Талдықорған: +34°C
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026
ДЕНСАУЛЫҚ, КҮНДЕРЕК
Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»
WhatsAppTelegramFacebook

1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституцияның азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін, соның ішінде денсаулық сақтау саласын одан әрі нығайтуға бағытталған нормалары күшіне енді. Жетісу облысында медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту, кадрлық әлеуетті күшейту және заманауи технологияларды енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Маратұлы Садықовпен сұхбаттастық.

– Асқар Маратұлы, жаңа Конституция аясында денсаулық сақтау саласында қандай өзгерістер көзделген?

– Жаңа Конституция азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі мемлекеттік кепілдіктерді күшейтеді. Бұл – қолжетімді әрі сапалы медицинаны одан әрі дамыту, кадрлық әлеуетті нығайту, инфрақұрылымды жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу деген сөз. Жетісу облысында жүзеге асырылып жатқан барлық жобалар дәл осы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған.

– Өңірде қандай нәтижелерге қол жеткізілді?

– Бүгінде облыста 305 мемлекеттік және 50 жекеменшік медициналық ұйым жұмыс істейді. Медициналық мекемелерде 1 817 дәрігер мен 6,6 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері еңбек етеді. Соңғы екі жылда өңірге 153 дәрігер келіп, оларға мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау көрсетілді. Сонымен қатар жас мамандарды даярлау және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді.

– Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бағытында қандай жұмыстар атқарылды?

– Соңғы жылдары денсаулық сақтау нысандарының бірқатарына күрделі жөндеу жүргізілді, жаңа дәрігерлік амбулаториялар салынды, блокты-модульдік медициналық кешендер орнатылды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 59 жаңа нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар Талдықорған қаласында жаңа емхананың құрылысы, аудандық ауруханалар мен облыстық балалар ауруханасын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

– Материалдық-техникалық база қалай жаңартылып жатыр?

–2025 жылы құны 4 миллиард теңгеден асатын 165 бірлік заманауи медициналық жабдық сатып алынды. Оның ішінде магниттік-резонанстық томографтар (МРТ) мен компьютерлік томографтар бар. Медициналық ұйымдардың медициналық техникамен жарақтандырылу деңгейі 93 пайызға жетті. Бұдан бөлек, медициналық мекемелерге 29 жаңа санитарлық автокөлік берілді.

–Қандай заманауи технологиялар енгізілуде?

– Біз цифрлық денсаулық сақтауды белсенді түрде дамытып келеміз. Бірқатар ауруханаларда инсультті ерте анықтау үшін жасанды интеллект технологиялары қолданылып жатыр. Сонымен қатар электрондық сервистерді, Face ID жүйесін және электрондық рецепттерді пайдалану аясы кеңейіп келеді. Алдағы уақытта телемедицина қызметін дамыту және шалғай ауыл тұрғындары үшін жаңа цифрлық шешімдерді енгізу жоспарланып отыр.

– Ана мен баланы қорғау бағытында қандай жұмыстар жүргізілуде?

– Облыстық перинаталдық орталықта «Бір күндік клиника» жобасы жүзеге асырылды. Сондай-ақ шалғай елді мекендерден келетін жүкті әйелдерге арналған «Салауатты Ана» пансионаты ашылды. Балаларды оңалту орталықтары өз жұмысын жалғастыруда. Мемлекет аналар мен балаларға сапалы медициналық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

– Облыс тұрғындарына айтар негізгі үндеуіңіз қандай?

– Мемлекет денсаулық сақтау жүйесін кезең-кезеңімен нығайтуды жалғастыра береді. Біздің басты мақсатымыз – Жетісу облысының әрбір тұрғынына, тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи, сапалы әрі уақытылы медициналық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Бұл – жүргізіліп жатқан реформалардың және азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы конституциялық кепілдіктерді іске асырудың басты мақсаты.

Қатысты жаңалықтар

Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

08.07.2026
Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026
Баға бақылауда: Нарықта не төмендеді?

Баға бақылауда: Нарықта не төмендеді?

08.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

08.07.2026
«Respublica» партиясы сайлауға құжат тапсырды

«Respublica» партиясы сайлауға құжат тапсырды

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.