Талдықорған: +21°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Картоппен «картоп жару» деген осы шығар

17.01.2025
ӘЛЕУМЕТ
Картоппен "картоп жару" деген осы шығар

Жетісу облысы енді азық-түлік қатты қымбаттаған өңірлер тізімінен де көрінді. Бұл кері тартқан нәтижелер «ауылшаруашылығы бойынша локомотив боламыз» деген облыстың арманын әріге жылжытып тастағандай.  

Көп сөз шығындағымыз жоқ. Басқа-басқа құйқалы, құнарлы, суы «сорпадай» өңірде кәдімгі картоптың бағасы аспандап барады дегенді жазған құлақ жазбай естіді. Дәл қазір-ақ жекемізге айғақ суреттер де түсіп жатыр. Облыс орталығындағы дүкендерде килограмы 450  теңгеден асса, аудан-ауылдағы сатушылар 650 теңгеге дейін жеткізген. (Әзірге біз нақты өзіміз көзбен көрген дүкендер мен қосымша пікір білдірген азаматтардың атын атай алмаймыз  – ред.)

  • Тақырыпқа тұздық: Жетісу облысы азық-түлік қатты қымбаттаған өңірлер тізімінде тұр

«Қымбатшылық қысты» дейтін уақыттар болатын әдетте. Кейде нарық заңы, кейде доллардың «әлімжеттігі» деп қана жүре беретін үйренген жұрт. Мезгілдік сұранысқа сай қымбаттайтын тауарларға да өкпені арта-арта «справкалап» қойғанбыз. Қант қымбаттады дегенше жеміс жабатын уақыт жетті деп  – бір, бұрыш бағасы өссе бүрісіп тұрар қыс та қыр астына келіпті ау деп  – екі түйе қоямыз. Өзгесі де осы төңірек. Асса асты, аспаса жұрттың жарты қуанышы ол да.

Ал дәл біздің облыс картоппен мезгілсіз «картоп жарды» деген сөз  – абсурд сияқты өзге өңірлерге де. Өкінішке қарай, солай да болып тұр. Тіпті, тоң астында қалып елге қат болып қалды дейтін қызылша емес қой осы көкөнісіңіз. Алда-жалда өңір өзін картоппен қамти алмай отыр деп ақталса, Қостанайдан алдырып отырмыз деп уәж айтса, онда қызылша деп қырылып-жойылып шабылудың да қажеті шамалы демеске лаж жоқ.

Демек, біз алысы  – Өзбекстанға (қазір облыс орталығындағы көкөніс сататын саудагерлердің дені өзбек ағайын), жақыны  – Қостанайдың маңдай теріне тәуелдіміз десек, онда Жетісудың түнде суынан «күміс ақты», күндіз топырағы «шыбық шаншысаң көктейді» деп күбінген де бос сөз қазір. Дәл қазір рәсуә мақтаныш. Оны игертіп, сау тамтығы жоқ техника «қосынын» тиімді де ұтқыр амалдармен реттеп бермегесін. Уақытында қирағанын бүтіндеп, сүйрегенін субцидиялап алмағасын көшбасшы қылатын «локомотив» деген әлгі сөздің өзі «қиралаңдаған» мақтан ғана бізше.  

Кеңірдек қамы, қарын күйті қашанда құнды қоғамда халықтың аш қалмауы да негізгі дейтін санаулы ас-арқауда. Ал картобыңыз, қазақтың асқазаны үшін қақ төрінде «отыратын» қонақ болмаса да босағада қалмас түрі бар сыйлы азық. Оған инфляция қысқан қыста бұл түйнекті азық түрінен көңілге қонымды, қалтаға сыйымды таңдау жоқ та жоқ. 

  • Ұқсас тақырып: Не себепті Жетісу облысы айлығы шайлығына жетпейтіндердің қатарында?

Түйін орнына: Бұл мәселедегі екінші тарап  – өңір әкімдігі түйіншекті түйінді тез арада реттеп, халыққа жұғымды жауап береді деп сенеміз. Ол ақпаратты біз де сүйіншілеп таратуға дайынбыз әлбетте. Оған дейін біз де бұл тақырыптың циклін шығарамыз. Әзірше тілек біреу.  Аймақта енді «картоп жарған қыс» болмас деп тілейміз.

 

Қозыбай ҚҰРМАН
Фото: 7-su.kz/ Мәулен Әнербай

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақы қалжың

Қазақы қалжың

14.05.2025
2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.