Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарлыөзектегі жаңарған мектеп

01.09.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жарлыөзектегі жаңарған мектеп
WhatsAppTelegramFacebook

Көксу ауданының Бозтоған ауылы тұрғындары биылғы 1-қыркүйекті айрықша қуанышпен бастады. Білім күні ауылдағы Мұсабек атындағы орта мектеп күрделі жөндеуден кейін жаңарған кейіпте оқушыларына есік ашты. Заманауи талапқа сай жаңғыртылған білім ордасында жаңа оқу жылын 432 оқушы мен 54 педагог бастады. Ал мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн өміріндегі ұмытылмас сәтке айналды.

Таңертеңнен-ақ мектеп ауласы адамға лық толды. Салтанатты жиынға оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар, ауыл ақсақалдары, ардагер педагогтер мен тұрғындар жиналды. Жаңа оқу жылын қарсы алған жұрттың қуанышына аудан басшылығының өкілдері де ортақтасты.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Жиында Көксу ауданының әкімі Дәулет Халелов құттықтау сөз сөйлеп, жаңарған мектептің елді мекен үшін маңыздылығына тоқталды.

— Бүгінгі қуаныш — Жарлыөзек ауылдық округі тұрғындарының көптен күткен тілегінің орындалғанын көрсететін маңызды оқиға. Білім саласы — мемлекет ерекше көңіл бөліп отырған бағыттардың бірі. Өйткені елдің ертеңі білімді әрі бәсекеге қабілетті жас ұрпақтың қолында, — деді аудан әкімі.

Аудан басшысының айтуынша, қазіргі таңда Көксу ауданындағы 25 мектептің 24-і типтік ғимаратта орналасқан. Білім ошақтарының 88 пайызы заманауи талаптарға сай күрделі жөндеуден өткен. Соңғы бес жылда ауданда төрт жаңа мектеп бой көтерген.

Аталған орта мектепке жүргізілген күрделі жөндеу де осы жұмыстардың заңды жалғасы. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың қолдауымен білім ошағы толық жаңғыртылып, мұнда оқушылар мен мұғалімдер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалды.

Жөндеу жұмыстарын сапалы атқарып, нысанды белгіленген талаптарға сай пайдалануға бергені үшін облыстық құрылыс басқармасына және ТОО СП «NEFT» ұжымына алғыс білдірілді.

Жаңарған мектептің келбеті де, мүмкіндігі де көңіл қуантады. Бүгінде білім ордасы заманауи мектептерден еш кем түспейді. Ендігі міндет — жасалған жағдайды тиімді пайдаланып, білім сапасын арттыру, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамыту.

Салтанатты жиында аудан әкімі мектеп оқушыларына үлкен сенім артатынын айтып, олардың олимпиадалар мен түрлі байқауларда биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді. Аудан әкімдігі атынан білім ордасына теледидар тарту етілді.

Мерекелік шарада сөз алған білім саласының үздігі, Көксу ауданының құрметті азаматы Әлия Садыкова үшін бұл күннің орны бөлек.

Ол жаңарған мектептің ауыл тұрғындары үшін ғана емес, осында талай жыл еңбек еткен ардагер ұстаздар үшін де ерекше екенін атап өтті. Өйткені білім ошағының қабырғасында талай педагог ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан.

Ардагер ұстаз мұғалім мен ата-анаға жүктелген жауапкершіліктің арта түскенін айтып, жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар, экологиялық мәдениет, тәртіп, ұлттық құндылықтар мен қазақы дәстүрді бойына сіңірудің маңыздылығына тоқталды.

— Бүгінгі ұстаздың алдында үлкен міндет тұр. Мемлекет тарапынан беріліп отырған мәртебені абыроймен арқалап, ата-анамен бірлесе отырып, білімді, тәрбиелі, елжанды ұрпақ қалыптастыруымыз керек, — деді ол.

