Талдықорған: +22°C
$ 479.26
€ 546.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділетті Қазақстанның басты құжаты

01.07.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК
Әділетті Қазақстанның басты құжаты
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміз тарихи қадам жасады. Әлемнің тоғызыншы территориясында Жаңа Конституция күшіне енді. Жаңа Ата Заң – мемлекеттің басты құжаты. Онда азаматтың құқығы мен бостандығы, билік тармақтарының қызметі, елдің тәуелсіздігі мен тұтастығының негіздері айқындалған. Осыған орай Талдықорған қаласындағы «Салтанат» сарайында «Жаңа Конституция Әділетті Қазақстанның берік негізі» атты конференция өтті. Келелі кездесуде өңірдің белгілі азаматтары жаңа құжаттың қоғам тұрмысына әсері мен жарқын болашақ қалыптастырудағы рөлін, маңызы мен мәнін таразылады.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов алғысөз алып, қатысушыларды тарихи сәтпен құттықтады. Айтуынша, Қазақстан халқының ерік білдіруімен еліміздің конституциялық дамуында жаңа кезеңнің негізі қаланды. Бұл құқықтық жүйені, мемлекеттік басқаруды және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдірудің стратегиялық бағдарларын айқындап берді.

– Жаңа Конституция – мемлекетіміздің тағдырын айқындайтын, ел дамуының негізгі бағытын белгілейтін басты құжат. Онда ғылым мен білімді дамыту, инновацияны қолдау, ұлттық рухты күшейту секілді ел болашағы үшін маңызды құндылықтар көрініс тапқан. Ата заңымыз биліктің ашықтығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын барынша қорғауға және халықтың ел тағдырын шешуге қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталды. Бұл құжаттың басым міндеті – мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың жаңа қағидаттарын қалыптастыру, – деді Диас Рахметұлы

Бұдан соң тарихи һәм тұғырлы құжат төңірегінде пікір білдіру үшін дөңгелек үстелге жиылғандарға кезекпен сөз берді. Мінберден облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева жаңа құжат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік институттардың жауапкершілігі мен тиімділігін арттыруға жол ашатынын жеткізді. Ең бастысы – әрбір азаматтың үні естілетін, халық мүддесі бірінші орынға қойылатын, әділ әрі ашық мемлекет қалыптастыруға негіз қалайды.

– Жаңа Конституциялық өзгерістердің басты мақсаты – Әділетті Қазақстанды құруға берік құқықтық негіз қалыптастыру. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін заман талабына сай жаңғыртып, билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған. Жаңа Конституцияның Преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең басты құндылығы және негізгі басым бағыты ретінде айқын көрсетілген. Бұл мемлекеттің барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік шешімдері ең алдымен адам мүддесіне қызмет етуі тиіс екенін айқындайды, – деді Гүлнар Қожағұлқызы.

Шынында, Жаңартылған Конституция – тек құқықтық құжат қана емес, ол қоғамның даму бағытын айқындап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтетін, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтатын басты құндылық. Дәл осындай ойды облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Әсет Қыдырманов ортаға салды. Оның сөзінше, Конституциялық реформалар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты мазмұнмен толықтырды. Азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктері кеңейіп, қоғамдық бақылау тетіктері жетілдірілді, жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі артты. Бұл өзгерістердің түпкі мақсаты – әділетті, ашық және жауапты мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру.

– Қазіргі әлемде кез келген мемлекеттің басты байлығы – табиғи ресурстар емес, ең алдымен адам капиталы. Білімді, дені сау, жауапкершілігі жоғары, отаншыл азаматтар ғана елдің тұрақты дамуының негізгі қозғаушы күші бола алады. Адами капиталды дамыту – бұл сапалы білім беру, қолжетімді денсаулық сақтау, еңбекке лайықты жағдай жасау, жастардың әлеуетін ашу, ғылым мен инновацияны қолдау және азаматтық қоғам институттарын нығайту деген сөз. Конституцияда адамның өмірі, құқықтары мен қадір-қасиеті ең жоғары құндылық ретінде белгіленуі – осы ұстанымның айқын көрінісі, – деді Әсет Қыдырманов.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Жетісу облыстық филиалының директоры Жайық Тазабекұлының пайымынша, қазақ қоғамында ежелден басты құндылыққа айналған әділдік пен заң үстемдігі жаңа құжатта жалғасын тапқан. Бірақ қандай заң болмасын оны халық жете түсінбесе һәм құрметтемесе, сол заңды жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан қоғамда құқықтық мәдениет қалыптастыру қажет.

– Құқықтық мемлекет заңдардың көптігімен емес, заңның үстемдігімен ерекшеленеді. Ал заңның үстемдігі азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетіне тікелей байланысты. Абай Құнанбайұлы: «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» деген. Заң үстемдігін орнықтыру да дәл осындай жүйелі, үздіксіз әрі ортақ жауапкершілікті талап етеді. Ендеше, құқықтық ақпараттың қолжетімділігін арттыру, құқықтық мәдениетті нығайту және Конституция құндылықтарын қоғам өміріне кеңінен енгізу – бәріміздің ортақ міндетіміз. Әділдік бар жерде – бірлік бар, заң үстем болған жерде тұрақтылық бар, – деді Жайық Тазабекұлы.

Жиын барысында Италия төрінен Марке политехникалық университетінің ректоры, профессор Энрико Куальярини бейнеқұттықтау жасап, тарихи сәтпен құттықтады. Сонымен қатар облыс прокурорының орынбасары Бірлік Ізбасаров, адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Жетісу облысындағы өкілі Қанат Қарымсақов, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры Шыңғыс Нұрғожаев жаңа құжаттың ел дамуындағы негізгі құзыреті жайында пікір білдірді.

Келелі кездесуді таразылаған облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов Мемлекет басшысы атынан облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева мен облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Әсет Қыдырмановқа алғыс білдіріп, жаңа Конституцияны тарту етті.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Әділетті Қазақстанның басты құжаты

Әділетті Қазақстанның басты құжаты

01.07.2026
«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды

«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды

01.07.2026
Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

01.07.2026
Жаңа Конституция жеке бас бостандығы мен әділ сот төрелігінің кепілдіктерін күшейтті

Құқықтық мемлекет тірегі

01.07.2026
Кең ауқымды ізгілік актісі – Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

Кең ауқымды ізгілік актісі – Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

01.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.