық көрген газет жекешелендіру науқанын бастан кешсе де заман талабына сай оқырман сұранысына жауап беретін ақпараттық-танымдық басылымға айналуды басты мұрат тұтты. Осы мақсат үдесінен табылып, мемлекеттік тұрғыдағы өміршең бастамаларды насихаттап, еңбек адамдарының тұлғасын қалыптастырып, уақыттан қалмауға талпыныс жасаудамыз. Ол үшін өткеннен алар өнеге бар, келешекке кіріспе болар тәуелсіз еліміздің қарышты қадамы бар. Қалам қарымы осы мақсатқа жұмсалады.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, «Қазақстанның Құрметті журналисі» атанып, «Ақпарат саласының үздігі», «Үздік өлкетанушы» төсбелгілерінің өңірімде жарқырағаны елу жыл бойы қаламыма қуат берген қалың оқырманның тілек-батасы деп сезінемін.

Жомарт ИГІМАН
Қазақстанның Құрметті журналисі

Қатысты жаңалықтар

Тәжірибелі таспагер

Тәжірибелі таспагер

28.06.2026
Баспаханашы

Баспаханашы

28.06.2026
«Жетісудың» Алтайы

«Жетісудың» Алтайы

28.06.2026
Корректор

Корректор

28.06.2026
Бай, қуатты болайық!

Бай, қуатты болайық!

28.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.