Талдықорған: +29°C
$ 480.72
€ 548.07
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Құқықтық мемлекет тірегі

01.07.2026
КҮНДЕРЕК, ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Жаңа Конституция жеке бас бостандығы мен әділ сот төрелігінің кепілдіктерін күшейтті

Ақорда

WhatsAppTelegramFacebook

Бұрынғы Конституцияның 83-бабында прокуратураның негізгі міндеті заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру деп белгіленді. Бұл норма прокуратураның құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі басты рөлін айқындап, мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың заң талаптарын сақтауына бақылау жүргізуді көздеді.

Жаңа қолданысқа енген Конституцияның 84-бабында бұл құзырет нақты әрі жан-жақты айқындалды. Аталған бапқа сәйкес прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында заңдылықтың сақталуына, заңда белгіленген шектерде және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Сонымен қатар сотта мемлекет мүддесін білдіріп, оны қорғау міндеті де конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл прокуратураның құқық қорғау жүйесіндегі орны мен жауапкершілігін одан әрі күшейтті.

Прокуратура қызметі заңдылық, әділдік, объективтілік және құқық үстемдігі қағидаттарына негізделеді. Оның басты мақсаты – адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қамтамасыз ету. Прокурорлар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға, әлеуметтік тұрғыдан осал топтардың мүдделерін қамтамасыз етуге, мемлекеттік мүддеге қатысты маңызды істерге қатысып, заңның талаптарының сақталуын қадағалайды.

Прокуратура құқықбұзушылықтардыңалдын алуға, заңдардың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге және азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеуге ерекше назар аударады. Осы арқылы ол елдегі құқықтық тәртіптің нығаюына және заң үстемдігінің орнығуына ықпал етеді.

ҚР прокуратура жүйесін Бас прокурор басқарады. Бас прокурорды Республика Президенті тағайындайды. Оған Бас прокуратура, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана қаласының прокуратуралары, аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралар бағынады. Мұндай бірыңғай орталықтандырылған жүйе еліміздің барлық өңірінде заңның біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінде Мемлекет басшысы ұсынған «Заңмен Тәртіп» қағидаты мемлекеттік саясаттыңмаңызды бағытына айналды. Оның басты мақсаты – қоғамда заңға құрметті қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық мәдениетті арттыру. Заңның үстемдігі орныққан мемлекетте әділдік салтанат құрып, қоғамның мемлекетке деген сенімі артады.

Конституция – тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негізі, ал прокуратура – сол Конституция талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін негізгі мемлекеттік институттардың бірі. Сондықтан прокуратура қызметінің тиімділігі заң үстемдігін нығайтып қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әділетті қоғам құруға және құқықтық мемлекетті дамытуға тікелей ықпал етеді.

Сонымен бірге әрбір азаматтың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуы да маңызды. Сайлауға қатысу – Конституциямен кепілдік берілген негізгі саяси құқықтардың бірі. Әрбір азамат өз таңдауын жасап, саяси партияға немесе кандидатқа дауыс беру арқылы мемлекеттің болашағын айқындауға үлес қосады. Белсенді азаматтық ұстаным мен заңға құрмет – әділетті әрі құқықтық мемлекетқұрудың басты кепілі.

Жазира Өмірәлі,
заң ғылымдарының докторы, доцент

Қатысты жаңалықтар

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

01.07.2026
Жаңа Конституция жеке бас бостандығы мен әділ сот төрелігінің кепілдіктерін күшейтті

Құқықтық мемлекет тірегі

01.07.2026
Кең ауқымды ізгілік актісі – Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

Кең ауқымды ізгілік актісі – Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

01.07.2026
Конституциялық реформалар және жаңа мүмкіндіктер

Конституциялық реформалар және жаңа мүмкіндіктер

01.07.2026
Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу

01.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.