Талдықорған: +5°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

500 МЫҢ ТЕҢГЕ: КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

1 қараша 2019
ӘЛЕУМЕТ
500 МЫҢ ТЕҢГЕ: КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Кәсіподақ қызметкерлері күні «Күшіміз – бірлікте» тақырыбымен аталып өтті. Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында өткен салтанатты жиында әр түрлі сала мамандары басқосты. Олардың ішінде білім, денсаулық, мемлекеттік сала қызметкерлері болса да, барлығын кәсіподақ біріктіреді.

Кәсіби мерекені атап өту қыркүйек айынан бастау алған. Шара аясында түрлі акциялар, еңбек ұжымымен, жастармен кездесу ұйымдастырылып, семинар, Ашық есік күні және спорттық жарыстар өтті. Ал қорытынды ретіндегі салтанатты жиында облысымызда еңбегі сіңген кәсіподақ ұйымының қызметкерлеріне Алғыс хат пен Құрмет грамоталары табысталды. Одан бөлек, ұйымның дамуына өз үлесін қосқан бірнеше жетісулықтар арнайы төсбелгімен марапатталды.

Әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтаған «Алматы облысы» кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әсет Қыдырманов:

– Аймақта 1054 бастауыш ұйымның басын қосқан 12 салалық кәсіподақ бар. Тікелей кәсіподақтың араласуымен 2017 жылдан бастап архив қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің арқасында 25 пайыздық үстемақы төлене бастады. Келесі жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы көбейтілмек. 2018 жылы кәсіподақтардың ұсынысымен және әлеуметтік әріптес — облыстық әкімдіктің қолдауымен мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілеріне, техникалық қызметкерлерге жыл сайын медициналық тексерістен тегін өтуге қол жеткізілді. Бұл мақсатқа бюджеттен арнайы 130 миллион теңге бөлінді. Қаражат көлемі биыл 180 миллион теңгені құрады. Баршаңызды кәсіподақтар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Табысты еңбек пен мықты денсаулық тілеймін, – деді Әсет Серікқалиұлы.

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі кәсіптік одағы облыстық филиалының төрағасы А.Исаев қызметкерлерге тұрғын үй сертификатын және де өзге марапаттарды тапсырды. Одан бөлек, 250 және 500 мыңның сертификаттары табыс етілді. Ал тұрғын-жайын жақсарту мақсатында Талдықорған қалалық аурухананың педиатр-дәрігері Жанар Дарменбекова мен облыстық балалар ауруханасының хирургі Артем Решетов 1,6 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдауға ие болды.

Соңынан Сүйінбай атындағы облыстық филармония өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.

 Еңлік ҚАБДЕШ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Бүгін, 17:12
Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

Бүгін, 15:43
Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Бүгін, 15:24
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бүгін, 15:00
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.