Талдықорған: +12°C
$ 474.08
€ 558.28
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

42 МЫҢ 496 ТЕҢГЕ: БҰЛ ЖӘРДЕМАҚЫ ТАБЫСҚА ҚАРАМАСТАН ТӨЛЕНЕДІ

28.01.2020
ӘЛЕУМЕТ
42 МЫҢ 496 ТЕҢГЕ: БҰЛ ЖӘРДЕМАҚЫ ТАБЫСҚА ҚАРАМАСТАН ТӨЛЕНЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу енгізілді.

2018 жылдың 1 қаңтарына дейін көпбалалы отбасыларға (4 баладан жоғары балалары бар) тағайындалған арнайы мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетілген Заңға сәйкес ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға ауыстырылып, төленуде.

Қазақстан Республика­сы­ның «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, жәрдемақы мөлшері бала санына байланысты белгіленді.

4 балаға – 42 496 теңге (16,03 АЕК).
5 балаға – 53 127 теңге (20,04 АЕК).
6 балаға – 63 757 теңге (24,05 АЕК).
7 және одан жоғары балаға – 74 388 теңге (28,06 АЕК).

Көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен аталған мемлекеттік жәрдемақы енгізу арқылы қамтамасыз етіледі. Ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар) табысына қарамастан төленеді.

Аталған жәрдемақыны алу үшін құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қалалық, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша ауылдық округ әкімдігіне тапсыру қажет.

Арнаулы әлеуметтік көмек табысы аз отбасыларға, соның ішінде, көпбалалы (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар) отбасыларына да төленеді. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы аз отбасылардың  (арнаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға) балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізілді. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мектепте ыстық тамақпен, оқу құралдарымен, мектеп киімімен, мектепке дейінгі жол жүру шығындарымен қамтамасыз етіледі.

Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетіледі.

Ж. МАХМЕТОВА,

ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Бибісара Асаубаева 29 млн теңге ұтып алды

Бибісара Асаубаева 29 млн теңге ұтып алды

16.04.2026
2026-2030 жылдарға арналған серіктестік: Қазақстан мен Дүниежүзілік банк ынтымақтастығы

2026-2030 жылдарға арналған серіктестік: Қазақстан мен Дүниежүзілік банк ынтымақтастығы

16.04.2026
Көші-қон: Енді Қазақстанда қалу үшін мемлекеттік тілді білу міндеттелмек

Көші-қон: Енді Қазақстанда қалу үшін мемлекеттік тілді білу міндеттелмек

16.04.2026
Араға 20 жыл салып келген алтын: Айым Серікбаева әлем чемпионы атанды

Араға 20 жыл салып келген алтын: Айым Серікбаева әлем чемпионы атанды

16.04.2026
Несие мен бөліп төлеуге лимит енгізіледі

Несие мен бөліп төлеуге лимит енгізіледі

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.