Талдықорған: +21°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

БИЛЕТ ҚҰНЫ — 8 МЫҢ ТЕҢГЕ. АЛАКӨЛДЕ ӘУЕЖАЙ ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

10.08.2022
ӘЛЕУМЕТ
БИЛЕТ ҚҰНЫ - 8 МЫҢ ТЕҢГЕ. АЛАКӨЛДЕ ӘУЕЖАЙ ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Айдынды Алакөл өңірінің туризм саласындағы әлеуеті айтпаса да белгілі. Шипалы көлді жағалай шаңырағын тіктеген ауданның бұл бағыттағы жетістіктері де аз емес. Алайда шекара шебінде орналасқан өңірге жетудің өзі бір бөлек әңгіме. Себебі, жол машақаты көптеген азаматтардың ықыласын қайтарып тастауы ықтимал.

Қазіргі таңда Талдықорғаннан тартылған тас жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мезгілінен кешіккен іске наразылық та мол. Бір қуантарлығы, осыдан біраз жыл бұрын «Үшарал» әуежайы іске қосылып, халық бір жасап қалып еді. Ағымдағы жылы аталған нысанның ұшып-қону жолағына да күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынып, нағыз шомылу маусымының қызған шағында әуежай қызметі тоқтады. Бірақ көптен күткен қуанышты жаңалықты да естідік.

Тамыздың 10-ншы жұлдызында алғашқы әуе көлігі жаңа жолаққа келіп қонды. Ұшақ бортында ҚР Әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Нұрлан Орманбетов, «Жетісу» әуе компаниясының президенті Қалтай Дөңсебаевтан өзге 14 жолаушы болды.

Бұған дейін әуежай ҚР Қарулы күштерінің иелігінде болған. Былтыр азаматтық бағытта қызмет көрсету мақсатында құжаттар қайта рәсімделген. Бұл жайында: «Негізінде «Үшарал» әуежайы қорғаныс күштеріне тиесілі және бүгін менің арнайы ұшып келуім де осыған байланысты болып отыр. Туристер мен аудан тұрғындарын тасымалдау үшін қызмет бағыты өзгертілді. Алайда бұл нысан әлі де қажетті жағдайда қарулы күштердің резервты әуежайы болмақ», — деді Н.Орманбетов.

Ұшып-қону жолағының ұзындығы 2,7 шақырым, ені 49 метрді құрайды. Үш қабатты жабын төселіп, арнайы сертификаттары алынған. Әлі де атқарылар жұмыстар бар. Оның барлығы алдағы уақытта толықтай аяқталмақ.

Шипалы көлге асыққан меймандар жол машақатынан құтылу мақсатында әуе рейістерін пайдалануға құлшынатыны рас. Бұл ретте «Үшарал» әуежайының ұшып-қону жолағын күрделі жөндеу шомылу маусымына күрмеу болмауы маңызды. Себебі, күніге бірнеше рет алып қанатты ұшақтар қатынайтын нысан ауданның кеңінен тыныс алуына да әсер етіп тұр.

«Ұшып-қону жолағының аса үлкен ұшақтарға лайықты болмауынан шағын әуе көліктері ғана адам тасымалдайтын. Бұл мәселені шешудің жалғыз жолы жолақты ауыр ұшақтарға лайықтау еді. Қазіргі таңда ең қажетті деген жұмыстар тәмамдалып, бүгін, міне, алғашқы рейспен өзім де келдім. Бір жағынан әуежай мен жолақтың, қызметкерлердің жағдайын бағамдап қайту да маңызды болып отыр», — дейді «Жетісу» әуе компаниясының президенті Қ.Дөңсебаев.

Бүгіннен бастап «Үшарал-Талдықорған» бағытында күніне 5 мәрте ұшақ қатынайды. Билет құны — 8 мың теңге. Ал «Алматы-Үшарал» бағытына тәулігіне бір рет ұшады. Жолақысы — 15 мың теңге. Елорда бағытында да күніне бір мәрте 16 мың теңгемен қатынай аласыз.

«Алғашқы рейіспен келген меймандардың бірімін. Талдықорғандағы және Үшаралдағы әуежай қызметкерлеріне, ұшақ капитандарына алғысымыз шексіз. Барлығы жайлы, қолайлы. Көлікпен келсең 4-5 сағатқа созылар жолды 45 минутта бағындырдық. Бұдан артық не керек? Билет бағасы да қолжетімді. Көлге келер туристер үшін осындай жағдайлардың жасалуы ауданның да туризм саласын өркендетуге үлкен серпін бермек. Өзім Талдықорғанның тұрғынымын, алайда осында шаруа қожалығым бар. Екі жаққа шапқылап, талай уақытты жоғалтушы едім. Енді міне, әуежай қызметі қайта жанданып, қуанып отырмыз»,- дейді, «Үштөбе» шару қожалығының басшысы, рейс жолаушысы Тұрсынбек Тағаев.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ

Алакөл ауданы,

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Панфилов ауданында ветеринариялық қауіпсіздік жүйелі бақылауда

Панфилов ауданында ветеринариялық қауіпсіздік жүйелі бақылауда

28.04.2026
Сарқандағы серпін: қант қызылшасы алқабы ұлғайып келеді

Сарқандағы серпін: қант қызылшасы алқабы ұлғайып келеді

28.04.2026
Мемлекеттік тіл – бірлік пен дамудың негізі

Мемлекеттік тіл – бірлік пен дамудың негізі

28.04.2026
Текті жырдың тұйғыны

Текті жырдың тұйғыны

28.04.2026
Жас таланттар тоғысқан алаң

Жас таланттар тоғысқан алаң

28.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.