Талдықорған: +19°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АҒЫНДЫ АҚСУДАҒЫ АУҚЫМДЫ ІС

Ақиланған ашумен алтын сабасын ақтарған ағынды Ақсуды жырына қосқан Ілияс Жансүгіровтің туған өңірінің тынысы кең. Бүгінде жұртшылық егін және ауылшаруашылығы саласында қызылша егіп, дәнді дақылдарды Жер-ананың құтты құрсағына сеуіп, қарбалас тірлік қамымен жүр. Бұл ауданда жыл санап ауылдар абаттанып, елді мекендерде жаңадан нысандар салынып жатыр. Руханият, мәдениет, денсаулық сақтау салалары бойынша заманауи нысандардың құрылысы жүргізілсе, білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында да айтарлықтай жұмыс жүзеге асуда. Облыс құрылған 3 жыл көлемінде өзге өңірлердей Ақсу ауданы да ажарланып, халқын толғандырған мәселелер шешімін тауып келеді.

22.05.2025
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
АҒЫНДЫ АҚСУДАҒЫ АУҚЫМДЫ ІС
КӨЗ ТАРТАР КӨШКЕНТАЛ
Облыстағы БАҚ өкілдерінің әдеткі журналистикалық сапарының көш керуені бұл жолы Ақсу ауданына бағыт алды. Әуелі Қапал тауларының қоңыр самалымен тербелген Көшкентал ауылына ат басын бұрған тілшілер былтыр ел игілігіне берілген 180 орынды білім ордасын аралады.
Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, Көшкентал ауылындағы 75 орынды шағын орталығы бар жаңа мектеп өткен жылғы 26 желтоқсанда өз жұмысын бастаған. Содан бері алтын ұя оқушылар мен педагогтар үшін сапалы білім мен тәрбиенің қолайлы ортасына айналған. Барлық қажетті техникалық және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген. Атап айтсақ, мектепте  24 орынды мәжіліс залы, 18 орынды оқу залы бар кітапхана, спорт зал, физика және химия-биология зертханалық кабинеті, шетел тіліне арналған 2 лингафонды-мультимедиялық кабинет, ұлдарға арналған ағаш және темір өңдеу, қыздарға арналған тігін және аспаздық шеберханасы, 40 орынды асхана бар.
– Жарқыраған білім ордасында сабақ оқу әрбір баланың арманы десек, біздің елді мекеннің қуанышы еселенді деп айта аламын. Бүгінгі таңда мектебімізде 181 бала білім алып жатса, шағын орталықта 50 бала тәрбиеленуде. Тоқсаннан астам бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, – дейді мектеп директоры Ержан Әділханов. Айтуынша, биыл мектеп бітіретін 6 оқушының барлығы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Ал келер оқу жылында 8 бала 1-сыныпқа бармақ «Жайлы мектеп – бұл тек білім ордасы ғана емес, сонымен қатар балалардың денсаулығы мен психологиялық жайлылығын қамтамасыз ететін, олардың шығармашылық және әлеуметтік дамуына ықпал ететін қауіпсіз әрі қолайлы орта», – дейді мектеп ұжымы. Бұл орайда алтын ұя мектепте 37 педагог, 25 кіші қызметкер қызмет атқаратынын да айта кеткен жөн.
Оқушылардың сабақтарына қатысып, арнайы кабинеттерді аралап көрген журналистер қауымына 10-сынып оқушысы Нәби Еркежан:
«Мектебіміздің ел игілігіне берілген күні – біз үшін тарихи сәт. Жаңа, жарқыраған білім ордасында оқып жатқаныма қуаныштымын. Биыл жаңа мектептің тұңғыш түлектері қанаттанады. Мен қазақ тілі және әдебиет пәнін таңдап отырмын. Келер жылы журналистика мамандығына барсам деймін», – деп ойымен бөлісті.
Айта кетерлігі, облыс құрылғалы бері Ақсу ауданы бойынша бірқатар мектеп ашылып, тозығы жеткендеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Көшкенталдағы жаңа мектептен бөлек, 3 жыл ішінде Сағакүрес ауылында 120 орынды жаңа мектеп пен 25 орынды шағын орталық пайдалануға берілсе, Сағабүйен ауылындағы Тоқтаров атындағы, Жансүгіров ауылындағы  Ж. Сыдықов атындағы және орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары іске асты. Ал Көлтабан ауылында салынып жатқан 120 орынды мектеп пен 25 орынды шағын орталық жыл соңында қолданысқа беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, Жансүгіров ауылындағы Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-гимназияға 1 млрд. 523 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталмақ.
