Талдықорған: +12°C
$ 469.52
€ 553.75
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«ИІС ШЫҒАДЫ»: ТҰРҒЫНДАР БАЛЫҚ ЗАУЫТЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕ КӨТЕРДІ

12.02.2020
ӘЛЕУМЕТ
"ИІС ШЫҒАДЫ": ТҰРҒЫНДАР БАЛЫҚ ЗАУЫТЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕ КӨТЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданының әкімі Әлібек ЖАҚАНБАЕВ өңір халқымен есептік кездесуін өткізді. Оған облыс басшысының бірінші орынбасары Лаззат ТҰРЛАШОВ арнайы қатысты.

Алғашқы болып мінберге көтерілген аудан басшысы Әлібек Жақанбаев 2019 жылы атқарылған ілкімді істерге тоқталып, алдағы уақытқа бекітілген жоспарлар легімен таныстырды. 80 мыңға жуық тұрғыны бар тұғырлы ауданның есепті жылдағы табысы мол, жетістігі толайым.

Әкім сөзінен байқағанымыздай, аудан экономикасының қуатты тірегінің бірі – ауылшаруашылығына деген көзқарас ерекше. Алакөлдегі суармалы егістік алқабын ұлғайту мақсатында «Ислам» банкі арқылы су каналдарын жөндеуге екінші мәрте тендер өткізіліп, жұмысы да басталмақ. Нәтижесінде 4,5 мың гектар суармалы егістікті айналымға енгізу жоспарда бар.

2019 жылы жалпы өндірілген ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 45 млрд. 682 млн. теңгені құраған. Есепті мерзімде 18 мың  тонна ет, 414 мың тонна сүт, 1 мың тонна балық, 350 тонна бал өндірілген.Өткен жылы  жалпы жылдық қуаттылығы 4 мың тонна ет өнімдерін өңдеу кәсіпорны, 20 мың басқа арналған жылқы фермасы қолданысқа берілді. Нәтижесінде аудан экономикасына ауылшаруашылығын дамытуға 1,8 млрд. теңге инвестиция тартылып, 108 тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілген.

Аудандағы тауарлы-сүт фермасының да жұмыс қарқыны артып келеді. «Компания Тау Самал ЛТД» серіктестігі тауарлы-сүт фермасын қайта жандандыру мақсатында 2019 жылы АҚШ-тан 204 млн.теңгеге 240 бас «Голштеин» сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малын әкелді.

Егін шаруашылығына шолу жасасақ, өткен жылы 84,6 мың гектар алқап игерілді. Диқандардың даладағы еңбегі өз өтеуін бергенімен, қант қызылшасының жоспары ойдағыдай болмады. Ауа райының қолайсыздығына бай­ланысты 800 гектарға егілген тәтті түбірден 6,5 мың тонна ғана өнім алған.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 10 млрд.248 млн.теңгеге жетті. 2019 жылы Бескөл ауылында 300 млн.теңегеге балық өңдеу зауыты іске қосылып, 30 тұрақты  жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан 4 асфальт-бетон зауыты  қолданысқа беріліп, 3,6 млрд.теңгенің өнімі өндіріліпті.

Алакөлдің атағын асқақтатып отырған бірден-бір сала – туризм. Бұл бағытта да көптеген келелі істерге жан бітті. Бүгінгі күнге Алакөл демалыс аймағында күніне 23714 туриске қызмет көрсететін 244 демалыс орны жұмыс істейді. 

2020 жылы өз қаражаты есебінен 1291 орынды 35 нысан қолданысқа беріліп, аудан экономикасына 2,6 млрд.теңгенің инвестициясы тартылған. Соның арқасында демалушылардың саны  1 млн.  340 мың адамға жетіп, 7 млрд. 951 млн. теңгенің ақылы қызметі көрсетілген.

Туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында өткен жылы Алакөл демалыс аймағында саябақ құрылысы басталып, биыл шомылу маусымына дейін қолданысқа берілмек. Сонымен қатар, көл жағалауының 13,6 шақырымын бекіту, демалыс аймақтарына орталықтандырылған ауызсу және кәріз жүйелерінің құрылысын жүргізу, Ақши ауылының жол жиегін абаттандыру, волейбол, футбол және үлкен теннис алаңын салу жұмыстары да басталмақ.

Рухани тұрғыдан сусындап, Жаратқанға бір қадам жақындауға жол ашатын мешіт болса, өткен жылы Жұмахан Балапанов ауылында сәні мен салтанаты келіскен Алла үйі ашылып, бір қуанған едік. Жақсылықтың ізін суытпай Ақши ауылында да руханият ордасы ашылып, ырғайтылықтардың ырысы артты.

Ауданда жүзеге асқан ең ауқымды іс халықтың пайдалануына компьютерлік томографияның берілуі болды. «Оптоник» ЖШС-нің ұйытқы болуымен 500 млн.теңгеге мелекеттік-жекеменшік серіктестігі арқылы ашылған томограф жұртшылыққа орасан зор пайдасын тигізуде. Мемлекеттің ең басты байлығы адам және оның денсаулығы екенін ескерсек, бұл осы бағыттағы айтулы қадам.

Жыл соңына таман «Бақытты отбасы» бағдарламасы негізінде 13 отбасыға баспана беріліп, «КазТрансОйл» акционерлік қоғамы аудандық әкімдіктің маңайынан «Мұнайшылар» аллеясын ашты.  Бұған дейін аталған бағдарлама негізінде 6 баспана және демеушілер тарапынан 13 үй мұқтаж отбасыларға тарту етілген.

Жиын барысында тұрғындар тарапынан бірнеше сұрақ қойылды. Ең алдымен Үшарал қаласындағы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арналған ескерткішті жөндеу және есімдер тақтасын жаңарту мәселесі таразы басына түсті.

Аудан әкімі осы бағытта 10 млн.теңге қарастырылып, Жеңістің 75 жылдығына орай ескерткіш жөндеуден өтетінін айтты. Шаһар жұртшылығының ортақ сауалы балық зауытынан шығатын жағымсыз иіске қарсы қандай шаралар қолданылып жатқаны болды. Себебі, балық қалдықтарынан шыққан иіс жақын орналасқан тұрғын үйлерге жетіп, халықтың да мазасын кетіреді. Бұл ретте Әлібек Жақанбаев зауыт басшысына тиісті шара қабылдап, жуық арада кемшілікті жоюды тапсырды.

Есепті кездесуде сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов атқарылған ауқымды жұмыстармен бірге алдағы жоспарларға шолу жасады. Әсіресе, Алакөл ауданы бойынша күн тәртібінде тұрған мәселелерді қозғады. Соның ішінде Талдықорғаннан бері тартылған тасжолдың құрылысын аяқтау, ауданға газ жеткізу, туризм саласына қолдау көрсету тақырыптары талқыланды. Артынша Лаззат Тұрлашов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Көтерілген тақырыптарға орай тиісті мамандарға тапсырма беріп, барлық сауалдың шешімі табылатынын жеткізді.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ

Алакөл ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Шаңырақ шаттығы еселенді

Шаңырақ шаттығы еселенді

18.04.2026
Рух пен өнер тоғысқан мекен

Рух пен өнер тоғысқан мекен

18.04.2026
Қаламгердің биік белесі

Қаламгердің биік белесі

18.04.2026
Қатардан қалмаймын деп, қапыда қалма!

Қатардан қалмаймын деп, қапыда қалма!

18.04.2026
Ойды алмастыру емес, толықтыру

Ойды алмастыру емес, толықтыру

18.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.