Талдықорған: +37°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ: ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ҚҰНСЫЗДАНБАЙДЫ

18.12.2019
ӘЛЕУМЕТ
БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ: ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ҚҰНСЫЗДАНБАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Салымшылар мен алушылардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары инфляция себебінен ешқашан құнсызданып немесе жойылып кетпейді. Өйткені, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Соған сәйкес болашақ қарияларды зейнетақымен қамту жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және салымшы арасында оңтайлы үйлестірілген.

Қорда зейнетақыға қаражат жинау бірнеше ондаған жылға созылатыны белгілі. Әрине, шоттағы жинақ ақша бекерге жатпайды. Әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланып, одан түскен табыстар салымшылардың шоттарына күн сайын есептеліп отырады. Бұл жерде олардың зейнетақы шоттарына бірдей мөлшерде үлестірілмейтіндігін айта кеткен жөн. Инвестициялық табыстың көлемі шотыңыздағы жинақ ақшаның сомасына, келіп түсіп жатқан жарналардың көлемі мен түсу жиілігіне тікелей байланысты.

Нарық жағдайында инвестициялық табыстар мен инфляция көлемі сан құбылып отырады. Міне, осыған байланысты «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта мемлекет зейнеткердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңінде болған инфляцияны есепке ала отырып, оның атына Қорға аударылған мiндеттi  және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi.

Осылайша Қорда жинақ ақшасы бар адам зейнетақы алу құқығына ие болған кезде оның шотындағы қаражат осы шотқа енгізілген жарналардың сомасымен салыстырылып тексеріледі. Бұл ретте оның зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейі ескеріледі. Егер алушының Қордағы жинақтарының инвестициялық табысты қоса есептегендегі жалпы сомасы инфляцияға тең және одан жоғары болса, мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасы төленбейді. Ал егер инфляциядан төмен болса, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін есептейді. Бұл сома біржолғы төлем ретінде республикалық бюджет есебінен алушының банк шотына 10 жұмыс күні ішінде аударылады.

Бір жолғы өтемақы мөлшері әрбір салымшының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне және шотындағы жинақтарының көлеміне қарай әрқалай болады. Біржолғы айырма төлемін зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар, шетелге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы төлемді алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері алуға құқылы.

Бұл ретте зейнет жасына толған азаматтар 2018 жылдың қазан айында енгізілген Композиттік қызмет аясында мемлекеттік зейнетақылар (ортақ және базалық зейнетақы) мен Қор төлемдерін және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бірыңғай өтінішпен тек «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының жергілікті бөлімшесіне (Халыққа қызмет көрсету орталығына) жүгінеді. Айырма төлемін алу үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ. Айта кетелік, бұған дейін бұл азаматтар Қордағы жинақтарын алу үшін осы Қорға жүгінетін.

Ал Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар мен шетелге қоныс аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін зейнетақы жинақтары есебінен төлем алу тәртібі өзгеріссіз қалды. Яғни, олар бұл үшін бұрынғыдай Қорға жүгінеді. Бірақ мемлекеттік зейнетақылар (ортақ және базалық зейнетақы) мен мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін әрине, Мемлекеттік корпорацияға өтініш береді.

Еске саламыз, зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып табылады және мұраға қалдырылады.

Еңлік ҚАБДЕШ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

 

Қатысты жаңалықтар

Алакөлде әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті

Алакөлде әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті

15.07.2026
Ел экономикасы 9,5 трлн теңгеге жетті

Ел экономикасы 9,5 трлн теңгеге жетті

15.07.2026
Сезімім алдамапты  – Несіп Жүнісбай

Сезімім алдамапты – Несіп Жүнісбай

15.07.2026
«Қауіпсіз жол» акциясы басталды

«Қауіпсіз жол» акциясы басталды

15.07.2026
Өнер мен білім – өрлеу  кепілі

Өнер мен білім – өрлеу кепілі

14.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.