Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Қазақстанда екі жылда үш ауысымды мектеп саны 3 есеге азайды

09.04.2025
ӘЛЕУМЕТ
Қазақстанда екі жылда үш ауысымды мектеп саны 3 есеге азайды

Елімізде 2019 жылдан бастап 1 млн-нан астам оқушы орнына арналған 1200 жаңа мектеп қолданысқа берілді. Әсіресе, 2023, 2024 жылдары құрылыс ерекше қарқынды болды. Бұл кезеңде Мемлекет басшысының тапсырмасымен 510 мың орынға арналған 422 мектеп салынды. Бұл құрылыс жұмыстары елімізде 100-ге жуық үшауысымды мектепті ғана емес, 200-ден астам мектепте орын тапшылығын жоюға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа форматтағы мектептер салуға басымдық берілуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 105 жайлы мектеп тапсырылды, 2025 жылдың соңына дейін тағы 112 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы 61 мектептің құрылысы қаржыландырылды, оның аясында тағы 28 білім ордасын салу көзделген.

Білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жақсартудың үшінші бағыты – жыл сайын 1000 ауылдық мектепті жаңғырту, сондай-ақ қолданыстағы мектептерді күрделі жөндеу, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау жүргізіліп жатыр. 

«Мектеп инфрақұрылымын кешенді дамыту білім беру үшін жайлы жағдай жасауға және барлық бала үшін тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Жүйелі шаралардың арқасында екі жыл ішінде үшауысымды мектептердің саны үш есеге қысқарды», – дейді Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева. 

Келесі кезеңде мектептердің инфрақұрылымын бірыңғай заманауи форматқа көшіру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Президенттің тапсырмасына сәйкес, алдағы үш жыл ішінде еліміздің барлық өңірінде 1300-ге жуық мектепті реновациялау жоспарланған.

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.