Талдықорған: +17°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АУЫР ЖҮК АРҚАЛАҒАН АНА

30.09.2020
ӘЛЕУМЕТ
АУЫР ЖҮК АРҚАЛАҒАН АНА
WhatsAppTelegramFacebook

Майдан даласында жауға қарсы шапқан кешегі ержүрек жауынгер, бүгінгі соғыс ардагерлерінің саусақпен санарлық қана сарқыншақтары қалды. Сұрапыл соғыс жылдарында майдангерлер мен халықты азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етудегі тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі өлшеусіз еді. Әсіресе, әйелдер мен буыны қатпаған балалардың қайсарлыққа толы еңбектері ел есінде, ұрпақ жадында жаттаулы.

Бұл күнде тыл ардагерлерінің де қатары кеміп барады. Ұлы Жеңісті жақындатуда бел жазбай еңбек етіп, балалықтың бал дәмін татып көрмеген ұл мен қыздың қиындыққа толы өткен өмірлерінен бауырмашылдықтың, достықтың, отаншылдықтың ыстық табы білінеді. Олар нағыз патриоттар болды. 
Солардың бірі, Кеңдала ауылының тұр-ғыны Күмісбала Мұрынова анамыз дер едік. 1935 жылы Талғардағы орта шаруа отбасында дүниеге келген. Соғыс жылдарында екі ағасы Жұмабек пен Жұмәділ майданға аттанып, жеңіс туы желбіреген 1945 жылы елге аман-есен оралады. Бауырлары соғысқа аттанып, анасымен қалған 7 жасар қыз жұмысқа бала жастан араласқан. Аңыздан масақ теріп, орақпен шөп орып, қырманда астық сыпырып, ауыл адамдарымен ілесіп жүріп, ертелі-кеш ауыр жұмыстар атқарғанын, балалық шақтың аса қиындықпен өткенін күрсіне еске алады. 
– Ата-бабамыз аз азап көрген бе? Біздің де ата-аналарымыздың басынан өткерген қиындықтары қатпар-қатпар. Оның ащы дәмін бала жастан біз де таттық. Ойын ойнамадық, жылтырап киім кимедік. Қара су мен бір үзім нанға қозы қарнымыз тойса мәз болатынбыз. Сөйтіп жүріп, шөп орып, масақ теріп, еңбекпен есейдік, – деген Күмісбала апа 50-ші жылдардың ортасында өмірлік қосағы, Жүнісбек есімді ауыл азаматымен бас қосып, үйлі-жайлы болады. Шаңырағын шуақтандырған 4 ұл, 4 қызды өмірге әкеп, тәрбиелеп, қатарға қосқан еңбегі де ерлікке пара-пар. Ері дүниеден өткеннен кейін де қиындыққа мойымай, еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелеу ісіне бар қажыр-қайратын жұмылдырады. 
Қара нардай адал еңбегі, өнегелі ісі, мейірім-шапағаты мол ананың есімі ауылдан асып, ауданға танылып, талайларға үлгі-өнеге бола білген. Ауыл шаруашылығына сіңірген еселі еңбегінің арқасында 1980 жылы Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық еңбек ардагерлерінің көрмесіне қатысып қайтуы тарихқа таспен жазылып, ұрпақтарының мақтанышына айналған. Есімін елі ардақтаған аналарын ұл-қыздары құрметтеп, аялы алақандарына салуда. Бұл орайда, сүт кенжесі Жолдас пен келіні Сабираның орны бөлек. Ал әжелерін төңіректейтін немере, шөберелерінің бал тілі мен тәтті қылықтары өткен қиындықтың бәрін ұмыттырып, көңілін марқайтып, өмірін нұрландырып келеді.

Ұлбосын ИСАБЕК

Қатысты жаңалықтар

Достықтың бастауы

Достықтың бастауы

24.04.2026
Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

24.04.2026
Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026
«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

24.04.2026
Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.