АУЫЛ – ЕЛДІҢ АЖАРЫ
Көшкентал ауылындағы жаңа мектептен кейін аталмыш елді мекеннің ажарын айшықтап тұрған Мәдениет үйіне табан тіредік. Күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне берілген мәдени ошақ алыстан көз тартады.
Жетісу облысы Ақсу ауданының мәдени инфрақұрылымын жақсарту бағытында атқарылып жатқан іргелі істердің бірі – Көшкентал ауылдық Мәдениет үйінің толық күрделі жөндеуден өтуі.
Халық саны 1040 адамды құрайтын бұл елді мекендегі Мәдениет үйі алғаш 1958 жылы бой көтерген. Екі қабатты, кірпіштен салынған типтік ғимаратқа 2023 жылы 329,1 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен. Былтыр маусым айынан бастап толықтай қолданысқа берілген нысанның жалпы ауданы 741 ш.м., ғимарат ішінде кітапхана орналасқан, оның кітап қоры 16 604 дана, тұрақты оқырман саны 715 адамды құрайды. Мекемеде 9 штат бірлігі бар. Көрермен залы 180 орынға арналған.
– Көшкентал ауылының тұрғыны ретінде елді мекеніміздің заманауи келбетке еніп, өсіп-өркендеп келе жатқанына сүйсінемін. Соның айғағы ретінде былтыр Мәдениет үйі жаңа келбетке енді. Оған қоса, мектебіміз ашылып, орталық саябақ жаңартылып, жаңдан көшеттер отырғызылды. Алдағы уақытта медициналық орталық ашылады деп күтіп отырмыз. Осындай қуаныштарға орай шалғайдағы елдің шырағданын маздатып, қамқорлық көрсеткен Мемлекет басшысы мен облыс әкіміне алғыс айтамыз, – дейді ауыл тұрғыны Сарқытжамал Жәлмендіқызы.
Ағыла тілек айтқан ауыл тұрғыны Мәдениет үйінің қолданысқа берілуі – жас өрендерді өнерге баулуға айтарлықтай ықпал еткенін, бүлдіршіндер мен ауыл азаматтары 1,9 мамыр мерекелерін жоғары деңгейде атап өткенін жеткізді.
Иә, ел руханиятына қолдау білдіріп, өнерін шыңдаймын десек, алдымен мәдени ошақтарға көңіл бөлуіміз керек. Бұл ретте Көшкентал ауылындағы Мәдениет үйінде 5 түрлі үйірме жұмыс істеп тұр. Заман талабына сай бейімделген өнер ошағында дабыл қаққыш құрылғысы (60 дана), 18 бейнебақылау камерасы, LED экран, мүгедектерге арналған пандус пен сары жолақтар орнатылған. Бұл нысанның материалдық-техникалық базасын жақсартуға  20 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, жаңа бөлме жиһаздары, музыкалық аспаптар мен аппаратура, компьютер сатып алынған.
Ал, аудан бойынша мәдениет саласында бірнеше жоба жүзеге асып жатыр. Атап айтсақ, Арасан ауылында былтыр бастау алған  180 орынды Мәдениет үйінің жұмысы қазан айының соңында аяқталмақ.  Есеболатов ауылында дене шынықтыру залымен жапсарлас 180 орынды мәдени ошақ та қазан айында бітеді деп күтілуде.
ҚҰРЫЛЫСЫ  ҚАРҚЫНДЫ
Ақсу ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 24 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға беруге дайын. Мұны сапар барысында Жансүгіров ауылында салынып біткен көпқабатты үйді аралау барысында көріп қайттық.
– Биыл Ақсу ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жалға берілетін 24 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Бұл – Жетісу облысындағы әлеуметтік тұрғын үй саясатын жүзеге асырудағы маңызды қадамдардың бірі, – дейді аудан әкімі баспасөз хатшысы Мағжан Шындәулет.
Айта кетерлігі, облыс бойынша 2025 жылға 1 шаршы метр тұрғын үйдің құны 309 657,1 теңге болып бекітілген. Осыған сәйкес Ақсу ауданы бойынша тұрғын үй құрылысына қажетті қаржы облыстық және республикалық бюджеттер есебінен бөлінген. Аталған қаржы есебінен сатып алынған жаңа баспана тұрғын үй комиссиясының шешімімен әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілмек.
