Талдықорған: 0°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«ҚАЛДЫРУДЫ СҰРАДЫ»: КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫНА АРАША ТҮСТІ

21 ақпан 2020
ӘЛЕУМЕТ
"ҚАЛДЫРУДЫ СҰРАДЫ": КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫНА АРАША ТҮСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ жұмыстан қуған Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары лауазымды қызметінен кетпейтін болды. Көптің көзінше сынға іліккен Асхат Қалиасқаровқа көпбалалы аналар араша түскен.

«Azattyq Rýhy» тілшісінің хабарлауынша, Талдықорған қаласы әкімі орынбасарының мойнына жүктелген міндет аз емес. Ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушыларды тасымалдау, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, сертификаттау, стандарттау және метеорология, санитарлық тазалық, абаттандыру, су құбыры, энергетика, телекоммуникация, төтенше жағдайлар, аумақтық және азаматтық қорғаныс салаларына жауапты.

Облыс әкімінің халықпен есеп беру жиынында Талдықорған тұрғыны өңір әкіміне шағымданып, Асхат Мейрамғалиұлының өзін сергелдеңге салып қойғанын айтқан болатын. Оның айтуынша, ата-анасынан мұраға қалған пәтерді рәсімдеуге жауаптылар кедергі келтірген. Қоластындағы шенеуніктің жауапсыздығына ашуланған Амандық Баталов: «Маған құрғақ сөз керек емес. Арызыңды жаз да, бар», — деген еді. Алайда лауазымды қызметке өткен жылдың тамыз айында ғана тағайындалған Қалиасқаровқа көпбалалы аналар араша түсті.

— Ол (Асхат Қалиасқаров) арыз жазбады. Есеп беру кездесуінен кейін көпбалалы аналар бізге хабарласып, өтініш айтты, бір тұрғынның арызы бүкіл халықтың пікірі емес деді. Аналар әлеуметтік желілерге және облыс әкіміне жеке-жеке хат жазып, қала орынбасарын орнында қалдыруды сұрады. Тұрғындардың пікірінше, А.Қалиасқаров көпбалалы аналармен жақсы жұмыс істейді. Осыған байланысты оны жұмыс орнында қалдыру туралы шешім қабылданды, бірақ бұдан былай ешкім оның жұмысына шағымданбауы үшін оған ескерту жасалды, — деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жукел.

Әмірболат ҚҰСАЙЫНҰЛЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

Бүгін, 17:30
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

Бүгін, 15:30
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Бүгін, 14:26
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

Бүгін, 13:30
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.