Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстанда 2030 жылға дейін бірнеше жаңа газ өңдеу зауыты іске қосылады

07.07.2026
КҮНДЕРЕК
Қазақстанда 2030 жылға дейін бірнеше жаңа газ өңдеу зауыты іске қосылады

petroleumjournal.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда 2030 жылға дейін жаңа газ өңдеу зауыттары іске қосылып, ішкі тұтынуға арналған тауарлық газ өндіру көлемі кезең-кезеңімен артады. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы.

Министрдің айтуынша, ішкі тұтынуға арналған тауарлық газ өндірісі 2025 жылғы 27,4 млрд текше метрден 2032 жылға қарай 35,5 млрд текше метрге дейін ұлғаяды. Бұл – 29,6 пайыздық өсім.

«Өсім Қашаған мен Қарашығанақта қайта өңдеу қуаттарын іске қосу есебінен қамтамасыз етілетін болады. Бұл инфрақұрылымды кеңейтуге және өңірлерді газбен тұрақты жабдықтауға кепілдік береді. 2027–2030 жылдар аралығында тауарлық газдың қосымша көлемі 1,6 млрд текше метрге, 2031 жылы – 2,3 млрд текше метрге, ал 2032 жылы 6,6 млрд текше метрге жетеді», – деді Ерлан Ақкенженов.

Министрдің сөзінше, саланың басым міндеттерінің бірі – инфрақұрылымдық нысандарды белгіленген мерзімде іске қосу.

2025 жылдың қазан айында «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры пайдалануға берілді. Сонымен қатар биылғы жылдың соңына дейін «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің желілік бөлігінің бірінші кезеңін аяқтау жоспарланған. Ал жобаның екінші кезеңін 2029 жылы аяқтау көзделіп отыр. Нәтижесінде газ құбырының өткізу қуаты жылына 15 млрд текше метрге дейін ұлғаяды.

Сондай-ақ 2027 жылы Қашаған кен орнында жылына 1 млрд текше метр газ өңдейтін газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) және Жаңаөзен қаласында жылдық қуаты 0,9 млрд текше метр болатын «ҚазГӨЗ» зауытын пайдалануға беру жоспарланған.

Ал 2030 жылға қарай Қашағанда жылына 2,5 млрд текше метр газ өңдейтін тағы бір ГӨЗ бен Қарашығанақта жылдық қуаты 5 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты іске қосылады деп жоспарланып отыр.

«Осы жобаларды жүзеге асыру газды қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға, газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейтуге және өңірлерді тұрақты газбен жабдықтауға мүмкіндік береді», – деді Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

Қатысты жаңалықтар

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Сайлауалды сауалнама: Қоғамдық пікірді зерттеу қалай өтеді?

07.07.2026
Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

07.07.2026
Жетісудың жауһары жарқыраған

Полицейлер Алакөл жағалауында экологиялық рейд жүргізді

07.07.2026
Елге алма әкелуге уақытша шектеу енгізілмек

Елге алма әкелуге уақытша шектеу енгізілмек

07.07.2026
Табысты майлы дақыл

Астық нарығы: Сауда стратегиясы қандай болмақ?

07.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.