– Өздеріңіз көріп отырған 24 пәтерлік тұрғын үйдің жалпы ауданы 1 546 шаршыметрді құрайды. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, берілуге жақын. Тек комиссия шешімін күтіп отырмыз. Бұл тұрғын үйде 1 бөлмелі 6 пәтер, 2 бөлмелі 6 пәтер, 3 бөлмелі 12 пәтер бар, – дейді Ақсу ауданы құрылыс-сәулет және қала-құрылысы бөлімінің басшысы Дархан Қожабергенов.
Қазіргі таңда Ақсу ауданында тұрғын үй кезегінде 716 адам тіркелген. Оның ішінде апатты үйлерде тұратындардың саны 16 болса, әлеуметтік жағынан осал топтар 303.
Бұдан бөлек, Жансүгіров ауылында 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба бойынша мердігер «Азамат құрылыс» ЖШС, техникалық қадағалау «Ақтау Строй Эксперт» ЖШС, авторлық қадағалау «BS ARCHI GROUP» ЖШС екенін айта кеткен жөн.
ӘР ТАМШЫДАН  –  БІР ӨНІМ 
Өз кезегінде Көкжайдақ ауылындағы «Жаныс-К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқаптарында болып, диқанмен дидарластық.
Ақсу ауылдық округіне қарасты Шолақөзек ауылында орналасқан «Жаныс-К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 300 гектар тәлімі егістік алқапта тамшылатып суару технологиясын енгізді. Бұл – өңірдегі ауылшаруашылығын заманауи бағытта дамытудағы маңызды қадамдардың бірі.
 Серіктестік басшысы Қалбиет Самарқанның айтуынша, биылғы жылы 130 гектар алқапқа тәтті түбір (қант қызылшасы) егіліп, сонымен қатар дәндік асқабақ, күнбағыс және жүгері дақылдары себілді. Заманауи әдіс арқылы суды 60 пайызға дейін үнемдеуге, сондай-ақ, өнім көлемін арттыруға мүмкіндік бар.
– Бұл жобаны жүзеге асыру көптен бері жоспарымызда болған. Былтырдан бері нақты іске кірісіп, тамшылатып суару жүйесін толықтай енгіздік. Әдістің басты артықшылығы – суды дәл әрі қажетті уақытта жеткізу. Ғылым мен техниканы тиімді қолданғанда ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге болады, – дейді шаруашылық жетекшісі Қалбиет Самарқан.
Серіктестік арнайы GPS орнатылған техникалар мен 7 жаңа трактор, сондай-ақ, су ұңғымаларын қазатын техника сатып алған. Шаруашылықта 6 су құдығы қазылып, электр желісі тартылған. Тамшылатып суару жүйесі орнатылған техника тұқым себу, суару желісін төсеу және жерді жабу жұмыстарын қатар атқарады.
Шаруашылықта тұрақты түрде 8 адам еңбек етеді, ал маусымдық жұмыстар кезінде күн сайын 20 адам жұмыспен қамтылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев суды үнемді пайдалану мен оны басқару мәселесіне ерекше мән беріп, су ресурстарын тиімді пайдалану үшін заманауи технологияларды енгізу қажеттігін атап өткен болатын. Бұл ретте «Жаныс-К» ЖШС-нің бастамасы – ауылшаруашылығында тұрақты даму мен инновацияны біріктірген маңызды үлгі деп атап өткіміз келеді.
– Меншігімізде 500 гектар егістік жер болса, оның 300 гектары тамшылатып суару әдісімен. Оның 120 гектарына қант қызылшасы, 90 гектарына асқабақ, қалған жеріне күнбағыс ектік. Біз 10 мың тоннаға дейін қызылша, 200 тонна асқабақ және осыншама күнбағыс жинаймыз деп отырмыз, – деді  серіктестік директоры.
Асыл Сұлтанғазы

Қатысты жаңалықтар

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

20.06.2025
Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

20.06.2025
Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

20.06.2025
Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

20.06.2025
Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

20.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.