Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісуда салық бақылауы қалай өзгерді?

26.06.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетісуда салық бақылауы қалай өзгерді?
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен кезекті брифингте Жетісу облысы бойынша салықтық әкімшілендірудің жаңа бағыттары талқыланды. Кездесу барысында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің №2 камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Әсел Шаймерденова мемлекеттік бақылаудың қалайша заманауи сервис форматына ауысып жатқанын және цифрландырудың бизнеске тигізер пайдасын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Бүгінгі таңда салық саласындағы басты жаңалық – камералдық бақылауды толық автоматтандыру. Бұл процесс тек тексеріс емес, керісінше, кәсіпкердің қателігін дер кезінде анықтап, оны айыппұлсыз түзетуге мүмкіндік беретін «цифрлық көмекшіге» айналуда.

Бұрын салық саласындағы тексерістер кәсіпкерлер үшін үрей туғызатын болса, қазіргі жүйе серіктестікке негізделген. Мемлекеттік кірістер органдары қателіктерді қашықтан, яғни онлайн режимде анықтайды. Бұл ретте адам факторы барынша азайтылған.

Әсел Әскерханқызы өз сөзінде бұл бағыттың маңызына тоқталды:

«Камералдық бақылаудың негізгі мақсаты – кәсіпкерге өз бетінше бұзушылықтарды жоюға құқық беру. Бұл жерде біз тексеріс тағайындамаймыз және бірден айыппұл салмаймыз. Салық органдары деректердегі алшақтықтарды хабарлайтын автоматтандырылған көмекші ретінде әрекет етеді. Қазіргі таңда «салық төлеуші кабинетіне» арнайы «Push-хабарламалар» келе бастады. Олар кәсіпкерге табысты төмендету, ҚҚС есептеудегі қателіктер немесе бейрезиденттермен жұмыс істеу кезіндегі олқылықтар туралы алдын ала ескертеді. Осылайша, бизнес иесі ресми хабарлама келгенге дейін деректерін салыстырып, қатесін түзете алады»,  – деді.

Цифрландырудың тиімділігін нақты сандармен де дәлелдеуге болады. Жетісу облысы бойынша камералдық бақылау бағытында айтарлықтай нәтижелер бар. 2026 жылға арналған Республикалық бюджетке қосымша резервтер бойынша жоспар 2 812,0 млн теңгені құраса, оның алғашқы жарты жылдығындағы көрсеткіштері көңіл көншітеді.

«Ағымдағы жылдың 18 маусымындағы жағдай бойынша біз 1 264,3 млн теңге түсімді қамтамасыз еттік. Бұл жоспарланған межеден 128,5%-ға жоғары. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 102,2%-ды құрап отыр. Бұл көрсеткіштер цифрлық бақылаудың салықтан жалтаруды азайтып, бюджет түсімдерін ашық әрі тиімді жинауға көмектесетінін көрсетеді»,  – деді спикер.

Мемлекет басшысы 2026 жылғы 9 маусымда қол қойған «Digital Qazaqstan» стратегиясы салық жүйесін мүлдем жаңа деңгейге шығармақ. 2029 жылға дейінгі жоспар бойынша жасанды интеллект (AI) пен үлкен деректерді (Big Data) қолдану арқылы «платформалық модельге» көшу көзделген.

Бұл модельдің басты ерекшелігі – «Цифрлық егіздер» (Digital Twins) технологиясы. Бұл термин кәсіпкердің бизнес-процестерінің, қаржы ағындарының ақпараттық жүйелердегі дәлме-дәл виртуалды көшірмесін білдіреді.

«Егер бұрын біз бизнесті тек есептілік тапсырылғаннан кейін, яғни өткен кезеңнің цифрлары арқылы көрсек, ендігі шешімдер компанияның қызметін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект кәсіпкердің мінез-құлық моделін талдап, тіпті есептілікті алдын ала толтырып беруге қауқарлы болады», – деді ол.

Цифрландыру тек мемлекетке емес, бірінші кезекте жұмыс берушілер мен бизнес өкілдеріне тиімді. Әкімшілік жүктеме азайып, мемлекеттік қызметтерді алу жылдамдығы артады. Салықтық бақылау біртіндеп бизнеске кедергі келтірмейтін «көрінбейтін цифрлық сервис» түріне айналуы тиіс.

Дегенмен, бұл жаңашылдық компаниялардан да белгілі бір дайындықты талап етеді. Спикердің айтуынша, ендігі жерде кәсіпкерлердің цифрлық сауаттылығы, бухгалтерлік есептің автоматтандырылу деңгейі және жасанды интеллект шешімдерін қабылдауға дайын болуы үлкен рөл атқарады.

Талдықорғанда өткен бұл кездесу салық жүйесінің ашықтыққа және технологиялық дамуға бет алғанын тағы бір мәрте айқындап берді. Цифрландыру – тек мемлекеттік бақылау құралы емес, бұл заманауи бизнестің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының кепілі.

Жетісу облысындағы бұл жұмыстар 2029 жылға дейін жалғасып, еліміздің цифрлық экономикасының іргетасын нығайта түспек.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Ескелді ауданындағы жаңғыртылған мектеп  есігін ашты

Ескелді ауданындағы жаңғыртылған мектеп есігін ашты

01.09.2026
Жарлыөзектегі жаңарған мектеп

Жарлыөзектегі жаңарған мектеп

01.09.2026
Талдықорғанда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Талдықорғанда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

01.09.2026
Елде 30,1 млн тонна мал азығы дайындалды

Елде 30,1 млн тонна мал азығы дайындалды

01.09.2026
Көксуда алимент төлемей жүрген борышкерлерге арналып бос орындар жәрмеңкесі өтті

Көксуда алимент төлемей жүрген борышкерлерге арналып бос орындар жәрмеңкесі өтті

01.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.