Талдықорған: -2°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АСҚАР МАМИН: «ҒЫЛЫМҒА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ»

20 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТ
АСҚАР МАМИН: "ҒЫЛЫМҒА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ"
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар МАМИННІҢ төрағалығымен өткен Үкімет отырысында барлық мектептер жаңа модификациядағы пән кабинеттерімен жабдықталатыны және 2025 жылға дейін елімізде 800-ге жуық жаңа мектеп және тірек елді мекендерде  114 интернат салынатыны сөз болды.

Селекторда төрт жыл ішінде педагогтардың жалақысы 2 есеге кезең-кезеңмен арттырылып,  балалар балабақшалармен 100 пайыз қамтамасыз етілетіні, үш ауысымда оқыту және апатты жағдайдағы мектептер толығымен жойылатыны айтылды. Үкімет басшысы 5 жылда салаға 11,5 трлн.теңге бағытталатынын айтты. Жеке инвесторлар есебінен 150 мың орынға қосымша мектептер салуға мүмкіндік берілмекші.

– Ел экономикасы үшін ғылымның нәтижелілігін арттыру үшін ғылыми-зерттеу қызметі жетілдіріліп, ғылымға жұмсалатын қаржы көбейтіледі. Білім беруді қаржыландыру ЖІӨ-нің 7 пайыз деңгейін құрайды, –  деді Үкімет басшысы.

Селекторлық жиындағы екінші мәселе денсаулық сақтау саласындағы  қолға алынған және алдағы уақытта атқарылатын шаруалар жайында өрбіді. Мұнда денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды.

Жиында  ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесі туралы жан-жақты баяндады. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға шамамен 513 млрд.теңге бөлінген. Елімізде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарып, орташа өмір сүру ұзақтығы 73 жасқа жетті. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету,  алғашқы медициналық көмек көрсету,  халықтың өмір сүру жасын ұзарту барысындағы атқарылған шаралар жан-жақты баяндалды. Денсаулық сақтау барысындағы мәселеде Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың басқарма төрағасы Ю.Пя медициналық қауымдастықтың ұстанымы туралы әңгімеледі.

Атқарылған жұмыстар туралы айтқан  Үкімет басшысы Асқар Мамин:

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев медициналық көмектің сапасын жақсарту, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке жұмсалатын шығыстарды 60 пайызға дейін ұлғайту бойынша нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сырқаттанудың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша шаралар қабылдап, медициналық ұйымдардың қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды, – деді.

Медициналық көмек сапасын арттыру, денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық кеңістігін құру жұмыстары аяқталып қалды. Емханалар мен ауруханаларды қаржыландыру жүйесі жетілдіріліп, халықты салауатты өмір салтына бейімдеу, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін жаңғырту шаралары қолға алынды. Дәрігерлердің дәрежесін арттыру мақсатында медициналық кадрлық ресурстардың  ұлттық жүйесі құрылып, дәрігерлер мен мейірбикелердің жалақысы орта есеппен 2 есе артып, оларды әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілмек.

Премьер-Министр Асқар Мамин осы шаралардың барлығы медициналық инфрақұрылымды жақсартып, ауру-сырқаудың деңгейін азайтып, қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 2025 жылға қарай 75 жасқа дейін жеткізуге ықпал ететінін атап өтті.

Жиын соңында облыс әкімі Амандық Баталов айтылған мәселелер бойынша  салаға жауапты басқарма басшыларына тапсырмалар беріп, білім, медицина бойынша атқарылатын шараларды  пысықтады.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

25 қазан 2026
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

25 қазан 2026
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

25 қазан 2026
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

25 қазан 2026
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

25 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.