Талдықорған: +13°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ОТЫЗҒА ТАРТА ОТБАСЫ ҚОНЫСТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

05.12.2020
ӘЛЕУМЕТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ОТЫЗҒА ТАРТА ОТБАСЫ ҚОНЫСТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тұңғыш Президент күніне орай «Шаңырақ» және «7-20-25» бағдарламасы аясында қарасайлық 27 отбасы қоныстойларын тойлады. Қаскелең қаласындағы «Қарлығаш» тұрғын үй кешенінде өткен шараға аудан әкімі Жандарбек Далабаев қатысып, қуаныш иелеріне жаңа пәтерлердің кілтін табыстады.

Бұл жерде 25 пәтер – «Шаңырақ», ал екеуі – «7–20–25» бағдарламалары бойынша берілгенін айта кету керек. Баспаналы болғандардың қатарында толық емес отбасы мүшелері, мүмкіндігі шектеулі жандар, ата-анасыз қалған жеткіншектер мен мемлекеттік қызмет керлер бар. Атап айтқанда, аудандық жер қатынастары бөлімінде еңбек ететін Гүлнұр Енбердиева жаңа пәтерді мемлекеттік қызметкер ретінде алған. Бұл қуанышты оның Кәусар және Аяна атты екі бүлдіршіні де бөлісуде.

Оның көршісі Дидар Иманбаев тағдыр тауқыметін тартып, ата-анасыз өскен бала. Алайда қиындықтан жасымаған жігіт мамандық меңгеріп, бүгіндері «RG Brands Kazakhstan» компаниясында шебер болып еңбек етеді. Жары – Ботагөз бала тәрбиесімен шұғылдануда. Нұрислам, Аян және Нұрдәулет атты ұлдарының үлкені беске толса, кішісінің дүниеге келгеніне 11 айдан енді асқан. Ал ортаншысы небәрі үш жаста.

Өз бақыттарын өз қолдарымен қалыптастырып жүрген жас отбасы еліміздің Тәуелсіздігі мен Жаңа жыл мерекелерін жеке пәтерлерінде қарсы алатындарына шексіз қуанышты. Сол сияқты қоныстойын тойлағандардың қатарында мемлекеттік қызметкер Надежда Кравчук, екінші топтағы мүгедек Айнұр Исламова да бар.

Бүгіндері өлкеміздің барлық аймақтарындағыдай Қарасай ауданында да тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Демек, осындай шаңырақ шаттығы алдағы күндері де жалғасатынына күмән жоқ.

***

Жоқ-жітікке қарасып, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу – қазақ халқының қанында бар жақсы қасиет. Қазір өз еріктерімен қаржы жинап, баспанаға мұқтаж жандарға үй сатып алып беру үрдісі кеңінен өрістеп келеді. Мұндай сауапты істерді Үңгіртас ауылдық округінен де кездестіруге болады.

Жуырда қайырымды жандардың қамқорлығының арқасында Жамбыл ауданының Үңгіртас ауылында тұратын Нұрбол Демебаевтың отбасына екі бөлмелі баспананың кілті табыс етілді. Бұл сауапты іс ауылдағы аналар кеңесінің төрайымы Гүлшар Асылбекованың және ауыл әкімі Дәурен Нұрмұханбетұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Жақсы іске мұрындық болған «BI-Group» компаниясы, «PlastInvest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Қайырымды қандастар» қорының басшысы Бахаргүл Табысқызы. Сонымен қатар, көршілес елді мекен – Үлгілі ауылдық округінің әкімі Дархан Шыныбеков, «Майбұлақ» мекемесінің директоры Шаяхмет Білісбеков, ауыл азаматы Ернар Нәметов және аудандық кітапхана ұжымы да белсенділікпен атсалысыпты.

Ауыл тұрғындары тарапынан қолдау тапқан осындай игі істі ұйымдастырған Гүлшар Қасенқызының айтуынша, Нұрбол Демебаев пен зайыбы Гүлзада Қошонова осы күнге дейін балаларымен бірге жалдамалы шағын үйде тұрып келген. Жалғыз ұлының денсаулығы көп күтімді қажет етеді екен. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, тұрмысы төмен отбасыға көмектесу үшін белсенділік танытқандар қажетті қаржыны тез арада жинапты.

Осылайша Нұрболдың отбасы көптен бері арман болған екі бөлмелі пәтерге қол жеткізді. Ауылдағы аналар кеңесінің жетекшісі Гүлшар Қасенқызы әрдайым Үңгіртас ауылы тұрғындарының мұң-мұқтажын тыңдап, сауапты іске ұйытқы болып жүреді.

Тұрмысы төмен отбасылардың басындағы ауыртпалықты жеңілдету үшін қайырымдылық жасап жүрген осындай жомарт жүректі азаматтардың арамыздан көптеп табылатыны қуана құптарлық жайт. Бұл, әсіресе, дәл қазіргі кезде қоғам үшін аса маңызды. Еңсесі түсіп, енді қайттім деп жүрген мұқтаж жанның көз жасы жанашыр ағайынның себімен әп-сәтте құрғап, жүзі жайнап шыға келсе, бұл аз қуаныш емес. Баспанамен қамтамасыз ету әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың алаңсыз еңбек етіп, тұрмысын түзеуге ықпалын тигізері анық.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Достықтың бастауы

Достықтың бастауы

24.04.2026
Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

24.04.2026
Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026
«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

24.04.2026
Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.