Мерекелік шараның көркін мектеп оқушылары да қыздырды. Бекен Бердібек пен Лаула Есентай «Ұстазым» әнін орындаса, «Наз» вокалдық тобы «Мектебім» әнін шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ал мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер көпшілік алдында өздері дайындаған тақпақтарын айтып, алғашқы қадамдарын жасады.

Жарлыөзек ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аманжол Нұрпейісов ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтап, ақ батасын берді.

Салтанатты жиынның ең әсерлі сәті — алғашқы қоңырау. Жаңа оқу жылына жол ашатын қоңырауды соғу құрметі бірінші сынып оқушылары Арслан Аманжолов пен Жанель Сьездбековаға бұйырды.

Қоңырау үнімен жаңа оқу жылына бастау беріліп, оқушылар алғашқы сынып сағаттарына аттанды. Биылғы алғашқы сабақтың тақырыбы — «Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азамат, зияткер ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі».

Салтанатты жиыннан кейін аудан әкімі бастаған құрметті қонақтар жаңарған мектептің ішін аралап, оның материалдық-техникалық базасымен танысты. Жарық әрі кең кабинеттер, заманауи құрал-жабдықтар, жаңа спорт залы — күрделі жөндеуден өткен білім ошағының мүмкіндігін айқын аңғартады.

Білім ошағын Шолпан Нұрғазинова басқарады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Шолпан Нұрғазинова жоғары білімді, мектеп директоры қызметінде бес жылдық тәжірибесі бар маман.

Білім ордасының жобалық қуаты — 784 орын. Жалпы аумағы 3 886,6 шаршы метрді құрайды. Білім алушылардың барлығы қазақ тілінде оқиды.

Мектепте 54 педагог еңбек етеді. Оның 52-сі жоғары білімді болса, екеуінің арнаулы орта білімі бар. Ұжым құрамында үш педагог-зерттеуші, 20 педагог-сарапшы, 20 педагог-модератор және санаты жоқ 11 мұғалім бар. Олардың қатарында төрт жас маман еңбек етеді.

Оқу үдерісі 26 кабинетте ұйымдастырылған. Мұнда химия, физика, биология пәндеріне арналған жаңа үлгідегі кабинеттер, IT сыныбы мен шеберхана жұмыс істейді. Цифрлық технологияларға да ерекше мән берілген. Мектепте 226 компьютер бар. Яғни әр екі оқушыға бір компьютерден келеді. Сонымен қатар 14 интерактивті тақта орнатылған.

Дене шынықтыру сабақтарына арналған 300 шаршы метрлік спорт залы оқушылардың спортпен жүйелі айналысуына мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, мектепте асхана мен 120 орындық акт залы бар.

Балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне де жағдай жасалған. Білім ордасында 28 үйірме жұмыс істеп, оған 409 оқушы қамтылған.

Жаңарған мектеп — ауылдың ажарын айшықтайтын ғимарат қана емес, ұрпақ болашағына салынған маңызды инвестиция. Ендігі жерде оның кең де жарық сыныптарында білімге құштар жас өрендердің арманы қанаттанып, талай жаңа жетістіктің бастауы қаланары сөзсіз.

Ал Көксу ауданы бойынша биылғы оқу жылында мектептерде 7 653 оқушы білім алады. Олардың 708-і мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршіндер.

Демек, Бозтоғандағы жаңарған мектептің алғашқы қоңырауы — жаңа оқу жылына ғана емес, білім мен ізденіске, үлкен арман мен жарқын болашаққа басталған қадамның қоңырауы.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысты

01.09.2026
Рудничныйда жаңа мектеп ашылды

Рудничныйда жаңа мектеп ашылды

01.09.2026
Ескелді ауданындағы жаңғыртылған мектеп  есігін ашты

Ескелді ауданындағы жаңғыртылған мектеп есігін ашты

01.09.2026
Жарлыөзектегі жаңарған мектеп

Жарлыөзектегі жаңарған мектеп

01.09.2026
Талдықорғанда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Талдықорғанда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

01.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.