Талдықорған: +28°C
$ 461.55
€ 540.38
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

01.11.2022
ӘЛЕУМЕТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев әкімдік ғимаратында азаматтарды қабылдап, жеке мәселелері бойынша сұрақтарына жауап берді.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар негізінен әлеумет, білім, кәсіпкерлік, жол, құрылыс, энергетика, газдандыру, тұрғын үй және жер мәселелерін қамтыды. Сонымен бірге, әкім қабылдауында Талғар, Іле аудандарында қоғамдық көліктердің санын арттырып, жолаушылар тасымалын жандандыру жұмысы өзекті тақырып ретінде көтерілді. Сұрақтардың басым бөлігі Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл және Ұйғыр аудандарындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты болды.

Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданы, Ащысай ауылының тұрғындары Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің әбден тозығы жеткеніне наразы болса, Талғар өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандардың мекемелерге кіріп-шығуы қиындаған. Кейбір ғимараттарда баспалдақ өте биік, мүгедектер арбасымен көтеріліп-түсу мүмкін емес.

Қабылдау шарасында Ащысайдағы білім ордасы келесі жылы күрделі жөндеуден өтетіні, қазіргі таңда сараптама жұмысы жасалып жатқаны айтылды. Ал мүгедектер мәселесіне байланысты дұрыс жасалмаған пандус иелеріне, мекемелерге ескерту берілетіні сөз болды. Сонымен бірге, Ащысай ауылында жаңа спорт кешені 2023-2024 жылдары бой көтеретіні нақтыланды.

Өңір тұрғындарының мұңы мұнымен бітпейді. Қабылдауда мектеп асханаларына тексеріс жүргізу, білім ордаларындағы ас мәзірін қайта қарау, көлік ағыны көп жолдарға бағдаршамдар, бейнекамералар, басқа да арнайы жол белгілерін орнату туралы ұсыныстар түсті.

Мысалы, Талғар ауданы, Жаңалық ауылынан келген белсенді азаматтар балалар автобусын жүргізу, аялдама салу, «Сергек» камерасын іске қосу, цифрландыру жайынан әңгіме қозғаса, жамбылдық көпбалалы ана баспанамен қамту туралы өтінішін айтып, көпшіліктен көмек сұрады. Бұдан бөлек, саяжай статусына қатысты мәселелер, жас отбасыларды қолдау, оңалту орталықтарын құру, оларды қаржыландыру, жаңа әлеуметтік жобалар жайы да назардан тыс қалған жоқ.

– Азаматтардың өтініш-тілектері, ұсыныстары мен талап-арыздары ескерусіз қалмайды. Барлық туындаған мәселелер заң шеңберінде шешімін табады. Облыс әкімдігінің сайтында әрбір аудан, әрбір ауылдық округ, елді мекендер бойынша негізгі проблемалар картасы әзірленген. Онда мәселелер тек көрсетіліп қана қоймайды, сонымен бірге, шешімі, орындалу жолдары да шетінен жазылып, белгіленіп отырады, – деген Марат Елеусізұлы баспана сұраған көпбалалы анаға тұрғын үй кезегінен тыс кәсіпкерлер қоры арқылы бұл мәселені шешуге болатынын жеткізді.

Аудан, ауыл тұрғындарын көгілдір отынмен қамтуға қатысты сұраққа облыс әкімі: «Елді мекендерді газбен қамту жұмысы тек мемлекет тарапынан емес, жеке инвесторлар есебінен де жүзеге асуы тиіс. Газдандыру жұмысын инвесторларды тарта отырып жүргізген әлдеқайда тиімді», – деп жауап берді.

Әкім қабылдауында қоғамдық бірлестік төрағалары, саяжай қоғамының жетекшілері мен белсенді азаматтар тарапынан 30-ға жуық сұрақ қойылып, тың ұсыныстар мен жаңа ой-пікірлерге қолдау білдірілді.

Қуаныш ТҰНҒАТАР

Қонаев қаласы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

30.04.2026
Жетісуда жоғалған 72 жастағы ер адам дрон көмегімен табылды

Жетісуда жоғалған 72 жастағы ер адам дрон көмегімен табылды

30.04.2026
Әке беделі – қоғамның тірегі

Әке беделі – қоғамның тірегі

30.04.2026
Бейбіт Исабаев Ескелді ауданында халықты жеке қабылдайды

Бейбіт Исабаев Ескелді ауданында халықты жеке қабылдайды

30.04.2026
Күмбірді құрметтеген

Күмбірді құрметтеген

30.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.