Талдықорған: +6°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Адвокатура институты күшейеді

9 шілде 2026
КҮНДЕРЕК
Адвокатура институты  күшейеді

Ашық дереккөзден

WhatsAppTelegramFacebook

Жаңа Конституция уақыт талабына сай қабылданды. Оның мақсаты – заң мен тәртіп қағидаты негізінде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту. 

Оның негізін адвокатура институты туралы үдерістен аңғару қиын емес. Жаңа Конституцияда адвокаттардың қызметі негізгі 86-бапта нақты жазылған. Ал 1995 жылғы Конституцияда бұл мәселе 16-баптың 3-бөлігінде ғана көрініс тауып, онда адвокаттың тек қорғануға құқығы бар екені көрсетілген. Ал жаңа құжатта қорғаушы институтының мәртебесі едәуір күшейтілді. Бұған Конституцияның 18-бабы, сондай-ақ, 20-21-баптарында бекітілген негізгі қағидаттар негіз болды. Осы қағидаттарды басшылыққа алсақ, әрбір азамат заң үстемдігін құрметтеуге міндетті. Мемлекеттік қызметкер болсын, қарапайым азамат болсын, барлығы заң қағидатын ұстануы қажет.
Сонымен қатар Конституцияда кінәсіздік презумпциясы қағидаты ерекше мәнге ие. Яғни ешкім соттың заңды шешімі немесе үкімі шыққанға дейін кінәлі деп танылмайды. Бұл қағидат мемлекеттік қызметкерге де, жәбірленушіге де, айыпталушыға да, сотталушыға да бірдей қолданылады. Сондықтан бұл қағидалар әрбір азамат үшін заң ретінде қызмет етуі тиіс.

Жаңа Конституцияда бірқатар маңызды құқықтық кепілдік те көрініс тапты. Мәселен, адамның өзіне қарсы айғақ беруге мәжбүрленбеуі, сондай-ақ, діни қызметкерге айтылған сырдың жария етілмеуі сияқты қағидаттар жаңа құжат деңгейінде бекітілді. Бұл қағидалар бұрын қылмыстық және азаматтық процестерде қолданылып келгенімен енді олар конституциялық деңгейде қорғалып отыр. Бұл – адам құқықтарын қорғау бағытындағы маңызды қадам. Осы қағидаларды негізге ала отырып, адвокаттар өз қызметін жүзеге асыруы тиіс.

Адвокатурадағы тағы бір маңызды жаңалық – сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тергеуші жасайтын айыптау актісімен қатар қорғаушы адвокаттың да қорғану актісін жасау құқығының берілуі. Яғни, қазіргі таңда қорғану актісі мен айыптау актісінің құқықтық дәрежесі бірдей. Бұл – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы адвокаттық қызметтің үлкен жетістігі. Өйткені сотқа екі құжат та қатар ұсынылады. Судья айыптау және қорғану актілеріндегі дәлелдемелерді жан-жақты зерделеп, олардың жеткіліктілігін бағалай отырып шешім қабылдайды. Бұл сот төрелігінің әділ әрі бәсекелі болуына ықпал етеді.

Тағы бір маңызды жаңалық – Қылмыстық процестік кодекстің 210-бабының 1-бөлігінде көзделген адвокаттық сұрау салу. Бұрын мұндай мүмкіндік болған жоқ. Қазіргі таңда адвокат күдіктінің немесе мүдделі тұлғаның мүддесін қорғау мақсатында сұрау салу жасап, қажетті мәліметтерді алуға құқылы. Бұл адвокаттың іс жүргізудегі мүмкіндігін едәуір кеңейтеді.

Жалпы, жаңа заңнамалық нормалар адвокаттардың кәсіби деңгейін көтеруге, олардың қызметін жетілдіруге және сот үдерісіндегі тараптардың бәсекелестігін қамтамасыз етуге бағытталған. Болашақта сот процестері бұрынғыдан да ашық әрі бәсекелі өтеді. Өйткені адвокаттық сұрау салу институты, қорғану актісі және Конституцияда адвокатураға арналған жеке баптың енгізілуі осының барлығына құқықтық негіз қалыптастырып отыр. Мұның бәрі адвокаттардың кәсіби қызметін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді және олардың құқық қорғау жүйесіндегі рөлін күшейтеді. Сондықтан жаңа Конституцияны қабылдау арқылы біз саяси-құқықтық жүйені жетілдіру және құқықтық мемлекет құру жолындағы басты мақсаттарды жүзеге асырып келеміз.

Талғат Дүйсебаев
философия докторы, доцент

Қатысты жаңалықтар

NVIDIA жетекшісі Президенттің стратегиялық мақсатын жоғары бағалады

NVIDIA жетекшісі Президенттің стратегиялық мақсатын жоғары бағалады

24 қазан 2026
Президент:   «Республика күні –  жалпыұлттық сипаты бар мереке»

Президент:   «Республика күні – жалпыұлттық сипаты бар мереке»

23 қазан 2026
Қазақстанда бөлшек және көтерме сауда көлемі өсті

Қазақстанда бөлшек және көтерме сауда көлемі өсті

23 қазан 2026
NVIDIA негізін қалаушы Қазақстанның жасанды интеллект экосистемасымен танысты

NVIDIA негізін қалаушы Қазақстанның жасанды интеллект экосистемасымен танысты

23 қазан 2026
Мемлекеттік қызметтегі шектеу

Мемлекеттік қызметтегі шектеу

23 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.