Талдықорған: +3°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«БАРЛЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МҮШКІЛ МЕ?» ОБЛЫС ӘКІМІ КӨМЕК КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕТІНІН АЙТТЫ

29 тамыз 2019
ӘЛЕУМЕТ
"БАРЛЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МҮШКІЛ МЕ?" ОБЛЫС ӘКІМІ КӨМЕК КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕТІНІН АЙТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық әкімдікте мәслихаттың кезектен тыс LІI сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Баталов, басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері мен депутаттар қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихаттың хатшысы Cұлтан Дүйсембінов жүргізді.

Күн тәртібінде қаралған алғашқы мәселе – облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 13 желтоқсандағы «Алматы облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №38-211 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайы болды. Бұл турасында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов  баяндама жасады. 

– Құрметті депутаттар! Сіздердің алдарыңызға 2019 жылға арналған облыс бюджетін нақтылау жобасын ұсынып отырмыз. Ағымдағы жылдың шілде айында республикалық бюджеттен қосымша 16 млрд. теңге бөлінді. Оның 10,5 млрд. теңгесі ағымдағы нысаналы трансферттер. 8,5 млрд. теңгесі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бөлініп отыр. Сонымен қатар, облысымыздағы игерілмеген қаржыларды қайта бөлу арқылы біз келесі өзгерістерді ұсынып отырмыз. Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайлар салдарын жою үшін 1,4 млрд. теңге бөлініп отыр. Білім саласының ағымдағы шығындары 3,2 млрд. теңгені құрауда. Оның ішінде оқулықтар сатып алуға, 7 білім мекемесін күрделі жөндеуден өткізуге, мектепке дейінгі білім беру мекемелерін ұстауға, 31 білім мекемесін газға қосуға, алдымыздағы жылыту маусымына пеллет және сұйық отынын сатып алуға, автономды жылу пештерін ауыстыру және қосалқы бөлшектер сатып алуға қаржы қарастырылып отыр, – деді ол. Сондай-ақ, әлеуметтік көмек және  әлеуметтік қамсыздандыру  саласына қосымша 2, 5 млрд. теңге бөлу көзделген. Оның ішінде жеке көмекшілердің қызметін арттыруға, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, инватакси қызметін дамытуға баса көңіл бөлінген.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылғы 27 ақпандағы «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІІІ съезінде берген тапсырмасын іске асыру шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек төлеуге жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлу де ұсынылды. Сол сынды тұрғын үй-коммуналдық, орман шаруашылығы, мәдениет, спорт, көлік және коммуникация салалары бойынша да қосымша қаржы қарастырылды.

Сессияда Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау, Қарасай ауданының кейбір елді мекендерін «ауыл» санатына жатқызу және оларды қайта атау, жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы мәселелер қаралды. Бюджетке енгізілетін өзгерістерді депутаттар бірауыздан қолдап, дауыс берді.

Сессия жұмысын қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов атаулы әлеуметтік көмек бойынша жұмыс істейтін комиссияның жұмысын жандандыруды тапсырды.

– Әлеуметтік көмек алатын 40 мыңға жуық отбасы бар. Олардың барлығының жағдайы сондайлық мүшкіл ме? Соны анықтауымыз керек. Атаулы көмек нағыз мұқтаж отбасына берілуі керек, – деді ол. Сондай-ақ, бюджет қаржысының дұрыс игеріліп, қажетті нысандарға жұмсалуын, жоспарланған жұмыстардың уақытылы атқарылып, ел игілігіне ұсынылуын аудан, қала әкімдеріне, оны қадағалауды депутаттарға тапсырды.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

27 қазан 2026
Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

27 қазан 2026
Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

27 қазан 2026
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

27 қазан 2026
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

27 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.