Талдықорған: +14°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Білім сапасы неге төмен?

19.03.2018
ӘЛЕУМЕТ
Білім сапасы неге төмен?
WhatsAppTelegramFacebook

Білім саласы бойынша облысымыздың көші кейіндеп келеді. Кәмілеттік жасқа​ толмаған қыздардың жүктілігі мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейі де алаңдатарлық. Облысымызда жыл сайын ондаған мектеп пайдалануға беріліп, оқушылардың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалса да, өз нәтижесін бермей отыр. Білім саласында бұдан  басқа да қордаланған мәселе көп. Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар кеңейтілген алқа мәжілісінде осы мәселелерді ұстаздар алдына қойды.

Білім, тәрбие жайын талқылаған жиын Талдықорған политехникалық колледжінде өтті. Оған облыстық білім басқармасының қызметкерлері, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімдерінің басшылары мен колледж, мектеп директорлары қатысты. Кеңесте облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов білім сапасын жақсарту, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы бойынша баяндама жасады.

Баяндамадан соң облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар өткен жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша төменгі нәтиже көрсетіп отырған Ұйғыр, Жамбыл аудандары білім бөлімдерінің басшыларын тұрғызып, білім сапасының не себепті құлдырау деңгейінде екендігін сұрады. Сондай-ақ, ең нашар көрсеткіш көрсетіп отырған 5 мектептің директорын тұрғызып, олардан да мәселенің мән-жайын анықтап білуге тырысты. «Жүйелі жұмыс жасап жатырмыз, биыл көрсеткіш жақсы болады», — дегеннен аса алмаған мектеп директорларының жауабына қанағаттанбаған Жақсылық Мұқашұлы олардан орындарын босатуды талап етті.

— Он жылдап бір орында отырасыздар, жайлы орынтақтан айырылып қалмауды ғана ойлайсыздар. Сіздердің арттарыңызда мыңдаған жеткіншек тұр. Олардың  болашағы қандай болады? Ол жағын ойланып жатпайсыздар. Бүгін бала өз дәрежесінде білім ала алмаса, ертең өз-өзін қалай қамтамасыз етпек? Мектеп директоры мен ұстаздар әр баланың тағдырына жауапты. Ал сіздер бұл жауапкершілікті сезіне алмай отырсыздар, – деді ол.

Бұдан соң облыстық білім басқармасы басшысының орынбасарлары Жаңыл Сүлейменова мен Гүлсара Исағұлованың баяндамаларын тыңдаған Жақсылық Мұқашұлы мектеп, колледж қабырғасындағы жасөспірімдердің арасында қылмыстық оқиғалардың да жиілеп кеткендігін сынға алды. Колледж директорларын орнынан тұрғызып, жастардың тәрбиесін жолға қоюды тапсырды.

Ең жанға ауыр тиер жайт – мектеп қабырғасында жүріп-ақ қыздардың жүкті болуы. Осы бойынша да аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен білім бөлімінің басшыларынан сұрау алған облыс әкімінің орынбасары көпшілігінің мұндай дерекпен таныс емес екендігін естіп, тағы бір қынжылды.

– Демек, сіздер қанша оқушы жүктілік бойынша, қанша бала қылмыс бойынша тіркеуде тұр деп сұрау салып, ізденбейсіздер. Бұл да сіздердің жұмыстарыңызға, ұлдардың, қыздардың тағдырына салғырт қарайтындықтарыңыздың дәлелі, – деп білім саласына жауапты мамандарды сынға алды.

Кеңесте облыстық білім сапасын бақылау департаментінің директоры Салтанат Досматова да есеп беріп, мектептерді тексеру кезінде кездескен бірқатар кемшілікті алға тартты. Атап айтар болсақ, бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейі төмен. Тексерілген 26 мектептің 19-ында қорытынды бағалау сәйкессіздігі байқалған. Демек, бағаны көтермелеп қою, «Алтын белгіге» үміткер емес оқушыларды негізсіз жетелеу жайттары орын алған.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар айтылған кемшіліктерді ескеріп, оны түзету бойынша тапсырма берді. Бала – болашағымыз, оның алдағы тағдырына жауапкершілікпен қарау ұстаздарға артылған үлкен міндет, сондықтан білім, тәрбие мәселесіне аса мұқият қарап, ағаттық жібермеу керектігін тағы бір мәрте еске салды.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Қайта тіркелуі тиіс

Қайта тіркелуі тиіс

05.04.2026
Алаяқтарға аяушылық жоқ

Алаяқтарға аяушылық жоқ

05.04.2026
Есірткі сатып есірген

Есірткі сатып есірген

05.04.2026
Ауылдан күш аламын

Ауылдан күш аламын

05.04.2026
Тіл тазалығы – ортақ мәселе

Тіл тазалығы – ортақ мәселе

05.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.